Литература Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал Республиканский педагогико-методический журнал



Pdf көрінісі
бет8/69
Дата30.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#63706
түріЛитература
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69
№5-6/2022
Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
7
Қолданылған әдебиеттер:
1. Күзекова З. ҚАЗАҚ ТІЛІ тестілеу теориясы мен 
практикасы: Көмекші құрал (З.С. Күзекова, Г.С. Пазы-
лова, Е.Қ. Әбдірасылов). – Алматы: «Құс Жолы», 2009,
– 156 б.
2. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы мен 
әдістемесі. – Алматы: РБК, 2000. 
3. Әлметова Ә. Сөйлеу әрекет әрекеттері түрлеріне 
оқыту (әдістемелік құрал). – Алматы: «Арыс» баспасы, 
2007. – 114 бет.
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 
Екінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 
ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 жыл.
меңгертуде тиімділігімен қатар, тіл үйренушілердің 
қызығушылығы мен ынтасын, белсенділіктерін артты-
рады. Олармен жұмысты тек тыңдалымды ғана емес, 
сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін меңгертуде, қазақ 
тілі сабақтарының барлық кезеңдерінде және барлық 
аудиторияларда жүргізуге болады. Әрбір мұғалім оны өз 
тарапынан қажетіне, өз әдістемесіне қарай қолданады.
Тыңдалымды меңгертуге байланысты білім, білік, 
дағдыларын дамыту келесі әрекеттермен байланысты: 
- мәтіннің оқушының тілді білу деңгейіне қарай 
тақырыбын, мазмұнын дұрыс таңдап, тапсырмалардың 
жеңілден қиынға құрастырылуын қадағалау керек
- аудиомәтінді ұсынғанда оларға арналған мақсат 
та бірге ұсынылады: мазмұнды толық түсіну, ең басты 
ойды түсіну, ақпаратты өз қажетіне қарай нақтылап 
түсіну, болжам жасай білу және т.б.; 
- тыңдалатын мәтіндердің тәрбиелік мәні, тіл 
үйренушінің қызығушылығын арттыратындай белгілі бір 
мәселесі және сөйлеудің әр түрінің қамтылуы – мәтін 
мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Тыңдалымды меңгертудегі тиімді әдіс-тәсілдер:
А) «Төрт сөйлем» тәсілі 
1. Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірін бір 
сөйлеммен жазады. 
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал 
келтіреді. 
4. Қорытынды. 
Тақырып бойынша қорытынды шығарады. 
Бұл – тыңдаған материалдан қажетті ақпаратты 
іріктеп алуға дағдыландырады. 
Ә) «Үш қадамды сұхбат» стратегиясы 
Әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне тыңдалған 
мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды. 
Негізгі ақпаратты анықтайды.
Бұл арқылы тыңдай отыра оқушы өз пікірін айтуға, 
ойын дәлелдеп сөйлеуге дағдыланады.
Б) Суреттеу: оқушылар аудиожазбаны (сөздік дик-
тант) тыңдай отырып, мағынасына қарай сөзді суретпен 
бейнелейді. 
Осы арқылы оқушылардың зат пен атауды байла-
ныстыра алу қабілеті қалыптасады. 
В) «Синонимдерді тап»: оқушыларға сөздер 
ұсынылады. Олар тыңдалған мәтіннен осы сөздердің 
синонимдерін тауып, жауап парағына белгілеуі керек. 
Бұл арқылы оқушылардың тыңдау әрекеті мен сөздік 
қоры дамиды. 
Г) «Болжау» кестесі. 
Оқушы мәтіннің бір бөлімін тыңдап, болжау жа-
сайды. Болжау аяқталған соң, сынып қабырғасына 
жазылған мәтін түпқұсқасымен салыстырып, ақпаратты 
анықтайды. Мұғалім негізгі мәселе мен ақпаратты 
түсінуге, болжай білуге бағыттайды.
Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау арқылы та-
уып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, 
оқылым), яғни айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз 
пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас 
жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; 
көтерілген мәселеге өз көзқарасын жазбаша жеткізе 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет