BALA BIR ALEM Айзада Тулегеновна УТЕШОВА Көрмелік-бұқаралық жұмыс (коворкинг)
секторының кітапханашысы
Жүсіпбек Аймауытов «Бала әдетті жасынан тамызықтап
жинайды» демекші, балаларымыздың жақсы әдеті мен білімі,
рухани азығы кітапханадан басталсын деген ниетпен
С. Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
жанынан ашылған Америка бұрышы II кезеңнен құралған «Bala
bir Alem» атты жазғы лагерь ұйымдастырды.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жыл «Бала-
лар жылы» деп бекіткен болатын. Лагеріміздің мақсаты –
балаларымыздың тиімді уақытын кітапханада өткізуі, кітапхана
ресурстарымен таныстыру.
Лагерь жобасы екі кезеңнен құралды: I кезең (қазақ тілінде)
31 мамыр – 4 маусым аралығы сағ. 10.00-13.00; II кезең (орыс
тілінде) 7 маусым – 11 маусым аралығы сағ. 10.00-13.00 өтті.
5 күннен құралған лагерьде мынадай бағдарлама
ұсынылды:
I – Эмоция күні (актерлік шеберлік)
II – Тимбилдинг (командалық ойындар)
III – Art travel (шығармашылық шың)
IV – Индеец күні (кітапханадағы квест ойындар)
V – Business Day (бизнес, адамдармен тіл табысу тренингі)
Василий Александрович Сухомлинский айтқандай «Бала
адаммен араласпайынша өмір сүре алмайды, өзінің бар
жүрек жылуын басқа адамға беруді ұжданы талап етеді» де-
ген. Осы лагеріміз арқылы балалардың барынша ашылып,
бір-бірлерімен араласып, әр күнінде біздің кітапханаға асығып
келуі, өздерінің жүрек жылуын, мейірімін төгуі, жаңа нәрсені
үйренуге құштарлығы өте қатты қуантты. Бала мен ата-ананың
алғысына бөленіп, өз жұмысымыздың, еңбегіміздің нәтижесін
көреміз. Осы жобамызға үлесін қосқан тренер-қонақтарымыз:
Т. Ахтанов атындағы Драма Театр актері Еламан Досжановқа,
М. Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға
арналған мамандандырылған мектеп психологі Музеева
Әсемгул Өмірзаққызына, журналист-тренер Оңғар Салтанат
Қуанышқызына, Декупаж шебері Мария Худшурянға, кәсіпкер,
“TRILLIONER” пәтерлер желісінің негізін қалаушы Бижанов
Ермекке, М. Арынов атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінің
11 «Ә» сынып оқушысы Ерғаниев Ерасыл Ертайұлына
алғысымды білдіремін.
Бала бір өзіндік бір әлем!
Еліміздің болашағы, әр ата-ананың үміті, ертеңгі жемісіміз
осы балаларымыз екенін ұмытпайық.