Литература Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал Республиканский педагогико-методический журнал



Pdf көрінісі
бет13/69
Дата30.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#63706
түріЛитература
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69
Курстың мақсаты: ұлы ақын шығармаларын терең 
де жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың 
әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін 
ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық 
талғамы жоғары, білім, білік дағдылармен қаруланған, 
түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, 
ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда 
өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға 
қалыптастыру
Курстың міндеттері: 
- абайтанушылар туралы мәліметке ие болады;
- Абайдың өмірі мен шығармашылығынан терең 
түсінік қалыптасады;
- ақынның білім нәрін алған әдебиетпен танысады;
- ойшылдың саяси-философиялық көзқарасын 
үйренеді;
- қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтерген шығар-
маларымен танысады;
- Абайдың қазақ мәдениетін дамытудағы ролін 
меңгереді;
- ұлы Абайдың ақындық мектебі мен қазақ әде-
биетінде салған дара жолын үйренеді;
- Абайдың әдеби-рухани ортасы туралы түсінікке ие 
болады;
- ақын өлеңдерінің мазмұны мен идеясы туралы 
түсінік қалыптасады;
- жас ұрпақты оқу-білімге шақыратын, ағартушылық-
педагогикалық бағыттағы өлеңдерін оқып, үйренеді;
- табиғат лирикасын жетік меңгеріп, өлеңнің 
көркемдік тіліне талдай алуға үйренеді;
- махаббат, достық деген ұғымдардың қасиетті екенін 
түсінеді;
- поэмаларының тақырыбын, көркемдік-идеялық 
маңызын, тәлім-тәрбиелік мәнін, көркемдік ерек-
шеліктеріне талдауға қалыптасады;
- ақынның аудармаларын үйренеді;
- Абай және батыс классиктері туралы түсінік қалып-
тасады;
- әлемдік деңгейдегі ақынның сазгерлік өнерімен та-
нысады;
- қарасөздің мән-мағынасын ашуға үйренеді.
Абай тақырыбы – мәңгілік тақырып. Абай тақырыбы 
– таусылмайтың телегей теңіз.
Осы курсты балаға бір сарынды ғана емес, Абай ту-
ралы іс-шара, презентациялар, қызықтыра алатындай 
өткізген тиімді. Өйткені, қызығушылық бала бойында 
үздіксіз жүретін процесс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет