Литература Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал Республиканский педагогико-методический журнал



Pdf көрінісі
бет16/69
Дата30.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#63706
түріЛитература
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69
№5-6/2022
Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
12
ақпараттың басым пайызы ағылшын тілінде тараты-
латынын ескерсек, Қазақстан үшін латынға көшудің 
пайдасы өте көп болары сөзсіз. Сондай-ақ бұл өзгеріс 
тіліміздің лексикологиялық және терминологиялық 
жағынан дамуына бірден-бір кепіл бола алады.
Латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра 
салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің 
ашық әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға 
жылжығымыз келетінін растайды және бұл осыған 
дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру тура-
лы идеялармен байланысты болып тұр. Себебі, дүние 
жүзі халқының 80 пайызы қолданатын латын әрпіне 
көшу озық инновациялар мен жаңа технологияға бір та-
бан жақындаудың белгісі. Балаларымыз да осы арқылы 
электронды ақпарат құралдарын да жылдам игеретін 
болады.
Жер бетінде латын әліпбиі барлық салада 
қолданылатыны байқалады. Барлық математика, 
физика, химия формулалары, көптеген терминдер
мамандықтарға қатысты ғылыми әдебиеттер т.б. латын 
әліпбиімен байланысты екенін байқауға болады.
Латын қарпіне көшу – бұл әлемдік білім саласын иге-
ру үшін жасалып жатқан оқу бағдарламасына сәйкес, 
бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін 
жастарымыздың тезірек игеруіне мүмкіндік жасайды. 
Әлемдік деңгейде қазақ жастарының биік белесте бо-
луы үшін және әлем жастарымен тіл табыса алатын 
деңгейде болуы үшін де латын графикасына ауысы-
мыз өте маңызды болып табылады. Бұл жерде негізгі 
мақсат, кез келген ақпаратты, ғаламдық өзгерісті бала-
лар түпнұсқадан алып, оқи алатын болады.
Тарихқа көз жүгіртсек, латын әліпбиі қазаққа 
жат емес. Бұл халқымыздың ғасырлар қойнауынан 
ұрпақтан ұрпаққа жеткен сөз өнерін, қазақ әдебиетінің 
қайталанбас асыл мұрасын әлемге танытудың үлгісі 
деп санауға болады.
«КӨК» СӨЗІНІҢ МАҚАЛ-
МӘТЕЛДЕР ҚҰРАМЫНДА
ЖҰМСАЛУЫ ЖӘНЕ 
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ
ПСИХОЛОГИЯ МЕН
ПЕДАГОГИКАДАҒЫ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет