№5-6/2022
Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
11
Абайтану
курсында балаларға бақылау, әңгімелеу,
тәжірибе әдістері арқылы сабақ жүргізген ыңғайлы.
Әңгімелесу әдісінде барлық сынып оқушылары
қатысады. Яғни,
балалар Абайдың өмірін, өлеңдерін,
поэмаларын, қара сөздерін,
шығармаларын ортақ
талқыға салып бір-біріне өз білгендері жайында айтып
баяндайды. Бұл әдісті еркін әдіс деп айтсақ та болады.
Себебі, балалар бір-бірінің айтқан сөздерін тез ұғып,
жаттап алады. Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай оты-
рып семантикалық карта, сұрақтың дұрыс, бұрыстығын
анықтай алады. Курс жұмысын тек теория жүзінде ғана
емес, сонымен қатар тәжірибе жүзінде өз шеберлігімізді
арттырамыз. Ал, оқушылар үшін бір жағынан сергіту
сәті болып есептеледі және бір-бірімен мәлімет алма-
сып білімдерін арттырады.
«Бәйге» ойын стратегиясы
Өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтар
қойылады.
- Абай қай облыстың тумасы? (Семей)
- Абайдың әжесі (Зере)
- «Дем алысы – үскірік, аяз бен қар» қай өлеңінен
алынған үзінді? («Қыс»)
- «Дүние қалай етсең табылады» әңгімесінің авторы
кім? (Ы.А.)
Достарыңызбен бөлісу: