Литература Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал Республиканский педагогико-методический журнал



Pdf көрінісі
бет19/69
Дата30.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#63706
түріЛитература
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69
№5-6/2022
Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
14
Көк кептер түріне қарамай, 
әулие ағаштың басына қоныпты.
Мақал-мәтелдер – әр халықтың өз даму тари-
хында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі 
аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің 
өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы 
жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының 
түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық
ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі,
фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, 
әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес 
ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының 
тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.
Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің 
сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауыз-
ша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік 
роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты 
асқақтатып, жамандықты жерлеп, бала тәрбиесінде 
ерекше орын алатын халық даналығы. Мұндағы ақыл-
кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды. 
Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде 
өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, 
медециналық-гигиеналық, 
өнер-сайыскерлік 
ой-
пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік 
тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпелілердің 
сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп, әрі оны 
ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі 
тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей 
саналады. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің 
дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің этало-
ны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль 
атқарып отырады. Мақал-мәтелдер рухани мәдениет 
көрсеткіші. Ал «көк» сөзіне қатысты мақал-мәтелдердің 
жиі қолданылуы, оның мәдени сипатын ашып көрсетіп, 
танымдық аясын кеңейтеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәсе-
лелері және Абай поэзиясының тілі. 
– Алматы, 1960. – 363 б.
2. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы.
– Алматы, 1976. – 116 б.
3. Әбікенов М.Т. Сафуан Шаймерденов прозасы 
тілінің көркемдік ерекшеліктері. 
Филол.ғ.к. диссерт. – Алматы, 2006.
4. Сәрсенбаев Р. Қазақ мақалдары мен мәтелдерінің 
лексикалық стильдері. – Алматы, 1961. – 224 б.
5. Сатенова С. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразео-
логизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты. – Алма-
ты, 1997. – 260 б.
6. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – А., 2003. – 495 б.
7. Абитжанова Ж.А. Орхон-Енисей ескерткіштері 
тіліндегі метафоралардың уәжділігі мен семантикасы. 
Ф.ғ.к. дисс. – Алматы, 2008. – 132 б.
8. Бес жүз бес сөз. – Алматы: Рауан, 
1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
жақсы», «көгі жаман» сияқты тіркестерде де кездеседі. 
Аталған сөздің тілімізде өте ертеден келе жатқандығына 
ежелгі түркі жазба ескерткіштері және қазіргі кейбір 
түркі тілдері деректері куә. Мысалы, Қашқари сөздігінде 
«кәкүң кім» сияқты тіркестің аудармасы – «сенің шыққан 
тегің қандай?» дегенді ұғындырады (МҚ, II, 284). 
В. Радловтың көрсетуінше, телеуіт тілінде 
«көгі» сөзі «ру» мағынасында қолданылатындығын 
байқаймыз (В. Рад., Опыт.., II, 2, 1232).
Сөйтіп, «көк» сөзінің біз білетін мағыналарынан 
басқа, ертеде жиі қолданылып, қазір сирек қолдану 
нәтижесінде ұмытылуға, естен шығуға айналып бара 
жатқан да мағынасы барлығын білдік [1].
Енді көк сөзімен құралған мақал-мәтелдерге 
тоқталып өтейік: 
Ат алған жерге, құс алған көкке қарайды (мақал). 
Көк сөзіне қатысты мақал-мәтелдер мынадай:
Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Батаменен ер көгерер,
жауынменен жер көгерер. 
Шалқайғанға шалқай төбең көкке тигенше,
Еңкейгенге еңкей басың жерге жеткенше. 
Қыс қарлата,
Дауылдата келсе,
Көктем көлдете,
Жауындата келеді.
Сәуір болса,
Күн күркірер.
Күн күркіресе,
Көк дүркірер.
Көше – қаланың көркі,
Көкорай – даланың көркі.
Көк шықпаған жер –
Көтерем мал сияқты.
Егін жерге бітеді,
Ер жігіт елге бітеді.
Қоға көлге бітеді,
Көк жантақ шөлге бітеді.
Көктен жауын жауады,
Шөптен жұпар тамады.
Қысың қарлы болса – жер семіз,
Көктемің жаңбырлы болса – дән егіз.
Көктемеде жерге түскен бір дән,
Күзді күні мың дән болады. 
Көктем – мұрап,
Күз – диқан.
Көк айыл қатыннан сақта, 
Кеудесін керген келіннен сақта,
Мезгілсіз келген өлімнен сақта,
Ұятсыз қызыңнан сақта. 
Бау-бақшаның қараусыз қ алғаны –
көк ағаштың отын болғаны.
Тамағы тоқ, көйлегі көк. 
Қамысты жаққанымен шоғы болмас,
Көк суды ішкенменен тоғы болмас.
Асқар таудың сәні жоқ көк майса белі болмаса, 
Өзен, судың сәні жоқ аймақты елі болмаса.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет