Литература Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал Республиканский педагогико-методический журнал



Pdf көрінісі
бет17/69
Дата30.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#63706
түріЛитература
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
Айнұр Ибрагимқызы ТӘТІБЕКОВА
«Жалпы гуманитарлық пәндер» циклдік
әдістемелік комиссиясы, 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқытушысы, 
педагогика ғылымдарының магистрі,
Жоғары медициналық колледжі
(Email: ainura.tatibekova@mail.ru )
Ұлттық негізді танытатын тілдік мұра – мақал-
мәтелдер. Мақал-мәтел – халықтың даналық сөздері. 
Мақал-мәтелдерде айтылар ой жинақталып, ұғым 
нақты түрде беріледі. Мақал-мәтел – сөз өнерінің ана-
сы. Халықтың рухани қазынасы мақал-мәтелдердің тіл 
танымдық мәнін анықтау арқылы тілдік көркем тану 
әлемін, ұлттық негізін танимыз.
Ұлттық менталитетті, ұлт дүниесінің тілдік 
бейнесін сипаттайтын, тіл, мәдениет және өркениет 
уәждерінің 
өзара 
байланыстылығын 
көрсететін 
лингвомәдениеттану саласындағы дүниенің тілдік 
бейнесін, ұлттық сипатын айқындаушы лингвомәдени 
көрсеткіштердің бірі – мақал-мәтелдер.
Халықтың тарихи қалыптасу, даму кезеңдеріндегі 
күллі тіршілік-тынысын танытатын, дүниенің тілдік 
көрінісі саналатын мақал-мәтелдер, даналық сөздер, 
нақыл сөздер ұлттың материалдық және рухани өмірінің 
айнасы іспеттес. Өзінің біртұтас жүйесін, тұлға-тұрпаты 
мен мән-мағынасын сақтап қалған әрбір осындай 
тілдік тұрақты орамның ішкі формасынан ұлттық белгі, 
ұлттық ерекшелік, ұлттық діл, дағдылы қалыптасқан 
ұлттық менталитет, ұлттық-мәдени колорит айқын 
аңғарылады.
Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер бүкіл бір халықтың 
рухани қазынасын бойына жинақтап сақтайды. «Көркем 
сөз тәсілдерінің ішіндегі қуаттысы мен құнарлысы бо-
лып саналатын мақал-мәтелдер тіл атаулының бар-
шасына тән, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін уни-
версалды құбылыс» [Қайдаров Ә., Тұрабаева Ғ. Қазақ 
мақал-мәтелдері мен авторлық-стильдік инвариантта-
ры жайында //Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет 
сериясы. – Алматы, 1982, - №3, 1 б.]. Мақал-мәтелдер, 
біріншіден, коммуникативті оралымдар болғандығын, 
коммуникация процесінде қолданылатын қатынас 
құралының ең құнарлы да өнімді түрі болып саналады. 
Екіншіден, мақал-мәтелдер тілдің ең бір көркемдегіш 
құралы ретінде мәтін тілін жандандыру, оқырманға 
белгілі бір жағдайды хабарлай отырып, әсер ету үшін 
де қолданылады. Мақал-мәтелдердің табиғатына 
тән қасиет тілдің танымдық, руханилық қызметі – 
кумулятивтік қызметіне де байланысты. Себебі, мақал-
мәтелдер – бүкіл бір халықтың рухани қазынасын бой-
ына жинақтап сақтайтын, ұлттық рухтың табы сіңген 
рухани дүние. Мақал-мәтелдер халықтың әр кезеңдегі 
тұрмыстық, әлеуметтік тарихи тәжірибесінің негізінде 
жасалады [Дина Б.Б. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің 
танымдық-прагматикалық аспектісі. Филол. ғыл. канд. 
дисс. – Алматы, 2002, 82 б.].
Өзегінде ұлттық тарихи даму, өзіндік менталитет, 
ұлттық реалия, ұлттық бітім-болмыс, ұлттық стерео-
тип, эталондар жүйесінің ізі бар мақал-мәтелдер белгілі 
бір халықтың бүкіл өмірі, тұрмыс-тіршілігі мен өмір 
тәжірибесінен мол мағлұмат берер мәдени ақпарат 
көзі саналады. Мақал-мәтелдерден ұлттық-мәдени ко-
лорит анық байқалады. Мақал-мәтелдер арқылы тіл 
тарихының тұңғиығына ғана емес, сонымен бірге сол 
тілде сөйлеуші халықтың мәдени тарихына да шолу 
жасауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет