№5-6/2022
Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
3
ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ
САУАТТЫЛЫҒЫН
ДАМЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Аршагүл Олжаханқызы ШАЛАБАЕВА
Ж. Жабаев атындағы №4
мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі,
Астана қаласы
Бүгінгі таңда біздің білім беру жүйеміздің алдында
білім беру бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оны өмірдің
қалыптасып жатқан шындықтарына бейімдеу мәселесі
тұр. Қазіргі қоғамда адам әр түрлі салаларда дұрыс
шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсібилік пен маңызды
зияткерлік күш-жігерді қажет ететін жағдайларда өмір
сүреді және өмірлік жағдайларда әрекет етеді.
«Функционалдық сауаттылық» терминін 1957 жылы
ЮНЕСКО енгізді, адамның сыртқы ортамен қарым-
қатынасқа түсуі және оған мүмкіндігінше тез бейімделу
және қызмет ету қабілеті, яғни өз білімдерін, дағдыларын
практикада қолдану.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жал-
пы бағдары Қазақстан Республикасында
білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарласында анық көрсетілген. Ондағы басты
мақсат – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік, дене және рухани
тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның
физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін
қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін
қанағаттандыру болып табылады.
Функционалдық сауаттылық – мектепте алған
білімдерін, іскерлік дағдыларын, адами іс-әрекеттердің
әр түрлі
салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-
қатынастарды өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдала-
ну болып табылады.
Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті
– мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін,
белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалып-
тастырып және баланы өз бетінше шешім қабылдауға
дағдыландыру.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауат-
тылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну
қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез
келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз
ету, яғни оқушылардың
мектепте алған білімдерін
өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Сауаттылық – адамның өз ана тілінде дұрыс оқу
және дұрыс жазу дағдыларын игеру дәрежесі. Оқу –
интеллектуалды даму әдісі, мәдениетті қалыптастыру
тәсілі, қарым-қатынас дәнекері, өмір мәселелерін
шешу құралы. Оқусыз даму, білім алу,
дағдыларды
қалыптастыру мүмкін емес. Мәтіннің мазмұнында
еркіндіктің бірнеше дәрежесі бар: бір мәтінді әр адам
өз өмірлік тәжірибесі мен ерекшелігіне қарай әр түрлі
түсінеді.
Функционалдық оқу – нақты бір тапсырманы орын-
дау үшін немесе белгілі бір мәселені шешу үшін қажетті
ақпаратты іздеу мақсатында оқу. Функционалдық
оқу барысында көз жүгірту және талдау әдістері
қолданылады.
Оқу сауаттылығы – функционалдық сауаттылықтың
бір түрі. Оқу сауаттылығы оқушылардың қарапайым
оқу мәдениеті мен дағдыларының қаншалықты
деңгейде екенін анықтайды.
Заманауи қоғамдағы
өмірге деген дайындықтың маңызды параметрі ретінде
қарастырылатын оқу сауаттылығының негізі – мәтінмен
жұмысты толық қалыптастыру.
Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын
түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын
өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам
өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен
мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.
Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтіндерді ұғына
оқу қабілеттілігі және оларға кері байланыс жасай
алуы, мәтіннің мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу
үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның
белсенді араласуы үшін дамытуы. Мәтінді жылдам оқу
техникасы немесе мәтіннің мазмұнын сөзбе-сөз нақты
түсіну үшін
маңызды емес, оқу барысында меңгерген
білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана
білу маңызды.
Оқушы мәтіннен ақпаратты тауып, одан үзінді
келтіре алуы керек. Мұнда оның ақпаратты іздеу,
іріктеу және жинақтау дағдылары анықталады. Мәтінді
түсіну үшін оқығанын өңдейді, орынды ақпараттармен
толықтырады және түсіндіреді. Оқыған мәтінге ол
жердегі ақпараттан тыс өз біліміне,
мәтін идеялары
мен мағынасына сүйене отырып өз ойымен баға беруге
дағдыланады.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл және танымдық
құндылығы өте жоғары пән: мұндай сабақтарда
оқушының ой-өрісі дамып, Отанға деген сүйіспеншілік
сезімі қалыптасады, тіл арқылы жалпы адамзаттық
құндылықтар түсіндіріліп, жеке тұлға тәрбиеленеді.
Тілдің көмегімен баланың зияткерлік дамуы,
барлық
басқа оқу пәндерін меңгеруі жүзеге асады. Қазақ
тілі мұғалімі ретінде функционалдық сауаттылықты,
оның коммуникативті компонентін қалыптастыру