Курстың мақсаты: ұлы ақын шығармаларын терең
де жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың
әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін
ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық
талғамы жоғары, білім, білік дағдылармен қаруланған,
түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін,
ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда
өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға
қалыптастыру
Курстың міндеттері: - абайтанушылар туралы мәліметке ие болады;
- Абайдың өмірі мен шығармашылығынан терең
түсінік қалыптасады;
- ақынның білім нәрін алған әдебиетпен танысады;
- ойшылдың саяси-философиялық көзқарасын
үйренеді;
- қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтерген шығар-
маларымен танысады;
- Абайдың қазақ мәдениетін дамытудағы ролін
меңгереді;
- ұлы Абайдың ақындық мектебі мен қазақ әде-
биетінде салған дара жолын үйренеді;
- Абайдың әдеби-рухани ортасы туралы түсінікке ие
болады;
- ақын өлеңдерінің мазмұны мен идеясы туралы
түсінік қалыптасады;
- жас ұрпақты оқу-білімге шақыратын, ағартушылық-
педагогикалық бағыттағы өлеңдерін оқып, үйренеді;
- табиғат лирикасын жетік меңгеріп, өлеңнің
көркемдік тіліне талдай алуға үйренеді;
- махаббат, достық деген ұғымдардың қасиетті екенін
түсінеді;
- поэмаларының тақырыбын, көркемдік-идеялық
маңызын, тәлім-тәрбиелік мәнін, көркемдік ерек-
шеліктеріне талдауға қалыптасады;
- ақынның аудармаларын үйренеді;
- Абай және батыс классиктері туралы түсінік қалып-
тасады;
- әлемдік деңгейдегі ақынның сазгерлік өнерімен та-
нысады;
- қарасөздің мән-мағынасын ашуға үйренеді.
Абай тақырыбы – мәңгілік тақырып. Абай тақырыбы
– таусылмайтың телегей теңіз.
Осы курсты балаға бір сарынды ғана емес, Абай ту-
ралы іс-шара, презентациялар, қызықтыра алатындай
өткізген тиімді. Өйткені, қызығушылық бала бойында
үздіксіз жүретін процесс.