Литература Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал Республиканский педагогико-методический журнал



Pdf көрінісі
бет15/69
Дата30.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#63706
түріЛитература
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69
Байланысты:
Казақ тіді 5-6- 2022 Дұрыс 1000

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ 
НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫ
Тойжан Кенесовна МОЛДАБЕКОВА
№13 қосымша білім беру мектеп орталығы КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қарағанды қаласы 
Қазақ тіліндегі дыбыстық жүйені арнайы зерттеп, 
әліпби құрастырған қазақтың алғашқы ұстазы, ғалымы
– Ахмет Байтұрсынұлы.
Ахмет Байтұрсынұлы – өзінің бүкіл саналы
өмірін қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, 
басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен 
айналысқан, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі тұлға. Ол
қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы 
іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою 
үшін әріп, оқулық мәселесі кезек күттірмейтін мәселе 
екенін біліп, 1910 жылы бастап, араб жазуының қазақ 
тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің 
дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық 
ұлттық әліпби түзеді. Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынұлы
полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, 
оқыту үдерісінде тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай 
отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады.
Латын графикасына (таңбасы) негізделген қазақ 
әліпбиін жасау ісінде тіліміздегі дыбыс жүйесіндегі төл 
дыбыстар мен өзге тілден енген кірме дыбыстарды жеке-
жеке қарастырып, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері 
мен жазу барысында туындайтын әр түрлі заңдылықты 
ескеруге тиіспіз. Демек, бұл іс кез келген адамның 
қолынан келе бермейді, тіл мамандарының ғылыми 
тұрғыда қарастырған, зерттеу жұмыстарына үңілу ке-
- Абай қай жылы туды? (1845)
- Абай аударма жасады ма? (Иә)
- «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған жазушы 
кім? (М.Ә.)
- Абайдың әкесі (Құнанбай)
- «Көкорай шалғын бәйшешек» қай өлеңнен алынған 
үзінді? («Жаз»)
- «Өзен» өлеңінің авторы кім? (Ы.А.)
- Абайдың неше қарасөзі бар? (45)
- Абай ән жазды ма? (Иә)
Қорыта келгенде, Абай мұрасы еліміздегі білім беру 
жүйесіндегі өзіндік мәні бар, ағартушылық маңызы 
зор, педагогикалық идеяларға толы, психологиялық 
ой-пікірлерге бай тәлімгерлік тағылымы баға жет-
пес өміршеңдігімен ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ұлттық 
қазынамыз бола берері сөзсіз. Абайдың адам тәрбиесі 
хақындағы педагогикалық көзқарастары аса үлкен 
мәнге жетіп, әлі де болашақ ұрпақтың көкірегін оя-
тар деп сенеміз. Курс жұмысының нәтижесі ретінде 
оқушылар жыл сайын қазақ тілі пәнінен қалалық, 
облыстық олимпиадаларға, Абай оқуларына белсене 
қатысып отырады. 
рек. Сондықтан әр әріп, таңба, фонеманы жазу сырын 
білетін, тіл жанашыр ғалымдарымыздың көзқарасына 
жүгінген жөн. Осы орайда, латын графикасын қазақ 
әліпбиіне икемдеу бағытында өзінің салмақта ойлары 
мен ғылыми маңызды зерттеулері бар, білікті ғалым 
Әлімхан Жүнісбеков еңбектерінің де маңызы зор. Қазіргі 
таңда Әлімхан Жүнісбеков бастаған ғалымдар қазақ 
тілі дыбыс жүйесіндегі 28 фонеманы (9 дауысты 19 
дауыссыз) латын графикасымен таңбалап, жаңа қазақ
әліпбиін дайындап отыр. Бұған қоса, кірме сөздерді 
таңбалау үшін «в», «ф», «һ» әріптерін әліпбиге алу ту-
ралы пікір айтылды. Себебі, бұл әріптер 1938 жылығы 
әліпбиге енген, қазақ тілімізге әбден сіңісіп кеткен. 
Бүгінгі таңда әлемнің 70% елдері латын әліпбиі 
арқылы бір-бірімен толық қарым-қатынас жасайды.
Себебі, еліміз шарықтап даму үшін білім, ғылым, сая-
сат техника, мәдениет пен өнер, спорт тағы басқа жаз-
ба ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен 
беріледі. Демек, латын әліпбиі біздің еліміздің әлемдегі 
дамыған 30 елдің қатарына қосылу талабының орын-
далуы жолында маңызды қызмет атқаратыны сөзсіз. 
Тіл – тарихи, мәдени құндылық. Әр халықтың тілі 
– адамдардың маңызды қарым-қатынас құралы болу-
мен бірге, ұлттың мәдени, рухани асыл қазынасы, баға 
жетпес байлығы. 
«Тілге құрмет – елге құрмет
Тілді өркендету, дамыту – баршаның ісі!». Сондықтан 
еліміз өркендеп, даму үшін қазақтың жазба тілін, сөз 
байлығын дамыту баршаның ісі.
Латын графикасы қазіргі замандағы жаңа 
технологиялық ортаның, коммуникация, білім мен 
ғылымның ерекшелігіне айналған. Қазіргі таңда ла-
тын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы 
да, мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Әлемде 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет