Литература Республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал Республиканский педагогико-методический журнал


№5-6/2022 Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература 10 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ



Pdf көрінісі
бет12/69
Дата30.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#63706
түріЛитература
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69
Байланысты:
Казақ тіді 5-6- 2022 Дұрыс 1000

№5-6/2022
Қазақ тілі және әдебиеті. Русский язык и литература
10
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ 
САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ 
АБАЙТАНУ КУРСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Л.Ж. ИНТЫКБАЕВА педагог-зерттеуші, 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Г.А. ЕСЕМАНОВА педагог-зерттеуші, 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 
«№20 мектеп-лицейі» КММ, Теміртау қаласы
Сауаттылық – адамның одан арғы өмірінің дұрыс 
өрбуінің алғашқы іргетасы, адамның сыртқы ортамен 
жақсы қарым-қатынас жасау, тез бейімделу және сол 
ортада әрекет ете алу қабілеттілігі. Қазіргі сауаттылық 
баланың тек оқи, жаза алуымен шектелмейді. Керісінше, 
күнделікті өмірде еңбек әрекетіне араласу барысын-
да кез келген жағдайға бейімделе алуы, тануы, шешім 
қабылдауы. Яғни, кез келген ортада алған білімін, 
мүмкіндігін көрсете алуы. 
Біз көп жағдайда функционалды сауатсыз екенімізді 
қиындықпен бетпе-бет келгенде ғана сезіп жата-
мыз. Мысалы, аяқ астынан жағдай өзгергенде, кәсіп 
ауыстыруға тура келген кезде, қолымызға таныс емес 
зат тигенде, жаңа бағдарламамен немесе құрылғымен 
жұмыс жасарда, кесте, схема, карта, банкомат 
дәне тағы да басқалар. Демек, баланың әлеуметтік 
ортаға тез үйреніп, өзін жариялай алуы үшін осындай 
жағдаяттардан жол тауып шығуға мектеп қабырғасынан 
бастап әр түрлі тапсырмалар арқылы үйретуіміз қажет. 
Әрине, алыстан іздеудің қисыны жоқ, қазіргі жаңартылған 
білім бағдарламасындағы оқу мақсаттарының бәрі 
оқушыны танып білуден, қолдану, талдау, жинақтау, 
бағалау деңгейіне қарай жұмыстануға бағытталған. 
Соның ішінде, «Абайтану» курсы да оқушылардың оқу 
сауаттылығын арттыруға тиімді.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, - деп айтқандай, 
Абай бүгін де жарқын бейнесімен де, жалынды жыры-
мен бізбен бірге өмір сүріп келеді және мәңгі өмір сүре 
береді. 
«Абайтану» курсының жылдық оқу бағдарламасына 
34 сағат бөлінген. Оның 31 сағаты бағдарламадағы мате-
риалдарды оқуға, 2 сағаты шығармашылық жұмыстарды 
орындауға, 1 сағаты оқушылардың пән бойынша алған 
білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет