Литературные теории в поэтическом мире джона китса


С.МҰРАТБЕК ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ СИНОНИМДЕР МЕН АНТОНИМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ



бет26/77
Дата15.12.2022
өлшемі1,4 Mb.
#57447
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77
Байланысты:
СТАТЬИ ВСЕ

С.МҰРАТБЕК ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ СИНОНИМДЕР МЕН АНТОНИМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ

Бахитова Н. –Қт-21-2 топ студенті


Ғылыми жетекші: магистр, оқытушы Сапарәлі Е.С.
ЦАИУ

Резюме. Одной из главных задач при написании дипломной работы было проанализировать языковую специфику С. Муратбекова с точки зрения закономерностей развития литературного языка, определить, насколько и как народ использует сговор, вклад казахского народа в развитие языковой культуры..В то же время важное значение имеет изучение языка литературных произведений, характерных для определенного периода, дающих представление о языке того периода.


Summary. One of the main tasks when writing the thesis was to analyze the linguistic specifics of S. Muratbekov from the point of view of the laws of the development of the literary language, to determine how much and how the people use collusion, the contribution of the Kazakh people to the development of language culture..At the same time, it is important to study the language of literary works characteristic of a certain period, giving an idea of the language of that period.


Тілдің лексика-фразеологиялық қабаттарын стильдік өңіне қарай талғап қолдану суреткер шеберлігі мен өзіндік мәнерін айқындайды.Жалпы халықтық тіл мен ауызекі сөйлеу тілінің, қазақ әдеби мұрасының сөз байлығын, бейнелеу құралдарын жақсы меңгерген жазушы ғана сөзді құбылтып, құлпыртатын белгілі.


С.Мұратбеков әңгімелерінің лексика-фразеологиялық бітіміне талдау жасай келе белгілі бір мәдени кеңістікке, уақытқа сай келетін дәуірдің тілімен ұшырасасың.Өйткені тіл – сол дәуірге тән ұлттық мәдениет пен өркениеттің формасы.Әңгімелерде қазақ халқының сол кезеңдегі өмірі, күнделікті тұрмысы суреттеледі, халықты сол кезеңдегі өмірі, күнделікті тұрмысы суреттеледі, халықтың өткен тарихы мен тұрмыс –тіршілігі, салт-дәстүрі, ұлттық бейнесі көрініс табады.Сол кезеңдегі қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістерге байланысты тілде пайда болған жаңа сөздерді, бөгде тілдік элементтер мен көнерген сөздерді, диалектизмдерді, қарапайым сөздерді қолдану ерекшеліктері жазушы шеберлігі мен әдеби тілге тигізетін әсерін айқындайды.1960-80 жылдардағы көркем прозада тілдің сөздік байлығын мейлінше мол қамту бағыты байқалады.Бірақ әңгімелердің өн бойындағы лексика-фразеологиялық бірліктердің барлығын бірдей сөз етпей, қолданылу ерекшелігімен көзге түсетін, жұмсалуына орай жазушы даралығы көрінетін кейбір түрлеріне тоқталамыз.
Олар: бөгде тілдік элементтер мен көнерген сөздер, сөздің лексика-семантикалық топтары ( синонимдер мен антонимдер), сөйлеу тілінің элементтері (диалектизмдер мен қарапайым сөздер) және бейнелі фразеологиялық тіркестер.
Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер, ал мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталатыны белгілі.Яғни, синоним мағына жақындығына негізделсе антоним мағына қарама-қарсылығына негізделген семантикалық құбылыс.Қазақ тіл білімінің антонимдері зерттеуші ғалым Ж.Мусин: «Антонимдер лексиканың өзге топтарынан оқшау,жеке-дара тұрған құбылыс емес, олар синонимдермен байланысып, жатады» дейді [1].Қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторларын қарастырған А.Жүсіпов: «Синонимдер мен антонимдер семантикалық байланыстың екі бір негізгі түрі іспеттес өзара тығыз байланыста болады:нақтылы бір сөздердің синонимдер мен антонимдері бірдей лексика-семантикалық топқа жатады» [2] деген тұжырым айтады.Бұл семантикалық топтың әңгімелер тіліндегі стильдік қызметі кең тынысты талдауды қажет етеді.
Сөзді дыбысталуы мен мағынасы жағынан салыстырып қарағанда, синонимдер омонимдерге қарама-қарсы тұрған лексика-семантикалық тілдік құбылыстар. Омонимдер ұғымы басқа, дыбысталуы бірдей бірнеше сөз тобын білдірсе, синонимдер, керісінше, ұғымы бір, әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын қамтиды. Синонимдер бір үғымды біддіретіндіісген, олар тек бір ғана сөз табына қатысты болады. Синонимдер мен омонимдердің қатарьша енген сөздердің сан мөлшері де ала-құла. Қазақ тілінде омонимдік қатарға енген сөздің саны негізіңде 4-5 тен аспайды. Ал синонимдік қатардағы сөздердің саны кейде қырықтан асып жығылады.
Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады: 1. Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет. 2. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі қажет. 3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс. Бұл үш белгі — сөздерді синоним деп танудағы басты шарт. Сонымен қатар бір сөз табынан болған синонимдер бірыңғай грамматикалық тұлғада келіп, контексте бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы синонимдердің қосымша белгісі болып табылады. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, мағынасы жақын сөздер синонимдер делінеді.
Синонимдер сөздердің жалпы мағыналық бірлестігіне қарай топтастырылады. Яғни сөздер бір ғана ақиқат шындықты көрсетіп, бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, олар синоним деп танылады. Синонимдік қатардың мағыналық бірлігі сөздерді өзара жақындатып салыстыру үшін ғана емес, сонымен қатар оларды бір-бірінен шектеп ерекшелеуге де негіз болады. Синонимдер бір ғана ұғымды біддіреді дегеннен олардың мағынасы нақ бірдей, әр уақытга олардың мағынасы тепе-тең болып тұрады деген сыңар жақ ұғым тумаса керек. Соз бен сөздің мағыналық байланысы алыс та, тікелей де, жанама түрде де бола береді. Алыстың да алысы бар, жақынның да жақьшы болады. Сөз мағынасының жақындығы деген тым кең үғым. Мәселен, той — мейрам — мереке — думан — тамаша дегендер адам баласының қуанышты қызықты күндерін бідіреді. Бұларды іштей "жалпыхалықтық қуанышты күндер" (мейрам-мереке) және "жеке отбасының немесе бір ауылдың қуанышты күндері" (думан-тамаша) деп екі топқа бөлуге болады. Мұның ішіндегі той деген сөз қуанышты күндердің екі тобына да жалпылама айтылады. Өйткені бұл сөз кең мағынада да, тар ұғымда да жұмсала береді. Мысалы: Халық Абай тойын қызу қарсы алуга өзір отыр немесе Әшімбек баласының үйлену тойына дайындық жасап жатыр деуімізге болады.
Сол сияқты семіру — шелдену — майлану — тойыну — жуандау — толу — қоңдану дегендер жан-жануарлардың арық күйден семіз күйге айналғандығын білдіретіндіктен, синоним деп танимыз. Бұларды да мағыналық жақындығына қарай екі жікке бөліп қарауға болады:
а) адамға қатысты синонимдер (жуандау — толу); ө) басқа жан-жануарларға байланысты айтылатын синонимдер (шелдену — майлану — тойыну — қоңдану). Ал семіру сөзі екі топқа да ортақ болып айтыла береді.
Сондай-ақ бағалы — құнды — қымбат деген сындық ұғымды білдіретін синонимдердің де әрқайсысына тән өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, бағалы сыйлық, багалы киім дегендегі мағыналық реңк құнды, қымбат сезінде жоқ. Құнды пікір деп айтылғанымен, қымбат пікір деп айтылмайды.
Сонымен синонимдер белгілі бір үғымды білдіргенімен, олардың арасындағы мағына жағынан толық сәйкестік, тепе-тендік қасиет болмайды.
Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйыстыруға ұйытқы болатын тірек сөз деп тандалынып алынады. Бұл тіл білімінде доминант (тірек сөз) деп аталады. Доминант сез мәндес сөздерді мағыналық жағынан ғана топтастырмайды, сонымен бірге синонимдік қатарларды әліпби жүйесіне келтіру үшін де мөнді қызмет атқарады. Доминант сөзді дұрыс анықтап, белгілеп алмай синонимдерді тәртіпке келтіру мүмкін емес. Сондықтан синоним сөздігін жасауда доминант сөзді іріктеп, сұрыптап алуға айрықша көңіл бөлінеді. Доминант сөзге синонимдік қатардағы сөздердің ішіндегі мағына жағынан ең айқын, стильдік мәні жағынан бейтарап, жалпы халыққа соншалықты танымал дегендері ғана таңдалынып алынады. Синонимдік қатарға топтастырылатын сөздердің шегін олардың логикалық бірлігіне қарап қана ажыратуға болады. Әрбір синонимдік қатардағы сөздер негізінен екі кезеңнен өтеді. Алғашқы кезенде сөздер жалпы мағыналық бірлігіне қарай, ұқсастыру негізінде синонимдік қатарға топтастырылады. Ұқсастыру бір ұядан туатын жалпы ұғымға бағындырылады. Жеке сөздің қара басындағы өзгешелік бұл кезеңде есепке алынбайды. Мәселен, ас — тамақ — дәм — тағам — ауқат дегендер адам баласының жейтін қоректік затын білдіретіндіктен, ең әуелі бір синонимдік қатарға топтастырылады. Бұлардың бір-бірінен ажырататын өзгешеліктерін саралау — екінші кезеңдегі істелетін жұмыс. Синонимдік қатардағы сөздердің ұқсастығын табудан гөрі олардың бас-басына тән өзгешелігі мен ерекшелігін табу әлдеқайда қиын жұмыс. Синонимдер бір-бірінен мағыналық реңкі жағынан, стильдік мәні және басқадай сөздермен өзара қарым-қатынасқа түсіп қолданылуы жағынан үш түрлі белгілері арқылы ажыратылады.
Синонимдердің мағыналарын ажыратқанда мынадай мәселелерге көңіл аударылады: 1. Синонимдік қатарға енген сөздер мағына жағынан бір-бірінен сәл жоғары не сәл темен дөрежеде болуы мүмкін. Синонимдер градация жолымен (бірден бірге басқыштап) өзгеріп отырады. Мәселен, аяз сөзіне қарағанда оның синонимдік сыңары үскірік сөзінің мағыналық салмағы күштірек екендігін сезуге болады. Сол сияқты атқыш — мерген, апат — қыргын, белсену — құлшыну дегендердің соңғы сыңарлары алдыңғыларынан пәрменді екендігін аңғарамыз. 2. Синонимдердің біреуінің мағынасы екіншісінен кеңірек болады. Мәселен, соғыс деген сөздің мағынасы ұрыс деген сөзден кең, үстаз дегеннің мағынасы мұғалімнен кең. Жабу мен кілттеу де сол тәрізді. 3. Синонимдер бір-бірінен мағыналарының аз-көбіне қарай ажыратылуы мүмкін. Мәселен, ат деген көп мағыналы да, ал оның сыңары ныспы деген сөз бір мағыналы. 4. Синонимдер мағыналарының деректі және дерексіз болып келуіне қарай ажыратылады. Мәселен, маңдай — пешене, іш — құрсақ, бала — перзент, тығу — бұқпантайлау дегендердің алдыңғыларының деректілігі нақты. 5. Синонимдер бір-бірінен ауыспалы мағынада қолдану-қолданылмауына қарай ерекшеленеді. Мәселен, көмей мен көмекей дегендердің алғашқысы пештің көмейі, тоғанның көмейі деп ауыстырылып айтуға келгенімен, соңғысы (көмекей) адамға ғана арнайы жұмсалады да, өзге заттарға бұрып айтуға келмейді. 6. Синонимдер сөз туғызуға қабілетті я қабілетсіз болып келуіне қарай өзгешеленеді. Мәселен, сапар мен жол тәрізді синонимнің алғашқысынан бір сапар, ұзақ сапар, сапар шегу деген бірлі - жарым тіркесті сөздер ғана кездеседі. Ал оның жол деген сыңары тіліміздегі сөзжасамның барлық амалдары арқылы жаңа сөз жасауға соншалықты қабілетті екендігін байқатады. Мысалы: жолай, жолаушы, жолдама, жолдас, жолшыбай, жолақ, жолдау, жолбасшы, жолбике, жол-жоба, жол-жөнекей, жолсоқты, сар жолды, теміржол, жол азық, жолашар, жолаяқ, жол жүру т.б.
Сол сияқты жарым мен жарты дегендердің алғашқысынан жарымжан, жарымес деген бірен-саран сөздер ғана жасалса, соңғысынан жартылай, жартылық, жартыкеш, жартылау, жартымсыз тәрізді бірқатар сөз туындап өрбіген. Бұлардың бір қасиеті бірінен туған сөздерді екінші сыңары жасай алмайтындығына байланысты.
Синонимдердің стильдік мәні неше алуан функционалдық сипатта қолданылуымен тығыз байланысты. Тіліміздегі синонимдердің мынадай стильдік реңктері байқалады: 1. Қадір тұтып сыйлағандықты біддіретін реңктер. Мәселен, есім деген сөз ат сөзінен қадірлірек, отағасы — үй иесі сөзінен, дөм — ас сезінен, перзент — бала сөзінен, қара — өлім сөзінен жоғарылау. 2. Салтанат құру мәніндегі көтеріңкі реңктер. Жүлде — бәйге сөзінен асқақ, мерекелеу — тойлау сөзінен көтеріңкі, азамат — жігіт сөзінен жоғары айтылады. 3. Поэтикалық реңктер. Асқар деген сөз биік деген сөзге қарағанда поэтикалық стильде көбірек ұшырасады. Қол — әскер сөзіне, мәртебе — атақ сөзіне, қаһарман — кейіпкер сөзіне, шапақ — арай сөзіне қарағанда поэзияда жиі кездеседі. 4. Дөрекілік мәніндегі реңістер. Бір қатардағы синонимдердің біреуі бейтарап, екіншісі сыпайы, үшіншілері тұрпайы мәнді білдіріп, ала-құла реңк тудырып отырады. Мәселен, сықпыт деген сөздің стильдік мәні бет деген доминант сөзбен салыстырғанда дөрекілеу, шолжың — ерке деген сөзден, шойнақ — ақсақ деген сөзден, азынау — жылау дегеннен белгілі контексте дөрекілеу болып жұмсалады. 5. Кекесін, мысқыл мәндегі реңктер. Қожаңдау орынсыз кісілік көрсеткенде, тұштаңдау орынсыз жеңілтектеніп оғаш қимыл көрсеткенде кекесін мәнді білдіреді. 6. Менсінбеушілік, кеміту мәніндегі реңктер. Бұт артар — көлік орнына, еркек кіндік — ер азамат дегеннің орнына, шүйке бас — әйел дегеннің орнына, шикі өкпе — бала орнына қолданылып кеміту мәнінде айтылады. "Басы қараның бары игі" деген сөз "жоқтан бар жақсы" дегенді білдіріп, көңіл жұбату ретінде айтылады.
Қолдану орнын бұзып, керісінше айтылған сөздің бәрі кекесін мән тудырады. Мәселен, сараң адамды мол қол, мырза десек, ұшқалақ адамды сабырлы десек, қорқақ адамды батыр десек, қортық адамды бойшаң десек, жуан адамды талдырмаш, жіңішке десек, мазақтау немесе әзілдеу болып шығады. Әзіл, күлкі сөздің тура, дәл мағынасынан тумайды, сөзді астарлап, керісінше айтудан пайда болады. Қазақтың "бұралқы сөз күлуге жақсы" деген мақалы әзілдесіп сөйлесуді соншалықты ұнатып, сүйе білгендігін көрсетеді. Қазақтың ауыз қалжыңында сөзді бұрып, астарлап айту амалдары соншама мол. Сол арқылы ұлттық сөйлеу мәнерін тудырған. Синонимдердің стильдік мәні әр халықтың өзіндік сөйлеу ерекшелігінен туады.
Жалпы алғанда, синонимдерге тән мағыналық, стильдік қолданудағы үш түрлі белгі бір-бірінен онша алшақ жатқан бөлекше дүниелер емес, өзара тығыз бірлікте болатын ерекше белгілер ретінде танылады. Сөз мағынасы белгілі тарихи кезеңде қалыптасқан лексикалық жүйенің мағыналық қызметінің көрінісі.
Тілдегі синонимдік қарым-қатынастар да әрдайым үздіксіз өзгеруде, дамуда болады. Әсіресе сөздің мағыналық жағынан болған өзгерістер синонимдердің арасынан айқын және тез байқалады. Қоғам өміріндегі әрбір тарихи оқиғалардан кейін бір жағынан кейбір синонимдік қарым-қатынастар бұзылып өзгеріп жатса, екінші жағынан бұрын-сонды тілде өмірбақи болып көрмеген жаңа синонимдік құбылыстар тасқындап туып жататыңдығын аңғарамыз. Сондықтан синонимдер тарихи өзгеріп отыратын семантикалық категория деп танылады. Олай болса, синонимдік қарым-қатынастар негізінен тілдің қазіргі даму қалпынан (диахрония) қаралып, шешілу керек деген ұғым туады. Қазақ тілі — синонимге өте-мөте бай тіл. Синоним кездеспейтін бірде-бір сөз табы жоқ. Барлық сөз табынан да синонимдер табылады. Алайда, сан мөлшері жағынан келгенде әр сөз табының синонимге молшылығы әр қалай. Әрбір сөз табының синонимдік байлығы олардың жалпы санымен ғана елшеніп қоймайды, бір қатарға топтасқан жеке сөздердің санымен де белгіленеді. Кейбір сөз табы синонимге өте бай (етістік, зат есім, сын есім), екінші бір сөз табының синонимі соншалықты кедей (сан есім), болмаса бір сөз табынан болған синонимдердің саны бір қатарда көп, екінші бір қатарда аз болып келу себебін әр сөз табындағы сөздердің мағыналық, ұғымдық сыр-сипатынан іздестірген жөн. Демек, тілдегі синонимдер барлық сөз табында да кездескенімен, бүлар көбіне-кеп атауыш сөз таптарында жиірек ұшырасатын мағыналық ұқсастықтар деп түсіну керек. Синонимдер әр сөз табының өз ішінде де ала-құла. Мәселен, нақты зат есімдерге қарағанда, абстракт ұғымдағы зат есімдер синонимдерге әлдеқайда бай. Сапалық сын есімдерге қарағанда, қатыстық сын есімдердің синонимдері соншама көп. Үстеулік синонимдердің ішіндегі сан мөлшері жағынан ең молы — сын (бейне) үстеулері мен мезгілдік үстеулер. Ал етістік синонимдердің түр-түрінің көптігі соншалық —оларды мағыналық ерекшеліктеріне қарай жіктеп бөлу қиын екендігін көреміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Мусин Ж. Қазіргі қазақ тілінің антонимдер сөздігі. Алматы, 1984. -176 6.

  2. Жүсіпов А. Қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары. Филол.ғыл.канд... дисс: Астана, 2004. -306.

  3. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы., 1995. -207 6.

  4. Жанпейісов Е. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі. -Алматы, 1976.-168 6

  5. Есенова Қ. М.Әуезов публицистикасының тілі. Филол.ғыл.канд... дисс: Алматы, 2001. -129 6.

  6. Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы, 1997. -224 б.

  7. Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. Алматы, 1979. -1766.

  8. 8.Балақаев М, Жанпейісов Е, Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974. -190 б.

  9. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы. 2002. -663 6.

  10. Лопатин В. Рождение слова. Москва, 1973. -157 с.

УДК 811.161.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет