Литературные теории в поэтическом мире джона китса


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АҒЫЛШЫН ТІЛІН



бет34/77
Дата15.12.2022
өлшемі1,4 Mb.
#57447
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77
Байланысты:
СТАТЬИ ВСЕ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АҒЫЛШЫН ТІЛІН
ОҚЫТУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бердалы Б.Ш. Инк 21-3 топ студенті


ОАИУ

Резюме. В статье рассматриваются вопросы преподавания английского языка учащимся начальных классов.


Summary. The article deals with the problems of teaching English to primary school students

Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды.


Осыған орай ағылшын тілін балаларға ерте жастан үйрету де қазіргі заман талабы болып отыр. Ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқытудың тиімділігі төменгі сынып оқушылары сезімтал және тез қабылдағыш болып келеді. Сондықтан баланың табиғи қызығушылығы әрқашан жаңаны меңгеруге қолайлылық жасайды.
Ең алдымен, оқытудың бастапқы кезеңінде олардың жас ерекшеліктерін және сол жасқа тән іс-әрекеттік бейімдерін ескеру орасан маңызды. Психологтар сөзімен айтқанда, «бұл кезеңде баланың қабілет-бейімін, талап-талғамын ескеру оның өзіндік психикалық процестер мен психологиялық ерекшеліктеріндегі басты өзгерістерді қажетті арнаға қарай дамытуға ықпалдасады».
Мектепке дейінгі жаста бала үшін өзін қоршаған әлемді ойын қарекеті үстінде тануы жетекші қасиет болса, алтыға толғанда оның орнын біртіндеп басқа әуестік басады: ойын қарекетін оқуға әуестік алмастырады. Десек те ойын баласының әлі де болса ойынға бет бұра беретінін есте ұстау керек. Бір жағынан, баланың оқуға-білуге, өзінің мектебіне деген белсенді қызығушылығы байқалады, екінші жағынан алғанда ойнауға деген қажеттік сақталады. Балалардың 9-10 жасқа дейін ойынға әуестігі қалмайтыны белгілі.
Іс-әрекеттің негізгі көрінісі сол әрекет арқылы оянып-дамитын мотивтер болып табылады. Осынау мотивация кезеңінде балаларды шетел тіліне баулуды ұйымдастыру сәтті боларын ескерген жөн болар. Алты және жеті жастағы баланың оқуға деген ынта-әрекетін дамыту ойындық мотив қанағаттандырылған кезде қалыптасады. Егер баланың ойындық талабы қанағаттандырылмайтын болса, олардың тұлғалық дамуына айтарлықтай нұқсан келеді, сабақта жәй ғана отырғанымен, оқуға деген ынта баяулайды. Осы тұста енді баланың когнитивтік процестері деп аталатын психикалық үдерістерді талдауға келейік, өйткені бұл дегеніңіз оның қоршаған ортаны қабылдап, танып-білуін, ойлауын, жадын, назарын, түйсігі мен елестету қабілетін қамтамасыз етеді.
Назар салудың, есте сақтаудың және түйсініп қабылдаудың негізгі көрінісі – еріксіздік. Мәселен, материалды ұғындыру кезінде алтыжасарлықтар мен жетіжасарлықтардың назарын анық-айқын көріністер шапшаң тартады, яғни сабағымыз барынша көрнекті болса ғана бала эмоциясына әсер етеді. Алайда бала назарының тұрақсыздығын ескермесе тағы болмайды: олардың назары тек бірнеше минутке ғана тұрақтауы ықтимал. Балалар мұғалімнің ұзын-сонар түсіндірмесін (2-3 минуттан артық) қабылдап отыра алмайды, сондықтан да кез-келген тақырыпты әңгіме түрінде құрған дұрыс. Әсіресе алтыжасарлықтар жетіжасарлықтарға қарағанда қимылсыз ұзақ отыра алмайды, олар «қимылсыздықтан» шаршайды. Алтыжасар баланың жұмыс қабілеті сабақтың 10 минуты өтісімен-ақ саябырсиды. Мұны аңғарған мұғалімнің балалармен қимыл-қозғалысқа құрылған ойын өткізгені (музыкалы болса тіпті жақсы), сөйтіп «жұмыс түрін» ауыстыра қойғаны дұрыс [2].
Оқушы ықыласын бәсеңдетпеу үшін жұмыстың бір түрін екінші түрімен мақсатты тапсырамалар орындату арқылы алмастыра қою керек. Оқушылардың нені есте сақтауы керектігін байқасаңыз, алты жастағы оқушы мнемикалық әрекеті (есте ұстау қабілеті) әлі жетіліп болмаған. Оларда ырықсыз аңғару, яғни эмоциялық әрес етумен қызықтыру арқылы есте ұстау жағы басым. Сондықтан да материалды балалардың бірі-бірімен еліге қарым-қатынасқа түсу процесінде игерткен жақсы. Ойыншықтар мен кескіндеме-картиналарды мол пайдалану баланың бейнелі, ассоциациялы жадын дамытуға ықпал жасайды, ал мақсатты тапсырманы өзара әңгіме ұйымдастыру (ойлатып-сөйлету) арқылы орындатамыз.
Алты жастағы оқушының елестету қабілетінің мейлінше ұшқырлығын сабақ үстінде шығармагерлікпен пайдаланған ұстаз ұтады. Яғни ойлау қабілетін дамыту - көрнекі әрекетті көрнекі бейнелеуге ұластыру деген сөз. Алтыжасарлықтардың осы ерекшелігін ескере келе, мәселен, түрлі-түсті текшелерді (кубиктерді) сөздік үлгілердің құрылымымен таныстыру кезінде пайдалану, ал ойыншықтар мен картиналарды балалар осыған дейін меңгерген тілдік (лексикалық және грамматикалық) қарым-қатынасты пысықтатып, іс жүзінде қолдана білуді ұйымдастыру кезінде пайдалану ұсынылады. Ойыншықтарды бірте-бірте бейне-кескіндермен алмастыра білсеңіз, ойынның оқуға ұласуына қол жеткізгеніңіз.
Үлкендермен араласқан кезде балалар өзін-өзі тани бастайды, өз тұлғасының қаншалықты құндылығын білуге ұмтылады. Мұғалім балалармен қарым-қатынас ұйымдастырған кезінде, өзінің жалпы оқушылар тобына қарата айтылған ескертуін әркімнің өзіне арнап айтылған деп қабылдамайтынын естен шығармау керек. Яғни алтыжасар оқушы мұғалімнің күллі оқушыға айтып тұрған сөзін әр оқушыға қарата айтылған деп түсіне алмайды. Бұл жастағы бала мұғалім өзіне жекелеп (есімін атап) айтылған сөзге ғана мән береді.
Сонымен қатар оқушы бойында өз жадын өзі басқара білу қабілетін дамыту парыз, яғни олардың назарын нендей нәрсені есте сақтау керектігіне айрықша аудару қажет. Демек, балалар әріптің жазылуын, оқу ережесін, ережеге қайшы келетін жәйттерді, т.б. айрықша жадында ұстауы шарт.
Оқушыларға әлемдік деңгейде білім, тәрбие беру – қазіргі заман талабы. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының ролі барған сайын артып, моральдық факторлардың ықпал аясы кеңейе түсуде.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері – оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін сақтап, адамгершілік нормаларынан ауытқушылыққа жол бермеуді қалыптастыру.
Бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттағанда бәрін білсем, үйренсем деп үміттенеді. Нақтылы ойлауға шамасы жетпесе де, азамат болсам деп қиялдайды [4].
Бастауыш сынып – қиын да күрделі. Оқушылар жас, оның үстіне ой-өрісі тар, тіл байлығы кем. Сабақтан бұрын ойнағанды жақсы көреді. Жылауы да, жұбануы да оңай. Ұрсуды, кеюді көтермейді. Олармен тіл табыса білу үшін үлкендер өз жасын шегеріп, былайша айтқанда, «баламен бала болуға тура келеді».
Солармен бірдей күй кешесің, бірге ойнайсың, бірге күлесің, қысқасы, бар тілеуің солармен бірге болуға тиіс. Онсыз білім берем деу құмға сіңген сумен тең.
Сабақ басталды дейік. Алдыңда көздері жәудіреп бір топ бала отыр. Олар саған бір жағы сынай, бір жағы үрке қарайды. Мұғалім қалай қарым-қатынас жасайтыны, мінезі қандай екені, мектеп тұрмысының көптеген ерекшеліктері оларға әлі тылсым, жұмбақ.
Сезімтал ұстаз оқушылармен алғашқы таныстық үстінде – ақ көп нәрсені аңғара алады. Шәкірттерінің ой-өрісі ауқымын да бірден ажыратады.
Сабақ кезінде пайдаланатын көрнекілікпен бірге, оқушылар арасында өзара жұмыс ұйымдастырудың да көп пайдасы бар. Ата-ана мен мұғалім ынтымақпен бірігіп, бүлдіршіннің жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, жұмыс жүргізсе ғана тәрбие ісі әрқашан да оңға басады. 6-7 жастағы балаларға шет тілді үйрету қазіргі таңда педагогтардың, филологтардың және ата-аналардың негізгі мәселесі болып отыр.Қазіргі қоғамда орта мектептің оқушыларына шет тілін үйрету жүйесі қанағаттандырылмаған, сондықтанда осы жүйені мектепке дейінгі немесе 1 сынып оқушыларына шет тілін үйрету жүйесі дәстүрлі кезең болып табылады. Шет тіліне балаларды үйретуді «психология – педагогикалық» тұжырымдамада әр түрлі елдерде шет тілін үйретудің негізі салынған, осыған байланысты шет тілге үйрету теориясы қалыптасқан.Осы теорияға сәйкес балалар ересектер сөзіне еліктеу нәтижесінде немесе ұқсас жолмен шет тілін меңгереді.Басқа сөзбен айтқанда, баланың тілді меңгеруін және сөйлеу үлгілерін дұрыс қолдануды ешкім түсіндіре алмайды [5].
Бала 5-6 жасында күрделі грамматиканы үйренеді, өз ойын құрай алады, соған сәйкес сөйлеу қабілетін арттырады, ал 7–8жасында баланыңсөйлеу мәнері күрделене түседі.
Бұл теория бойынша бала бірінші тілді меңгерген секілді екінші тілді де солай меңгереді, соның арқасында өзінің ерекше қабілетін арқылы имитациясын қалыптастырады.

Пайдаланылған әдебиеттер





  1. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Под ред. Полат Е.С. М., 1999

  2. https://infourok.ru/shetel-tilin-bastauish-sinipta-oitu-321577.html

  3. Schukin A.H. Modern intensive methods and technologies of teaching foreign languages. - M.: - Tutorial, 2008. - p. 188.

  4. Бұзayбaқoвa К.С. Жaңa пeдaгoгикaлық тexнoлoгиялap:-A: Бiлiм, 2000.-85б

  5. Жaнпeйicoвa M.M. Moдyльдiк oқытy тexнoлoгияcы oқyшыны дaмытy құpaлы peтiндe. – Aқтөбe: PИПКСO, 1999.

УДК.811.161.1:001.895


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет