Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОж 821. 512. 122 Кбж 84 (5Қаз)



Pdf көрінісі
бет20/24
Дата04.02.2017
өлшемі1,88 Mb.
#3366
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

Уақытша ұсақ-түйекті ойлаумен ілгері басар аяқ кері 

кетіп жатқанын айтады. Кемшіліктердің себептеріне 

мейлінше қаныққанын білдіреді. Ертеңіне көңіл қоя 

алмайтын басшы орнынан елеусіз күш аударып тас-

тамас, қозғалмайтын қара тас. Шашылып жатқанды 

мүлде сезінбейді, күн-түн қатып арақ іш десе көз ілмейді 

дейтіндерін қайтерсің. 

Қыңырлықтың қисық ісі жетерлік. Өткір пікір, шын-

дық ой өтірікпен сыйыса алмай жүдеп тұр. Соны көргенде 

ішің тұрады өртеніп, мінбелерден терең сын айтылмайды, 

беталды бірін-бірі қолпаштаудан жалықпайды.

– Қоғамдағы келеңсіздікті тасқа тары, мұзға би-

дай шыққанда тиярсыздар, – деді бір айтқыш дерегіне 

шаруашылықтың былығын түгендеп айтты. 

Кері кеткен. Директор Анатолий Иванович: «Жұртта 

әйел болса, менде де бар, автокөлік болса менде бар, қай ди-

ректордан кем екенмін, пікірім жария, іліп әкететіндеріңді 

қуана айтыңдаршы», – деп сайрап тұр. Бұл кезде агроном 

Галина мен шаруашылықтың бас инженері қозғалақтап 

есептің шындығын айта алмай, көздері атыздай боп тұрса да:

– Басеке, әйеліңіз, автокөлігіңіз өзіңіздікі. Есеп шық-

пай жатыр. Қызық. 

– Не қылған бұзық? Қағазға түсір сызып. 

– Түсінбей қалдық жыл аяғында екі миллиондай 

шығынға батыппыз. Оның отыз пайызы егіншіліктен. 

Анатолий Иванович сабақ білмеген баладай жағын 

таянды, ойын бір жүйеге тоқтата алмады. 

– Ненің зардабынан, ненің қырсығынан, неге?

– Негесі сүт өндірудің өзіндік құны екі есеге шырқап 

шықты. Ірі қарадан қосымша салмақ алу жоспары екі 



308

есе  қымбаттады. Пайдаға, өсімге тырысу жоқ. Мүлдем 

түсініксіз. Масқара. 

– Мал қайда, түгел ме?

– Тәңірдің тал түсінде жоғалып жатыр. Мал өсіру 

шығыны елу пайыздан асты. Ірі қаралар шетінен қысыр.

– Бұқа қайда? Сиырға қарамай лағып жүрген не қылған 

көргенсіз бұқа?

– Жоғалған. 

– Бұл неткен індет? Мың торғай қамасаң, бір торғай 

қалмайтын қаусап құлаған қораларды жөндеңдер деп едім. 

Менің сөзімді жүрдім-бардым тыңдап желге ұшырасыңдар. 

Жүрегім шаншыды. 

– Көкөніс өсіру он есе қымбатқа түсті. 

– Капиталистің бір тал қызанағы бір тонна өнім береді 

деседі. Бізге не болған сонда? Жүрегім шаншиды, тұла 

бойым қалтырап кетеді. Есепшотқа қайта салып көріңдер. 

Айтпақшы, институтта оқығанда өтірік санды, жалған 

мәліметтен сынақ тапсырдыңдар ма?

– Жоқ. 


– Бастарың істемейді екен, мынадай шығынға бату-

ды нақтылап облысқа берсеңдер, ертең бәріміз мұрттай 

ұшамыз. Белшеден шығынға батқан шаруашылық кімге 

керек? Давайте, есепке шындық жараспайды, тездетіп 

түзеңдер. Сосын проблеманың түрін көбейтіп қатырып 

жазыңдар, көкөністі үстеп қоректендіретін техника 

жоқтығын білесіңдер, мал қорасын жөндеуге кірпіш, 

ағашты да аудан, облыстағы тиісті орындардан сұрай-

сұрай жағымыз талып өмір жасымыз қысқарды десек те, 

қолға кірпіш тигізбегенін көз жастарыңды төгіп отырып 

жазыңдар. 

– Ол жағы өтірік емес, совхоздағы жиырма «К-700» 

тракторының жетеуі ғана жұмыс істейді, басқасы қосалқы 

бөлшектің жоқытығынан құрыды, үзіліп жұлымы, – 

деді инженер өзін ақтап алуға тырысып. – Сиыр сауатын 

механикалық аппарат жоқ, әйелдерден уәде бере-бере 

ұялғаннан жерге кіріп кете жаздадық. Бізді өтірікші суайт 

көреді. 


– «Көктау» шаруашылығы көгермей жатыр, эконо-

микалық анализ жоқ, мамандары ләйліп жүр деп бас-

шылыққа хабарлапты. 


309

– Е, қандай сұмдық, шаруамыз шапыраштанды, біт-

кен жеріміз осы шығар, – деп Анатолий екі иығын селкіл-

детіп. – Өздеріңе обал жоқ, бірге бірді қосқанда екі бола-

тынын білмей ұйықтап жүрдіңдер ме? Мұншалық кері 

кеткендігім ұяттың өліміне тірідей жеткендікті көздерің 

алақтап әлі түсініп тұрған жоқсыңдар, – деп Анатолий 

үстелін қойып қалғанда сия сауыт құралдары жан-жаққа 

бытырай ұшты. Ығыр қылатын өтірік толы қағаздарды те-

резе желдеткішінен соққан жел бөлме ішінде қуып жүрді. 

Өтірікшілер тобы өң-сөлсіз сілейіп қалды. 

Шатақ шалыс. Бүгінде сілейгендерде көкірек керу 

қалған, оның есесіне көкірек қуысын түрлі үндестікпен 

толтыру арман. Біледі бәрі де көлгірліктің екенін жалған. 

Дегенмен билік, әміршілдік біреулерге көл-көсір дүниедей 

арман. Бірақ, қызығы, жақсы дүкендерге түскен дефицит 

мүлікті пышақ үсті таласып алған. Одан соң салқар көштей 

кезекте қарап тұрмайсың, газет-пәзет оқисың. Дәл осын-

дай Ақмоланың қақ ортасындағы базар ішіндегі дүкен 

алдында қарақұрым халық сып-сыпайы кезекте тұрып, 

қолындағы барын оқиды. Екі ағайынды социализм мен 

капитализмнің кейбір жұмбақтарын айтады. Адам ата мен 

Хауа анадан жаралаған Абыл мен Қабыл бір-біріне мен өсіп 

кетейін, сен өшіп кет деп салғыласып тұрып, ақырында, не 

жетпеді, бірін-бірі өлтіріпті дейді. Екі туыстың өштігінен 

ана шошып, коммунизмді іш тастапты дейді. Тірлік солай, 

жұмыр жер кеңістігі толассыз талас. Жарастық аз, алакөз 

бен суық көзқарас. Айтады екенсің деп жүдеу, алдындағы 

ескі болса да интеллигентше киінген азамат газеттің 

төртінші бетіндегі кім мен кім соғысып жатар, кімді кім 

өлтіріп кетті, қандай мафияның ұясы талқандалды деген 

сықылды хабарларды көзі шалып қалды. Интеллигент 

газеттен құныға іздеп тапқан зұлымдыққа жиіркеніп, 

артында тұрғанға қарады да: «Бұл жүліктер, зәлімдерді 

жер жұтып таусылмайтын ба еді? Ұсталған сайын арам 

шөптей өне беретін не пәлесі бар? Әлде ұстап алады 

да, шынықтырып, түрмеде тынықтырып, әлемдегі заң 

біткенді үйретіп, арқасынан қағып лаңдата бер деп боса-

тып жібере ме?» деп күңкілдеді. Толқып күлді. Осы кезде 

менен кейінгі кезекте тұрғаны иығымнан тартып, бажасы-



310

на басы қышып базыналық көрсететіндей: «Біз не-ненің 

кезегінде тұ-тұрмы-з, не-не сатып жа-тыр?» деген еді ке-

кештене. Өзім де ештеңені білмеген соң, иығымды қиқаң 

еткізіп, мазалама деген белгі беріп едім. Әлгі одан сайын 

өршіп, тар маңдайы аптапқа тершіп:

– Не-не-нің кез-е-гі? – деуін қоймады. Бұл жолы же-

ңімнен тартқылады. Апыр-ау, жұрт сияқты жөніне тұрып, 

болмаса анау жердегі қыз бен жігіттің тәңірдің тал түсінде 

сүйіскеніне рахаттанып немесе жолы болмаған социализмді 

армандап тұрмай ма? Тақа іші пысса қалтасына тұз салып, 

бала кезімде аштықтан жанымды сақтаған осы тұз, қазақ 

қарғыс атқанды нан мен тұзға тапсырады де. Ойланып:

– Ойыл өтіп тұрмай ма? – дегенде, жыным ұстап 

ерегестім де қатал үнмен:

– Жүлікті сатады, кәдімгі капитализмның зіңгіттей 

жүлігі, соңынан айырбасқа қарыз береді, мүлігі ілесіп 

келеді, қорадағы қысыр сиырың мұзға бұзаулайды, қа-

ра тастың үстінде желіндейді, колхоз-совхоздағы мал-

дан қол көтересің, шет елден тегін тамақ ағылып келеді, 

өндіріс орындарын құртасың, байып шығып Америкаға 

зытасың. Алтынданған сарай үйің болады, атом бомбасы-

на да өртенбейтін, оқ өтпейтін, жын деген оққағарың бола-

ды. Маржандай жарқыраған жүзің болады, социализмнің 

қайырсыз ортаға жиған мүлкін талап ал деген ызың бола-

ды, өз тағдырыңды өзің шеше алмасаң, қоғамнан қайыр 

күту қиын болады, дүкендерден таңдап алатын американ-

ский үстіңде киім болады, ұйтқуы қатал жиын болады, 

құйындатқан әрекет осындай, сүрінбей өт ештеңеге тосыл-

май, социализмді жақтаушыға қосылмай, енді түсіндің 

бе? – дегенде әлгі кекеш ауызы айға қарағандай аңқиып 

таңырқады да:

– Қандай мү-лік-ті де-діңіз? – деп құлағының аздап 

тосаңы барын да байқатты. Менің жорта кекеткенімді 

түсінбей қалды. Осы кезде оның артында түрған қыли көз 

біреу аузы-аузына жұқпай «Жүлік те емес, мүлік те емес, 

зат біткеннің бәрі шеттікі, өзіміздің шындығымыз тыр 

жалаңаштанды» деп өкпелідей ұртын томпайтты. Өзінше 

еркексініп иығын қомпайтты. 

– Тыныштық керек, не сатылмай жатыр, бақаша шу-

лап не бітіресіңдер? – деп мен де АҚШ-тың араласуымен 


311

әлемнің әр жеріндегі қырқыс па, соғыстар ма, газетте 

жазылатын хабарларға көз жүгірте бастадым. Жүз елу 

елде әскери базасы бар Американың солдаттары әйелді 

көрсе зорлап тастауды жапондарға атом бомбасын тастап 

билігін жүргізген күннен бастады деседі. Тарихта 155 

миллион үндістердің басын қырқып тастағаны және бар. 

Ол-ол-ау Гавай аралына дейін сатып алып, әскери база жа-

сап, еркіндігінің езуін тілді деседі деген оймен газетімнің 

беттерін ауыстырғанда, алдымдағының қалқиған 

құлағына тиіп кетті ме, мойынын бұрып, маған алая 

қарады да гүрілдек үнімен: «Қолыңдағы жалғыз газетке ие 

бола алмайсыз ба?» деп лаңкестердің жарылғыштарындай 

сөзін тарс еткізді. Қайта-қайта кешірім сұрасам да 

алайған көзін оқша қадап жерге тығып жібере жаздады. 

Көнтік еріні жыбырлап: «Біз бара-бара ұятты ұмытатын 

шығармыз, кісіні сыйлау жайына қалар ма екен?» деді. 

Шамасы социализмнің үлкен өмірінен тарықпай, ата-ба-

басы қантөгіс қырғындарынан аман-сау шығып, кемеліне 

келіп, рахатын көріп өзіне-өзі риза болған-ау. Сөз саптасы, 

бас қондырысы соған ұқсайды, сәл нәрсені де қолайсыз 

сезетіндігі, шыбық тисе шыңқ етер, қарсы келгенінің басы 

кетерге, яғни заманына сай адамы болғасын оған өкпең 

жүрмейді, кешірім сұрап үнсіз мүлгисің. Рас, үрей ал-

дында мүлгуден әлемде алдына жан салмаған елміз. Ба-

сылып тұрған жасық мінезімді, менді ұмытқан, төртінші 

сорт екенімді әлгі шүй желке тез аңғарды ма, айбатта-

нып: «Бұ жұртқа социализмнің оқуы өтіп кеткен. Өзінше 

білгірлігімен көпті арбап еліктіргісі келеді, онсыз да әр 

жердегі топталған тобырдың арасында жүріп билікпен 

байланысып қалғысы келеді. Неткен сорлылық, кезекте 

тұрса қау-қауласып, дау-дауласып саясатты сыпырады. 

Социализм шын өлмей, өтірік өліп, біраздан соң қайтып 

келсе, бәріңнің жон терілеріңнен қамшы өрер едім. Бұл 

неғылған-айқай сүрең?! Апыр-ай, бәрі де өзінен артқан 

білімді жоқтай көріп, саясатты, экономиканы әңгімелеп 

білгішсінеді. Талай жұмысты атқарып, омырауға талай 

орденді тақсақ та тып-тыныш тұрмыз ғой. Ақырында алар 

үлесімізге көңіл көншімей итзықымыз шығып, мыңқиып 

қалдық, – деп әлгі кекешке мойынын бұрып: – менен бол-



312

са да жасың кіші, сонау кезектің алдына барып не саты-

лады деп сұрап келсең құл боп кетпессің, – деп естіртер-

естіртпестей, – маған жер саудасы керек еді», – деді. 

Оның сөзін естіп қалған алдындағы құйма құлақ 

бұрылып: «Қазақ қызын сатса да жерін сатпаған, босқа 

тұрған шығарсыз», – деді. Ал кекеш әлгінің сөзіне түйіліп 

жұмған аузын ашпады. «Екі таудың арасында шыбын 

өледі» дегендей үстемсігенге іші мұздаған бәкене бойлы ке-

кеш иығын селкілдетіп: «Мен-і ке-кеш деп сөгіп. Ақ-сақал 

жұ-рт-ты, мін-еп, шен-еу, орын-тағыңда са-ған жарас-қан-

мен ма-ған жар-ас-пайды, ау-ыз өзің-ді-кі тар-тып тұ-р. 

Се-ні ке-зекке сү-мір-ей-тіп қой-ған ме-нің ке-сірім ем-ес. 

Айтақ-тайтын ит-ке тең-еп! – деді. Сосын бір дем алып: – 

Кі-сі сый-лауды ұмыт-пау ке-р-ек!»

– Інішек, әрілемей-ақ қой, жыланды үш кессең де 

кесірткедей қуаты бар деген. 

Сонымен бірі ғылым кандидаты екенін, бірі директор 

екенін айтуға дейін барып, едәуір салғыласты. Әйтеуір, 

кезектегілердің қай-қайсы да жанындағылармен айқай-

шу, ыри-тыри бейне араның ұясы тәрізді. Адамдар осын-

дай жерде тым кінәмшіл, әпербақан болып кете ме? Ба-

сынан сөз асырмайды. Жұлын-жүйке жұқарады, қайтсін. 

Бірісі жақсы атақты адамдармен кезекте бірге тұрғанымды 

мақтана ойлап қоямын. Дегенмен шыдамым таусылып бір 

сәтте: 


– Ау, ағайындар, кезектен шығып айтысыңдаршы, га-

зет оқуға мұрша бермедіңдер, – дедім. Мен де еркек емеспін 

бе, бір гүж етуім керек шығар. Бірақ осы кезде әлгілер жа-

мырай қосылып:

 – Немене осы жерге білім көтерейін деп келдің бе? Одан 

да не сатып жатқанын білмейсің бе? Шамасы елде жоқ, де-

фицит шығар. Әйтпесе, кезектің ұзындығы бір-екі кило-

метрге жетпес еді, – деді бірі. Жалынышты түрде айтты. 

Расында осынша адамдардың кезекте тұруы тегін емес деп 

іштей долбармен қуақыланып:

– Социализмнің ер-тұрманы алтынмен апталып, кү-

міспен жабуланған есегін сатып жатыр деседі. Бірақ базар 

бағасынан аспайды деседі. Аздаған тұмау-сымаудың мик-

робы қосылған киім-кешек, ойыншықтарды есекті сатып 



313

алғанға тегін береді деседі. Бағасы, сапасы шетелдік 

тауарлар жеткілікті көрінеді, бұзаулы сиырдың құнына 

татитын дамбал да бар көрінеді. Дамбалсыз қалғандар 

дамбал киіп шықса, директорлар алтынданған есек сатып 

алады, онда тұрған не бар?

Сөйткенше, анау алдымыздағы бір әйел долдық қысты 

ма, үріп ішіп, шайқап төккені көзінен бұлбұл ұшты ма, 

баж етіп бала тастағандай мамалады да: 

– Әдепсіз неме, қойныма қол жүгірткені несі-ей, ақша 

салатын әмияным төсімде тұратынын қайдан біледі, өткен 

заманда жүлік те, ұры да болмаушы еді, капитализмнің 

сұрқиясы, оңбаған неме, – деп шу көтерді. Ол-ол ма, өз-

дерінің жұлын-жүйкесі жұқарған әйелдер кімді аясын, 

жүдеулеу жігіттің ескі киімінің алба-жұлбасын шығарып, 

сойылға жықты да салды. Осы кезде түйенің жарты етіндей 

әйел «Өзі калбит емес пе?» деп аузынан жаңсақтау сөзін 

шығарып алып жалт қарағанда, кезекте жалғасып тұрған 

қара торының әдемісі, қара көз әйел сабырмен «Калбит де-

ген кемсіту ащы сөзің социализмнің шавонистерімен бірге 

өліп қалды, енді тірілмейді, адамды кемсітуге үкім ста-

тьясы бар біліп қой» деп ақылға шақырды. Сөйтіп қалың 

кезекке тұрып, нетүрлі қиқу мен шеке қызбай төбелес, 

қалта қағарлардың «қызығын» көріп, ілгері ұмтылып 

қарасақ жұрттың қырылып-жойылып алып жатқаны, 

құдай төбесінен ұрғыр шет елден келген, бағасы жүз есе 

қымбаттап шыққан «дихлофосы» екен. Удың аты – у, у-ға 

да жұрт таласқысы келсе таласады. Содан салым суға кетіп 

текке өткен төрт-бес сағатымды аяп ішім күйді. Осын-

дай уақытта халықтық бақылаушылар біраз қылмыстың 

құпиясын ашып, қазына сандығына пайданы түсіріп тас-

тайтын мезгілімді жоқтап, діңкем құрып ойландым да: 

«Ей, сатып алайын, удың да керегі болар, әзірге базардағы 

асымыз адал болғасын шыбын-шіркей тірі, шыбынға да 

ақыл кіріп, улы тағам келе бастаса қарасын батырар, оған 

дейін у керек» деп сатып алдым. Ал кезекте білімдерін, 

бұрынғы лауазымдарын бірінен-бірі асырып мақтанып 

тұрғандар да уды алып жатты. Бірі де ауыздарын құм 

құйылғандай ашпайтыны қызық. Қайтеді, капитализмнің 

мінезі байқамасаң бұзық. Оның уы да бір кәдеге жарап 



314

қалады. Кезінде айтқыш атанған біреу сөзін естіртіп: «Ер-

теде осындай базарда біреудің сақалы шылымының отынан 

тұтанып жанып жатқанын көрген қасындағы досы «Тоқтай 

тұр, қашпа, қолымды жылытып алайын» депті», – деседі. 

Сол айтқандай, кезекте тұрғандардың біреуі күлсе, бірге 

күлейін деп күлкіні сағынып едім, ешкім күлмей, қанын 

ішіне тартып сұрланғандарың не пәле? Өлген социализмді 

тірілте алмай өксіп қара жамылғандай болуларың сұмдық 

екен. Ылғи да арбау, ылғи да зұлымдықпен өткен жылдар-

дан құтылғандарыңа қой айтып, садақа бермейсіңдер ме 

деген оның сөзіне ден қойған ешкім болған жоқ. Өйткені, 

тірлікті жеңіл-желпі түсінетіндерге бәрібір. Аз да болса 

өз пайдаларына алданса жетеді. Дегенмен көз алдарында 

қоғам байлығын күйеше жайпап бара жатқан белгісіздікке 

таңырқайтындықтан:

– Базар бағасы, жаныңа не керектің бәрі де бара-бара 

удың құнымен өлшеніп кетпесе жарар еді, – деді тиесілі 

уын алып ыдысты қарап тұрып ескі кепкісін түзеткен 

сойдақ тісті. «Ақылға сыймайтынды да көріп қал, берер 

жеріңде беріп қал, алар жеріңде ақың кетпесін алып қал» 

дейтін әкесінің сөзін қайталап, ойына оралтты ма екен. 

Мұның соңы әлдеқалай болар деп ойланғандар қоғамның 

жаңа заңына да орын қалдырып, аяғын еркін баса бастады. 

Шатақ-шалыстың да кейде қайыры тиіп, ертеңгіге үлгі боп 

жатады. 


Ойыншық.

– Үлгіні елден алмаған жұмысын да, тірлігін де жөндей 

алмайды. Тау-тасты, өзен-көлді бірінен-бірінің артық-

кемдігіне ақылы жетіп, батылдығы өтіп салыстыра ала-

тындар аз болар. Сыртын көріп сипалап, ішкі сарайын 

білуге немқұрайлы қарайтындар жаңсақ қадам баспай 

тұрмайды. Жақсының жақсылығын көріп, себебіне терең 

үңіліп, есте қалдырсаң, қиялыңды қалықтатады. Түзулік 

аз, қисықтықтың себебін тап. Ұсақ-түйек нәрседен қаш, 

ұлы нәрсені ойластыр, ұлтымыз осыны тереңнен ойла-

ған, – деген Дүзелбай нағашымның көрген қысымы, 

үмітін кескендей азабына қайсарлықпен төзуі ата-ба-

ба өнегесімен шарболаттай шыңдалуы еді. Маңында ізгі 

ниетті, дархан пейілділер аз болды, қудалаушысы жетіп 



315

жатты. Құтырына соққан саясаттың да тұтқыны болып 

жазасын өтеді, бірде-бірі сындыра алмады. Жан азығы 

ақиқатты аңсау, шындыққа жетуді армандаумен өмірден 

өтті. «Ақыл-кеңесі, асыл сөзі замандастарымен қатар 

жүрегімде жаңарып тұрады» дейтін Шәміл. «Кемшілік 

жүрген жерде кеңшілік болмайды, теріс ойлы басшы тақта 

отырғанда теңшілік болмайды. Еріншек елемей кетуден 

тынбайды, сөйте тұра еңбегін пұлдайды. Шалағайлар 

шатасып жүреді, сыбайластар шырмауықтай матасып 

жүреді. Істері қуандырмайды, назарыңды суалдырады. 

Балалардың бір қуанғанына не жетсін десеңіз, ойыншық 

жасайтын «Арман» зауытының ойыншықтарды жоба-

лау цехында ешқандай жаңаша технология жоқ, әр ме-

талл әр жерде шашылып, құрастыруы қиын, сапасыз 

ойыншық тұтынушыға жетпей, бағаланып кетпей жа-

тыр. Қазақ ССР жергілікті өнеркәсіп министрлгі бала-

лар ойыншығын құлпыртуға он ай ойланайық, жүз ай 

толғанайық деп жүрдім-бардым сиырқұйымшақ сөзбен 

мәні бар жұмысты мәнсіз етуде. Балалар алдында күлкі 

болып беделден айырылғанға ешкім айылын да жи-

майды. Тірлік – ойыншық. Қазақ «Баланың ойыны – 

бақсының жыны» дейді. Осындай ащы сөздерді ойнап 

шығарған жоқ, ойлап шығарды, құнтсызды, тоғышарды, 

дымбілместі, өтірікшіні толып жатқан жұқсыздың 

қасіреті қалыңдығына арнады. Бір сылтаудан мың сыл-

тауды қоздатады, шашылған қоғам қаржысы, өндіріс 

байлығын қалтасына басып тасынған басшы дейсің. 

Тасынғанның көкесі – Торғай облысы «Қарынсалды» 

совхозының басшысы Сергеев пен мал мамандары Доб-

ношиев пен Көшекбаевтардың қылмысынан шошисың. 

Бірер айда он 12 ірі қараны мөңіретіп, 741 шошқаны 

еңіретіп туыс-туғаны, жолдас-жорасына үлестіріп берсе, 

3 шошқаны бақпай, арам өлтірген. Кеңседе қағаз кеміріп 

отырған басшылардың бетіне әзірге ешкім жел боп тиген 

жоқ. «Куди-суди» деп қылмысты істі жауып тастайтыны-

на таңым бар. Сыбайластардың ойластыруынша, анық-

қанығы, алым-берім заңы бар. Мұндай қылмыстың ақыры 

немен тынарын күте тұрыңдар, ей, күтудің де қажеті жоқ 

шығар. Өйткені, басшылық біледі, бірақ білмегендік та-



316

ныта қойса қайтесің. Әңгіме басқада, қозғалыс таппайтын 

шаруада. Бірді айтып бірге кетті дей көрмеңіз, «түйесі 

жоғалмағанның бәрі есті» дегендей біреулері малды талап 

жатса, құрылысты талаудың жағдайына күлмесең ерінің 

жырылар. 

 * * *

Балалардың күл-талқаны шығып сынып бытырап 



жатқан ойыншығындай кәрі құрылыстар да жетеді. 

Түйеге мойының қисық екен десе, түйе менің түзу жерім 

жоқ депті. Сол айтқандай, Арқалық қаласындағы шұрқ-

тесік үйлер, қозғалуын ұмытқан крандарды көріп түсу 

үшін екі-үш қапшық тұз жеуің керек шығар. Өзінің 

құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындары 

жоқ, республиканың түпкір-түпкірінен тасылуға тиісті 

кірпіштерді, қабырғалық және жабын материалдары-

на қарай-қарай көздері талады, көздері қарығып жас 

боп ағады. Арқалық құрылысын жүргізуге шарттасқан 

министрліктер өтіріктерін жібектей есіп, кабинеттерінде 

жалған құжаттардың шаруасын шешіп, Орталық ко-

митетті алдаудан жалықпайды. Қазақ ССР арнаулы 

құрылысы министрлігіне сөз өтпейді, сынаған сайын 

өтіріктері жаңарып шыға келеді. Тағы да «Жетісай құры-

лыс бұйымдары» зауытының бір емес, бірнеше жылдар 

бойына бітпей тұруының себебін министрдің орынбаса-

рынан сұрағанда су ұрттағандай ұртын томпайтты да, 

үнсіздікпен кабинетінен шығып кетті. Республикада 

жыл сайын құрылыс салу жоспары елу пайыздан аспай 

отырғаны, біраз министрліктерде «сен салар да, мен са-

лар, атқа жемді кім салардың» кебі дағдыға айналған. 

Олар аядай жерде шарадай жиын ашуын ашады, оның бәрі 

өндірістік тәртіптің, жоспардың орындалуының ұшығы 

түгілі, пұшығын да көрсетпей тынады. 

 

 * * *



Балға төске жалынса, біз өтірікшіге өтіміз төгілгенше 

жалынамыз. «Риссельмаш» зауыты Қызылордадағы ірі 



317

кәсіпорын болмақ еді, қаржы жағы қытылмай қолдаулы 

еді. Бірақ балғаның да, төстің де жағдайы оңбай қалғаны, 

құрылыс қаңқасы бітпегесін қымбат жабдықтар, құрал-

саймандар, түрлі аппаратуралар ашық алаңда күнге 

күйіп, жаңбырмен таттанып құрып жатыр. Қазақ ССР 

ауыр өнеркәсіп министрлігі әне-міне деп уәде беруден 

тау тұрғызуға болатын шығар. Зауыт құрылысы туралы 

КПСС Орталық комитеті мен СССР Министрлер Советінің 

қаулысы да дәрменсіз болуда, басы бұлдырықтай бастал-

ған істің аяғы қылдырықтай болып тынып бара жатыр. 

Қырсыздық аяғы немен тынары белгісіз. 

– Қылмыскердің қандайы да мен түк кінәсізбін деп 

шыға келеді, сондықтан халықтық бақылаушылар жа-

нын сала кемшіліктің аңғарыла бермейтін қалтарыстарын 

да тауып, қоғамды түрлі кемшіліктен, қылмыстан та-

зарта алатындыққа көз жеткіздік, – деп Шәміл түрлі 

тексерістердің мақсаты мен тиімді тұсын үнемі жобалап 

отыратынын айтар еді. Бұл мемлекетке аз да болса пайда 

келтіру, өзгелерді сақтандырудың жариялы түрі табыссыз 

емес еді. Табыс адал еңбекке құрылса, ғұмыры ұзаққа кет-

пек қой. Жемқорлық, пайдакүнемдік аласталып, мақсатқа 

сәйкес іс атқарылар еді. Оны кейбір лауазым иелері түсіне 

бере ме? Тарихымызда жақсылықтардың жол тартып, 

жұртшылықтың есінде қалған оң істер аз емес еді. Қалың 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет