Құлыяс Табыл. Таңдамалы. Үш томдық / Т. Құлыяс. – Астана: Фолиант, 2015. ӘОж 821. 512. 122 Кбж 84 (5Қаз)



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата04.02.2017
өлшемі1,88 Mb.
#3366
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

ларсыздар» деп кекеп мошқаудан басқа кісілікті білді ме? 

Рауаят айтар ақылы миында емес, көзінде сорлының, – деп 

ызасын тарқатқандай сыңай білдірді. 

 – Рас айтасыз, ғасырлардағы тарихымыз ауыр. Өткен 

қоғамның бәріне жирене қарау да жараспас, – деп Шәміл 

көре алмаушы, ішмерездің тұзағына түскен Жетпісбайды 

шығарып салды. Домалақ арызшылардың мезі қылғаны-

на да кім төзбеді дейсің. Шәміл өткен тарихты есіне жиі 

алатыны да бар. 1921 жылғы басталған аштыққа ұрынған 

адам саны қазақ елінде 1213026-дан айналасы төрт ай 

ішінде 2305591-ге жеткен екен. «Авангард красного вос-

тока» журналының 1-7 санында 1917 жылы Қазақстанда 

мал саны 2571770 бас болса, оның 1922 жылғы есепте 

88%-ы өкіметке тапсырылып жойылған екен. Аштық өрті 

өршіп тұрғанда 1921 жылы 400 мың орыстар қазақ жеріне 

қоныстануға жер аударылғаны және бар. Шындыққа 

бұлтартпастан жақындайтын деректерді білгендер ішінде 

құпия сақтады. Коммунистік қоғамға тап-таза пейіл-

мен еңбек сіңіруден басқаға алаңдауға рұқсат та жоқ 

еді. Сонда да ауыл, елде айтқыштар «Рахымсызды сы-

йлап «рахмет» күтпе, қисая кет молаңа уһ деп» дегенді 

ащы мысалмен санаға жеткізіп отырды. Жер бетінде 



225

қаншама адам бар, солардың көбі жақсылық күтіп, жар-

дан ұшқанын да аңғармай қалатын еді. Өлгені өліп, тірі 

жүргені қазақша сөзінен айырыла бастады. Жер тарихын, 

ел тарихын ұрпағының құлағына құйғандар жоғарыдағы 

жатыпатарлардың қудалау, өрескел азабын аз шеккен 

жоқ. 

  

* * *



Туып-өскен жері, білім алған құт мекені Сарбиеде де екі 

Керей болды, жұрт бірінің лақап атын «жазғыш Керей» 

десе, екіншісін «айтқыш Керей» деп жүрді. Жұрт абайлап 

сөйлейді, аяқтарын аңдап басады. Жазғыш Керейді көрсе 

сескеніп, маңынан қашқақтап, қасына жуымайды. Үш-

төрт ауылды қамтитын ауылдық кеңесте Аманғали деген 

милиция бар. Егін орағы кезінде, астық піскен бойда ми-

лиция көзінің шырымын алмайтын шығар, бір уыс кел-

дек дейсің бе, бір уыс бидай дейсің бе, ешкімге ұрлатпай, 

қырманнан «қызыл керуенді» өзі басқарып, жатыпатар-

ларына қатты тапсырып жатады. Жазғыш Керей жұртың 

күңкіл-сыңқылын да, бір сабақ бидайды кім жымқырды – 

бәрін біліп, милицияға жеткізіп, жазалатып отырады. 

– Түрің құрсын өлік сияқты болған!

– Жауыздың көзі алайып кеткен бе? Ордаңдап жүрісі 

бұзылыпты. 

– Адамның қанына тоймай жүрген шығар, – деп 

сыбыр-күбірмен айтылған ащы сөздің өзі адам кейпіндегі 

құбыжықтардың кім екенін түсіндіретін еді. Саясат 

үрейлендіре түскен сайын адамдарда мейірім азайып, 

қатыгездік күшейе түсетінін түп-түгел жұрт қатты ұғын-

ған. Жоқ нәрседен қылмысты атанып, жатыпатардың 

құрбаны болғандардың туыс-туғандары жер соғып, қарғап 

жатады. Қара ниет залымдар оған қыңбайды. Жұрттың 

үрейленгенінен масайрап шығады. Қызыл жағаның да, 

жатыпатардың да айтқаны жүріп, түкірігі жерге түспей 

тұрғанда жұрт аузында, «милициядан байым болсын, 

үнділік шайым болсын, тыныш жататын жайым бол-

сын, қоспасыз қанға қоса адал арым денеме сіңсін, келер 

ұрпақ шындығымды айтып жүрсін» деп әндетеді. Тоқсан 

15-0203


226

шықырымдық Сарыбиеге сирек қатысатын көлікпен ан-

да-санда келетін райком өкілдері ауданға қайтарға көлік 

сұраса, райком түгілі, милиция да жаяу кеткен деп сөзді 

тікесінен қайырып жатады. Ел жүдеу, ондайға сын-мін 

тағылмайды. Соғыс жылдарындағы аштық, жоқтық та-

лайды іргесіне тақаған-ды. Сонда да жұрт аспай-сас-

пай, шаруаны ретімен түгендеп, жақсылықтан үмітін 

үзген жоқ. Еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін 

жүректерінде ұйытқан «Бәрі де майдан үшін!» деген 

ұраны болды. Өңірдің жүздеген азаматтары сұрапыл 

соғыста жүрді. Солардың бірі Нұрымгерей еді. Майданнан 

анда-санда хат келеді, ұрпағы, туыс-туғаны өзі аман кел-

гендей қуанысады. Осы кезде жылқышылар Қилаш пен 

Қашет майданға сәйгүліктерді дайындап, өздері жеткізеді. 

Жұрт: «Елден кеткендердің тақымына құт болып, жауды 

жеңсін!» деп шын пейілмен тілеп жатады. Қашет мақау, 

бірақ оның қайраты сұмдық, бесті асаудың құлағына 

қолы жетсе тырп еткізбейді. О да үрейден сескене ме, ми-

лицияны көрсе қорқып тұрады. Үрейдің қолшоқпары, 

жағына да білетін, табына да білетін жатыпатардың тағы 

бірі – есерлеу Тырбық ештеңеден сескенбейтін ерлігін 

көрсеткісі келіп, Қашеттен де қайраттымын деп, алды-

на барса тістейтін, артына барса тебетін жирен асау атқа 

жабысқанда, тепкіден ұшып, жан тапсырды. Оны естіген 

әйелдер «Бидай ұрладың деп ышқырымызды тінтетін 

жалмауыздан құтылдық» деп қуанып жатты. Тостағандай 

ауылдағы қулық-сұмдыққа төзсең төздің, төзбесең түрмеге 

кетіп өлдің. Ауылдың кеңесті басқаратын, ақсақ болғасын 

соғысқа жарамаған Құттығали қырманнан «Төрт балам 

аш отыр» деп жұрттың көзінше бір тостаған бидай алған 

әйелді қорғайды. Ұрыны көрер көзге Құттығали жақтады, 

қылмыскерді сақтады деп милицияға көрсеткен әлгі 

Тырбық еді. Кеңес басшысы «халық жауы» делініп, сегіз 

жылға сотталды. Елге жазған хатында: 

Арнадым адал достар, құрдасыма, 

Елдегі қатар өскен сырласыма.

Жата алмайтын аунап-қунап мамық төсек, 

Қара жер қатты батты жамбасыма,

Тақымдаған тақсірет зіл боп түсті бір басыма, – 


227

деп зарланғаны ел жадында жүрді. Жан баласына жа-

мандық жасауды білмейтін қалың көптің мұң-шерін тү-

сінген боларсыз. Мылқау-соқырға дейін үрейден шошыса 

да, сарғайып жақсылық күтті. Жүздері сынық, қайғы тұр 

ұлып, жаны мұздай, көрмеді жылып. Билікке кімнің өресі 

жетеді, қоғам солай, тірі болсақ көрерміз деп тынады. 

Өйткені тірілер түгілі, өлілер шошитын үрей беттетпейді, 

жүректерді мұздай қариды. Шәміл замандастарының 

елдегі тағдыры осылай уақытпен алмасып жатты. Қырық 

жамау киім, тойып тамақ ішу ұмытылған, балалық сезім 

жоқтықпен кірігіп, сабақтан бос уақытта шаруашылық-

тың жұмысын атқаруға арналған ауыр кезең. Еститіні 

әйелдердің зар үні: 



Қамысы Қожакөлдің желмен шулап, 

Жүрегім соқты қатты неге тулап?! 

Майдандағы ағалар еске түссе, 

Көз жасым омырауға ағып тұрмақ, – 

деп әндетеді. Періштедей пәк апалардың қайғысы. 

– Оның бәрін ағыңнан жарылып еске алудың өзі жа-

ныңды ауыртады, – деп Шәміл өлімшілікпен күн кешкен 

кезді тереңдеп айтуға көбіне құлықсыз. Бірақ жүрегіндегі 

мұз боп қатқан әкені жоқтау жадынан шыққан емес. 

* * *

Шәміл көп оқыды. Бос уақытында қолынан кітап 



түспеді. Білігі, білімі адамдарға шарапаты тисе жетер еді. 

Кейде саясат тірлікті мүлдем танымастай өзгертіп жата-

ды. Ондайда ойын ерте дүние тарихына тастап, жәй жы-

мия күлді де: «Грек пен Рим мифологиясында сиынатын, 

табынатын құдай аз болмағанға ұқсайды. Гея мен Уран-

нан өсіп-өнген, биікке жеткен 12 құдайды ерекше атай-

ды. Жаны қысылса, соларға жалбарынып іздей бастайды. 

Онсыз көр қараңғылықтан шыға алмайтындай сезінеді. 

Ең күштісі Атлас болса, ақылы асқаны Прометейді 

аңызға айналдырады. Әр түрлі әуресі көп қоғамда қалың 

көпті тірлік сүрлеуіне түсірдің деседі, табынса өмір сүруі 


228

жаңарып шыққан сияқты түсінеді», – деп толғанды. Бірде 

«Құдайдың басқа салғанын күтіп алдық, дүлейсіз де күн 

көрерміз» деген Кәжен ақсақалға қамшысын үйірген Бек-

бол бригадир: 

– Қайдағы жоқ құдайды айтасың аузыңды ауыртып

қазіргі құдайымыз Ленин, Сталин, Маркс, Энгельс емес 

пе? Бұл сөзіңді менен басқа біреу естісе түрмеде шірисің, 

білдің бе?! – деп тұқырта сөйледі. 

– Е, жаңа білдім, дұп-дұрыс сөзің, өзің айтқан құ-

дайларға жатсам-тұрсам сыйынамын. Осылардың есімін 

атамасам, ішкен қатықсыз көжем бойыма жұқпайды, 

шақшадай басы түскір тірлік етуді ұқпайды, онсыз шиқ 

етіп жаным да шықпас әлі. Пенде болғасын арамыздағы 

құдайсынғандардың арасында бір қайшылық бар ма деп 

күмәнданып қалатынымды өзің сезген нағыз кереметсің. 

Біліп қой, олай-бұлай кейде ойқастайсың, өте дұрыс, мен 

болсам Ленин, Сталин есіміне сүйсініп, құдайдай көріп 

атасам болды, жүрегімдегі атамзаманғы қатқан мұз ептеп-

ептеп жіби бастайды. 

– Қайдағы мұз?!

– Е, немере інім-ай, сені туғанда анаң ұлды болдым, 

елдің қорғанын өмірге әкелдім деп қуанып еді. Жарайсың, 

қоғам мүлкін қорғап жүрсің, алуан түрлі бастықтың 

қасына ердің, жарайсың. Бірақ, менің бір жарамайты-

ным, әнеу күні соқаға жегіп жүрген тарғыл өгізім арам 

өлген жоқ па? Қатты қызылсырап, аузымның суы аққанда 

жасық болса да еті бұйырмады. Өкіметтің өгізі, оны 

бауыздауға жатпайды, жау атанасың дегесін қорқып, де-

нем құрыстап, белгісіз жын ұстап, ақыры оңбай қамығып, 

содан жүрекке мұз қатты. Бірақ сол өлген өгізді қоймаға 

сүйреп кеткені несі? Мейлі не болса, о болсын, ит-құсқа не 

желінбей жатыр. 

– Байқап сөйлеңіз, сөздің кесірі көп. 

– Кейде кесірлігім айтқыш Керейге тартқаным шығар. 

Құлағыңды қойып тыңда! Керей ағамызды НКВД-шылар 

қолын байлап, тәңірдің талтүсінде алып кетеді. Атақты 

банды Құныскерейді ұстадық деп өздері мәз болып, Ойыл 

түрмесіне жабады. Тергеушілері алма-кезек ауысып жа-

уап алады. Керей үнсіз, біріне де тіл қатпайды. Қағаздарын 



229

умаждап қайта-қайта жыртады. Өйткені Керейге өздері 

жазған қылмысты сөздерге қол қой десе, жұмырығын 

ашып қалам ұстамайды. Қарысқан қолын күштеп аша ал-

май қамап тастайды. Бөлмеде аяқ-қолын бауырына алып 

тоңқайып жатады. Онысы ұрсаңдар, құйрығым сендерге 

садақа дегені болар. Үштіктің соты жүпелдемде ғой. Со-

дан сотқа апарады. Нетүрлі жабылған жалған жаланы 

тергеуші сотта судыратып оқып береді. Ақырында сот Ке-

рейге соңғы сөзіңді айт дейді. Ыңғайлы сәтін тап басқан 

Керей «Өздерің білесіңдер, Ленин мен Сталинді патшаның 

түрмесінде отырған деседі. Түрме киіндіреді, ішіндіреді, 

кісілігіңді қалыптастырады, мәпелеп күтіп, ақылсызды 

ақылды етеді. Онда біраз халық бар, солардың ішінде бол-

сам деп ықыласым ауады кейде. Жансызың бар, қызыл 

жағалы бар, қорқып, қалтырап өмір сүргенше, түрмеде 

еркін тірлік еткеннің несі жаман? Дегенмен мені ұстаған 

милициялар Құнысын таба алмай, Керейін қылмыскер 

деуін түсінбей ұйқым қашып, есімнен тандым. Кеңес 

өкіметінің мөрі өтірік құжатқа басылмайды, туған жы-

лым, аты-жөнім Құныскерейге ұқсамайды, сот жолдас, 

мына құжатты оқып көріңіз» деді. Жұрт сот процесі 

кезінде басымен қайғы болып абдырап тұрса, Керей өзінің 

қылмыскер еместігін дәлелдеп берді. Осы кезде прокурор 

Төлей ұшып тұрып, «Бұл не деген сұмдық? Үш милиция 

Құныскерейді атын шідерлеп, айдалада ұйықтап жатқан 

жерінде қамшымен түртіп оятады. Шап беріп ұстамайды. 

Анау тұрып атының шідерін алып, атына мініп, «жігіттер, 

менде шаруаларың болмаса кеттім» деп зытады. Енді бүгін 

Кеңес өкіметінің дайындаушы жұмысын атқарып жүрген 

Керейді бандысың деп сотқа тартады. Бұл бір оқиға емес, 

анада мерекеге ат дайындап жүрген адамды Алаш екен, жа-

пон шпионы екен деп, Жапония түгілі, Ақтөбені көрмеген 

адамды соттатып жібереді. Мәскеудің лимитін орындай-

мыз деп ешқандай қылмысқа қатысы жоқ жазықсыздарды 

жазалауға болмайды. Милицияның жауапсыздығы бірінен-

бірі өтіп, тіпті кімді аңдып, кімнің қандай қылмысы барын 

түптеп тексермеуі, шалағай іс атқарғанды, заңды мазаққа 

қалдырғанды жазалау керек дейді. Міне, осыдан кейін 

үштіктің арасында Төлей жөнінде пікір өзгеріп, бандыны, 



230

шпионды қорғады дейтіндей «екіліктің» ұйғарымы бола-

тынын сезіп, ол тұрған үйінің есігін ашып, мал-мүлкін 

тастап, отбасымен сытылып елден кетеді. Үрейлі сая-

сат Төлейді өлтірейін десе де, шын өлген жоқ, ұлы Аман 

Төлеевті Кемеров халқы өлгенінше губернатор етіп сай-

лап алды, Ресейдің белгілі қоғам қайраткері, ұрпағы бар. 

Керей де өлген жоқ, ұрпағы қалды, сөзі қалды. Дегенмен 

Керейдің қырсықтығы милицияның әрбір ісіне екі шұқып, 

бір қарап, жазықсызды жазалаудан сақтандырады.

Жұрттың бәрі біліп, отбасында әңгімелейтін оқиғаны 

есіне алып тұрып бригадирге қадала қарап:   

– Ақиқатты білетін адамның көзі ашық, байқап сөй-

лейді. Жаманның зияны жеті жұртқа тиеді деп кесірімді 

ешкімге жуытпай, көкірегімде сақтаймын, інім. Бәсең бол, 

шалқақтау жараспайды, – деген Кәжендер аш-жалаңаш 

жүрсе де адалдық ауылынан табылып жүрді. Шәміл ауыл 

өмірінің кейбір сәттерін есіне алып, сол бір сұрапыл жыл-

дарда кімнің қара шаңырағы ортасына түспеді деп өкінді. 

Нұрымгерейдің кіндігінен өрбіген жетеу едік. Үшеуі 

түрлі жұқпалы аурудан жастай өмірден озды ғой. Адам 

өмірге бақытты өмір сүру үшін келеді, тірліктің сыр-

жырын түсінбей жатып, былайша жанбай жатып сөнуіне 

қоғам кінәлі десек артық емес. Өйткені, аштық, түрлі 

індет, зәбір, қорлықтың түр-түрі мезгілсіз ажал арна-

са, не шара?! Аш-жалаңашты, денесіндегі еті сіңіріне 

іліккен әлсізді төңіректеп, қара жерге жұтуға ажал дайын 

тұратынын қайтерсің. Қайша анам үш бірдей перзенті-

нен айырылғасын, зәресі қалмай тымаумен түшкіріп 

жүрсек, қатты секемденіп, қабырғасы қайысып, көз жа-

сын сығатын-ды. Жұмыстан қалт еткенде аз-кем асты 

өзі аузына алмай, бәпектеп оқып жүрген төртеуіміздің 

қарнымыз аш қалмауын ойлайды. Бірде көлеңкеде май-

дангерлерге қолғап, шұлық тоқып отырған анамның 

қасына келген айтқыш Керей: «Қалған төрт балаңды 

тарықтырмай жеткізу сенің міндетің. Майданнан әкесі 

келгенше қарынын аш қылма. Әйел сезімтал келеді, тұяғы 

бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ, үш баланың 

қайғысына езіліп кетпе. Олар жастай өлгенімен, жаны 

тірі ғой, әкесін, анасын, бауырларын ойлайды, шыр-пыр 



231

боп тызақтап жүреді ғой. Дене өлсе де, жаны ешқашан да 

өлмейді. Періште болып өмірге келіп, періште боп кетті. 

Нұрымгерей оқымысты еді, балалары да білімді болып елді 

қуандырар деуші едім. Кеңсеге жұмысқа бара жатыр едім, 

өзіңді көріп әдейі сәлем беруге бұрылдым. Майдандағы 

ерің, қолдағы балаларың аман болса, бірте-бірте қайғы 

ұмытылар, қандай да қайғыны қуаныш ұмыттырады дейді 

ғой. Қуануды да, қайғыруды да білмейтін жатыпатар-

лардан сақтасын. Басқан іздері өртеніп, елді ауық-ауық 

дүрліктіріп қояды иттер. Олардың да көрер жарығы, та-

тар дәмі таусылар. Әттегенесі, солардың түп-тұқиянына 

дейін зәлімдікті кәсіп етпесе жарар еді. Егінші әйелдерге 

шүйіліп, уыстап бидай ұрлайды деп кеше кеңседе екіленген 

жазғыштың сыбағысын бердім. «Майдангердің жанұясына 

тиіспеңдер!» деген Сталиннің сөзіне қарсы шығып жүрсің, 

өзің сотталасың!» дегенде жым болды», – деді. «Әлсіздерді, 

жетім-жесірлерді қорлауға күштері жетіп тұр ғой, – деп, 

ел адамдарының нені ойлап, нені қоятыны, бар тілегі 

амандық, майданда жеңіске жету екенін ана білдірді. – 

Бәрібір ел болғасын қалың жұрттың анда-санда шырқы 

бұзылып, өш-қастық қылаң беріп жатады. Шындап кел-

генде, қазақтың бұрын-соңды тегінде болмаған сүрең бар. 

Жұрт тыныш жүріп, тылсым қауіптен үрейге шырмалды. 

Екіден бір нұсқасы жоқ, өтіріктері өрге басып, қырлардан 

қырлар асып тұрған есірік, өрлік бар. Содан ертеңге деген 

наным жойылады. Іштен толқып, Нұрымгерей тез келсе 

деп кіжінемін». 

Шәміл әкесінің елге сыйлы болғанын, халыққа білім 

беріп, ақыл-кеңесін аямағанын Керей сықылды аға-

ларының аузынан талай естіп, әкең нағыз адам еді деген 

сайын марқайып қалатын-ды. Кейде Керей айтатын жан 

тірі, сағынғанда түске ене ме деп ойлайды. Бірде әкесі 

қалың өрттің ішінде ақ боз атпен қылышын жалаңдатып 

шауып бара жатады. Ондай түс көргенде «сағындым, әке, 

тез кел!» деп шырт ұйқысынан оянады. Сол түстен де 

жүрегі жібіп, уайымды ұмытып, қуанады. Әкенің хатын 

қайталап оқи береді. Иә, ел адамдары аштыққа да, ауыр 

бейнетке де төзе білді. 


232

Ауылдағы жасы үлкендер мектепке бара жатқанда 

немесе келе жатқанда көре қалса қосарлана тәк тұрып: 

«Нұрымгерей талайға жақсылық жасап еді, соның ба-

лалары, тіл-көзден аман болыңдар. Тілегіміз сіздердің 

амандығың», – деп маңдайынан сүйіп, арқасынан қағып 

жатады. Елдестердің мол мейірі әкенің білімдар болғаны, 

қалың көпке жаққаны біртүрлі еркелетіп жіберетінін 

Шәміл ұмытар ма? Естіді, білді, талай тіміскілер қаншама 

сұқтанып жау атандырғысы келсе де, нақты дерек тап-

пай, білгірлігіне, іскерлігіне тоқтаған. «Жұрттың көбі 

қорқақ болғасын бекер айтып, жала жабуға шебер келеді. 

Шындық – ақ алмас, оны ұстауға жүректілік керек. Ле-

нин, Сталин шыншылдықты қалайды, оның сөзін қорқақ 

дұрыс түсінбей, идеясын бұрып ойран салғысы келеді деп 

талайды ақылға шақырмады деймісің. Бәрібір базбіреулер 

түн жамылып аласұрып, кейде жынды адамша өзімен-өзі 

сөйлеп, ел ішінен жау іздеп әбігерленіп жүреді. Өйткені, 

мезгіл-мезгіл түннің бейуағында ауданнан, әрісі облыс-

тан қара машина келіп, есігін қағып, тиын-тебен беріп, 

азығын ұсынып, Мәскеудің лимиті бойынша молда бар 

ма, жапон шпионы бар ма, қоғам мүлкін бүлдіруші бар 

ма деп қыздырмалап, тыныштық таптырмайды. Көзге 

түрткісіз түн қараңғысын жамылып, көрші-көлем жетілік 

керосин шамның жарығымен ас ішіп отырса болды, есік 

қағып кіреді де: «Өкіметті жамандап отыр екенсіңдер, те-

резеден тыңдап естідік, жаусыңдар!» – деп қара машинаға 

тиеп әкетеді. Сол кеткенінен жазықсыз ерлер қайтып келе 

қоймайды. Өлі-тірісі белгісіз. Сотталғандардың ұрпағы 

да қайғы-қасіретті аяусыз шегеді. Жеті жылдықты бі-

тірісімен комсомолға өтерде сотталғанның баласының ал-

дынан құжаттағы сұрақтар: «Сотталдың ба?» деген жазба 

маңдайыңа сарт еткенде: «Е, сотталдым» дейді мазаққа 

басып. 


 – Қай жердің түрмесінде отырдың?

 – Анамның қарынындағы қараңғы үйде тоғыз ай, тоғыз 

күн сотталып отырдым. 

 – Өкіметті кекетесің, комсомолға өтпейсің. 

Бітті шаруа. Қоғамдық үрейдің саясаты аса шебер 

ұйымдастырылғаны соншалық, жазықсызды жазаға 



233

байлап, адалдықты адамзаттың қас дұшпаны етіп, оның 

ұрпағына дейін мұң-шерді көкірегіне ұялатып, пендені 

ауыз аштырмай тұншықтырып, қоғамға қызмет еткізудің 

себебін түсіну қиын-ды. Ал бірен-саран көреген ойлы, 

түсінігі молдар опасыздыққа қол соқпаса да, жүздеріне 

таңырқаумен қарап, бетіне түкіре алмай, іштей мүжіліп 

тынатын-ды. Үрейлілер топ-тобымен жиналып, бір-бірін 

қуаттап, орағыта сөйлеп, қол соғып жатады. 

Шәміл оқыған-тоқығанын, елде жүріп көріп-білгенін 

жүйелесе Сарбиенің сары желі ерте замандағы пенделер 

тірлігін жеткізер ме? Талай батырдың жаны, рухы тірі 

жүр. Адал жандардың түсіне еніп, болашағына нұсқау 

белгісін беретіні баршылық. Бұл өңірге адамдар сармат 

дәуірінен, тіпті одан әріректен бе қоныстана бастаған 

сыңайлы. Адамдар жер бетіне бірінші аяқ тигізгені Афри-

ка болғанға ұқсайды. Ниеті бұзықтар жақсылық көрген 

жерін бүлдіруге, қиратып талқандауға әуес келетіні бай-

қалса, Африканың сапырылысқан халқының тарихта 

көрмеген теперіші бар ма? Ала бөтен арам ойлылар дар-

хан мінезді, көңілі дариядай жомарттарды бұқтырып, 

обал-сауап дегенді елемей, жүнше түтіп жатпай ма? Жаз-

ба деректерде Африкамен еуропалықтар 1500 жылы та-

нысып, білісіпті деседі. Ал одан арғысына күмәнданады. 

«Бабыр мырзаның шағатай тілінде жазғанында қазақтың 

сөзі бар» дейді орыс тарихшысы О.Ю. Сенковский. Бұған 

қайран қаламыз ба, қайранбыз. Қазақтардың алғысының 

бірі: «Жақсылыққа үйір екенсің, жер тұрғанша тұр!» деп 

бата беруі де тегін емес. Ал Левшин жазбасында «Кас-

пийден – Алтайға, Оралдан – Тянь-Шаньға дейін қазақ 

рулары» десе, Міржақып Дулатов Арыстан патша зама-

нында 400 мың әскері болғанын айтады. Әскер болғасын

демек, іргесі берік мемлекет қалыптасқаны даусыз. Та-

рихты алдау қиын, алдағысы келетіндерге қарсыласуға 

да шыдам керек. Тілін безеп орайсыз сөзді орғытып оты-

ратындар қай кезеңде болмады дейсің. Пікірлерді ай-

нытпай қайталап ойлап көрсек, 940-1020 жылдары өмір 

сүрген Фирдоусидің тарихи жазбасында қазақ жұрты 

болғаны, олардың хандары болғаны, билік құрғаны кез-

деседі. Соғыса кеткенде алдымен найза ұстаған, әскери 



234

құрамында қыпшақ, керей, дулат, наймандар болған. 

Осылар Айса пайғамбардан бұрын өмір сүргені ықтимал. 

Еділ-Жайық, Жошы елі, Жошы ұлысы аталған халықтар 

өмір сүрген дегені бұрынғылардың тарихын көзімен көріп, 

жазбаша қалдырғаны ғаламат емес пе? Сарбие жөнінде 

жұрт бар білгенін құлазыған көңілін көтергісі келіп: 

«Бірінші ғасырдағы екі иығына екі кісі мінгендей бабала-

рымыз болыпты, түске еніп, неге ұсақталып барасыңдар 

деп ұрысқанынан шошып ояндым», – деп әзілдеп, мысал-

дап отыратын. Шәміл Сталинград майданында жүрген 

әкесін, оның замандастарын жауын жапырып бара жа-

татын батырлардай сезінетін-ді. Қызыл іңірде батыс жақ 

қып-қызыл өрт боп көрінетіні – Ойыл өңірі Сталинградқа 

пәлендей қашық емес қой. Сол өрт ішінде ерлік жасау ба-

балар рухының мықтылығы, ендеше неге ұсақталады? Түс 

қой. Дегенмен бұл тегін емес. Рухтың сұрауы ма? Әлде 

пендені жаратқанның жебеуі ме? Тірлігі игілікке толы пен-

де неден жазықты? Адам бағыныштылықпен құлшылық 

еткен сайын, бірін-бірі жақсы көріп ықыластанған сайын, 

кең пейілі дархандыққа толған сайын жақсылықпен неге 

жарылқана алмайды? Неліктен? Кенет төсегінде терезеден 

түскен жарыққа құмарта қарап жатқан Шәмілдің ойы-

на ой түсті. Әлемде құпия көп, білгенінің бәрін миына 

қабылдап, ұғынғысы келді. Соғыстан бұрынғы жылда-

ры Жақсыкөл елді мекеніне жарқыраған үлкен табақтай, 

көлемі киіз үйдей түсініксіз бірдеме қонып, ішінен 

түскен әйел Барбол деген шопанның далаға шыққан 

жігіт бола бастаған баласымен қой қорасының түпкірінде 

құшақтасып, некелі адамдардай біраз жүріпті. Ақырында 

содан ұл бала дүниеге келіп, оны әлгі әйел тастап кетіпті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет