Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 1(1) 2015


Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 1(1) 2015



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата06.01.2022
өлшемі1,07 Mb.
#15121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әдеби орта және Абай

Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 1(1) 2015 

 

               ISSN 2410-2725 

тармақтардың  аясында  ғана  қарау,  яғни  біржақты  баға  беру  әлгі  қалпынан 

сонша  өзгере  қоймай  келеді.  Оның  астарында  «Абайға  дейінгі  қазақ 

ақындарынан  Абай  үлгі  алды,  солардан  үйренді  десек,  кемеңгер  ақынымызды 

төмендетіп,  солардың  дәрежесіне  түсіріп  алмаймыз  ба?»,-  деген  кеңестік 

заманнан қалған біржақты пікір қылаң беріп жатыр.  

Өзіне дейінгі төл әдебиетінен үйренбей, өз ортасынан қажетінше үлгі алмай 

Абай  дәл  біз  таныған  биікке  жетпеген  болар  еді.    Мейлі,  Абайдай  болмасын 

оның алдындағы және замандас болған үлкенді-кішілі ақын, жырау, би-шешен, 

әнші-күйшілердің  Абайға  тигізген  әсері  болды.  Осы  орайда  С.Мұқановтың: 

«Дарынды  талант  бола  тұра,  Абай  не  көктен  түскен,  не  жерден  шыққан, 

болмаса дара өскен адам емес. Оның өмір сүріп өскен, араласқан ортасы бар. 

Ол  –  осы  ортаның  жемісі»  (Mukanov  1960,  b.  124),  -  деген  пікірі  сонау 

алпысыншы  жылдары  айтылғанмен,  Абайдың  әдеби  ортасы,  оның  ішінде 

ақынның  басқадан  алған  нәрі  деген  тақырыпқа  әлі  де  аса  көңіл  бөлінбей  келе 

жатқаны  аян.  Абай  ортасы  деген  тақырыпты  қаузағанда    ақынның  рухани 

өміріне  зәредей  қатысы  болған  әр  өнер  иесінің  ғана  емес,  ақынмен  таныс 

болған әр адамның есімі қалыс қалмауы тиіс. 

Бұл арада орыс әдебиетінің үлгі қылар тұстары жетерлік. Басқасын айтпағанда 

әркез Абаймен тең аталатын орыс ақыны А.С.Пушкин мұрасының зерттелуіне, яғни, 

пушкинтану  ғылымының  дәл  осы  тұсына  көз  жүгіртейік.  Пушкиннің  айналасы 

турасында  сөз  сонау  1912-1913  жылдардан-ақ  басталған.  Сол  жылы  шыққан  Н. 

Гастфрейндтің  Пушкиннің  ақындық  ортасы  туралы    еңбегі  сөздің  басы  ғана-тын 

(Gastfreind  1912-1913)  Пушкин  және  оның  айналасы  мәселесінің  зерттелу  деңгейі 

тереңге кеткені соншалық, ақынға қатысы бар әр адамға қысқаша деректер берілген 

сөздік мақала (словарная статья) жинақтары жарық көре бастады (Izmailov 1969). 

Кейінгі жинақтың бірі Л.А.Черейскийдің «Пушкин и его окружение» деген еңбегі. 

Автор  бұл  тақырыпқа  қатысты  мәліметтердің  жиналуы  1930  жылдардан 

басталғанын айтады (Chereiskii 1989, s. 6). 1975 жылы Пушкинге қатысты 2500 кісі 

аты тіркелсе, кейінгі еңбекке тағы 200 адамның есімі қосылғандығы белгілі болып 

отыр  (Chereiskii  1989,  s.  8).    Автор  өзі  былай  деп  жазады:  «Окружение  Пушкина 

органически  входят  в  его  биографию  и  творчество,  и  наше  понимание  его 

наследия во многим зависит от того, насколько мы знаем среду, в который он жил 

и работал. Изучение ее всегда шло параллельно осмыслению творчества поэта и 

продалжается  по  сей  день.  Поэтому  неоднократно  делались  попытки  привести  в 

систему  многочисленные,  но  разнозненные  сведения  об  окружении  Пушкина» 

(Chereiskii  1989,  s.  3),  -  деген  пікіріндегі  Пушкиннің  ортасы  тақырыбы  төңірегінде 

ізденулер  –  абайтану  үшін,  соның  ішінде  Абай  ортасы  деген  мәселелерде  үлгі 

болатын  құбылыс.  Бұл  тізімнің  ішінде  Пушкинге  тікелей  қатысты  тұлғалардан 

бастап,  хат  арқылы  хабарласқан,  ақын  туралы  пікір  айтқан,  Пушкинге  қызмет 

еткен,  тіпті  ақынмен  бірер  рет  кездескен  деген  сияқты  әр-бір  адамға 

энциклопедиялық үлгіде анықтама берілген.  

Біз  бұл  арада  қазақ  ақыны  туралы  «Абай»,  «Шәкәрім»  тұлғалық 

энциклопедияларын  таразыға  қоя  аламыз.  Дегенмен,  Абайдың  ортасы  оның 

ішінде әдеби, ақындық ортасын танып-білу үшін бір-екі энциклопедияның аздық 

етері  сөзсіз.  Орыстарда  бір  Пушкин  ғана  емес,  М.Ю.  Лермонтов,  

Ф.  Достоевский,  М.А.  Булгаковтарға  арналған  тұлғалық  энциклопедиялардың 

жарыққа шыққанын ескеріңіз.  

Ғылым  деректі  жинаудан,  соны  ғылыми  електен  өткізіп,  сарабдал  пікір 

қорытудан  тұрады  десек, Абайдың  ортасын  анықтауда  ақынға  қатысы  бар  әр-бір 

адам  туралы  дерек  жинауды,  жинап  қана  қоймай  сол  деректерді  күн  сайын 

толықтырып  отыруды  жүйелі  түрде  қолға  алсақ,  абайтану  саласындағы  Абайдың 

ортасы  (би-шешен,  әнші-күйші,  ақын-жырау,  жыршы  тағы  басқа  өнер 

адамдарымен  қоса  аралас-құраласта  болған  би  мен  болыс,  ауыл-аймақ,  көрші-




 

30 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет