Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 1(1) 2015


Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 1(1) 2015



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата06.01.2022
өлшемі1,07 Mb.
#15121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әдеби орта және Абай

Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 1(1) 2015 

 

               ISSN 2410-2725 

сыйлас  болған  Балта  ақын,  Абайдың  өзі  жоғары  бағалаған  Марабай  ақын  тағы-

тағылар болса, Абайдың өзі кездесіп, сұхбат құрған, жас та болса сөз қағыстырып, 

ақыл  сынасқан  әйгілі  Шөже  ақын,  Шорманның  Мұсасы,  Абай  қасында  болған 

Байкөкше  ақын,  Жуантаяқ  Тобықты  Байғұлақ  шешен,  Жанғұтты  би,  Әуезов 

эпопеясынан жақсы таныс Қаратай шешен, Сыбанның қаракөк ұрпағынан Сабырбай 

ақын, оның ақын қызы Қуандықтармен тізімді жалғастыруға болады.  

Құнанбайдың  заманында  ел  билігін  айтып,  аталы  сөзді  ұстаған  небір 

шешендер мен билердің Абайға да әсері аз болмағаны белгілі. Құнанбайдың өз 

қасындағы  Тобықты  елінің    жаңағы  Қаратай,  Сүйіндіктерін  айтпағанда, 

Наймандағы  Шәкі  би  Құнанбаймен  қатты  дос  болып,  Құнекеңді  «Арғынның 

алтын  басы  ғой»  деп  ерекше  құрметтеген  жан.  Ақыл-парасаты  жағынан 

Құнанбаймен  терезесі  тең  тілдесетін  ата  баласы  Арғындағы  Жанғұтты  би 

Ботантайұлы, Абай Тұржан сұлу – Қаламқас қызына ғашық болатын Найманның 

Тана  мырзасы,  Сыбандағы Құнанбайдың  құдасы  –  Кенжеғұл  шешен,  Ақтайлақ 

бидің  ұрпақтары  -  Кеңесбай  би,  Жұмақан  бай,  сонау  Қоңырат  Сапақ  би, 

Құнанбаймен  нағашылы-жиенді  дін  жолын  берік  ұстанып,  Меккеге  барған  Шал 

қажы, ел ішінде ақылдығымен, бойындағы қасиетімен ел анасы болған  - Үйрек 

ана, Жауғашар батырдың немересі, сөзі ұтқыр, ойы өткір Шүршіт Құлбарақұлы, 

сыйлас дос екі елдің сөз билігі мен ел билігін қатар ұстап, кейіннен құда болған 

Алшынбай  би,  Керейдегі  Біке  шешен,  Наймандағы  атақты  елші  Ырғызбайдың 

баласы  Кенжалы  би  тағы-тағылармен  Құнанбай  тек  аралас–сыйлас  болып 

қоймаған сан мәрте ел ішінің әр-түрлі дау-шарларында немесе жеке бастарын 

сынап, бір-бірін байқасатын шақта сөз сайысына түсіп, шешендіктің небір үлгісін 

кейінгі  ұрпаққа  қалдырды.  Абай  бұл  тұлғалардың  көбін  көрді,  көрмегенінің  есті 

сөз, кесімді билігін естіп, жадына жаттап өсті. 

Он  үш  жасар  Абайды  қаладан  алғызғанда  Құнанбай  ел  ішіндегі  осынау  дала 

даналарының тәрбиесіне берген-ді. Қасына ертіп жүріп талай шешеннің шебер ой-

түйіндеріне  жас  Абайды  қанықтырды.  Өз  ордасында  жанынан  орын  беріп,  ел 

жақсыларының  алдында  сөз  билігін  де  тыңдап,  сыннан  өткізді.  Ел  дауы  мен  жер 

дауын екі ауыз сөзбен тоқтататын дала заңына зейінді жастың ойын суара отырып, 

енді  ел  ішіндегі  дау-шарларға  да  сала  бастады.  Осылайша  әкесі  Құнанбайдың 

ықпалымен жас Абай жаңағы Жанғұтты би, атақты Шорманның  Мұсасы, Қаратай 

шешен,  Алшынбай  би,  Құлжан  қажы,  Найман  Бекбосын  билермен  сөз 

барымтасына  түсетіні  ел  ауызында  сақталған.  Ел  ішіндегі  би-шешендермен 

байланыс,  сөз  жоқ,  Абайды  шыңдады.  Төрт  аяғын  тең  басқан  үлкен  ақын 

дәрежесіне  көтерілген  шақта  да,  тіпті  өмірінің  соңғы  сәтіне  дейін  Абай  өз 

ортасындағы  шешендік  өнерден  бір  сәт  қол  үзген  жоқ.  Ақынның  замандасы 

Байғұлақ шешен, Қаракесектегі Кенже қажы, «есіп тұрған қызыл жел» деп Абай аса 

қатты бағалаған Керейдің Бегеш шешені, Найман ішінде Қаракерей – Мұрын елін 

билегенде  әділдігімен,  даналығымен  халқына  жаққан  Абайдың  жақын  досы 

Көкебай  қажы  Сейтұлы  (1834-1931),  (Көкебай  мен  Абайдың  достығы  туралы 

шежіре-қарт  Қарпық  Егізбаев  «Тағлым»  атты  кітабында  тоқталған  (Egіzbai  2001), 

Мадияр Түсіпұлы сияқты сөз көсемдерімен аралас-құраласта болып, кейінгіге үлгі 

болар сөз жарыстары, оймақты ой, терең тағылымдары сақталып жеткен. 

Осы  топтың  әрқайсысына  жекелей  тоқталып,  Абаймен  араларындағы 

рухани  байланысты  анықтай  түскен  уақытта  ғана  Абайдың  әдеби  ортасы 

тақырыбының жігі сөгіліп, көкжиегі көріне түсетіні сөзсіз.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет