Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 1(1) 2015


Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 1(1) 2015



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата06.01.2022
өлшемі1,07 Mb.
#15121
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әдеби орта және Абай

Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 1(1) 2015 

 

               ISSN 2410-2725 

Абайға әсері, ақындық жолына бағыт-бағдар болған үлгі өнегесінің қаншалықты 

екенін екшеп айтар кез келді. 

Абай өзінің алдындағы әдебиеттің бәрін бірдей сынға алып, жоққа шығарды 

деп  ақынның  өлеңге,  ақындыққа  берген  бағасын  ашатын  «Өлең  –  сөздің 

патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісі өлсе, қаралы – ол», сияқты өлеңдерін алға 

тартып біржақты түсіну дәл бүгінгі таңда басқаша пайымдауды қажет етеді.  

Абай  -  өз  заманынан  озық  туған  дана  ақын.  Ал,  дананың  өзіне  де,  өзгеге  де 

тіпті өткені мен болашағына да сын көзбен қарауы заңды. Болмысқа көңілі толмау 

- данышпандықтың белгісі. 

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап, 

Мақалдап айтады екен сөз қосарлап. 

Ақындары ақылсыз, надан келіп 

Көр – жерді өлең қыпты жоқтан қырмап... 

Ескі бише отырман бос мақалдап, 

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап, -  

деген ақын сөздері кеңестік кезеңде, жасыратыны жоқ, Абайды «ескішіл, байшыл» 

ақын  дегеннен  арашалап  қалған  тармақтар.  Ал,  қазір  Абай  сөзінің  тұңғиығына 

бойламай,  сыртқы  қалыбымен  қабылдай  салу  зерттеушілер  үшін  үлкен  күнә. 

«Абай ескі ақын мен ескі биді сынға алды, Шортанбай, Дулат, Бұхарлардың өлеңі 

Абай  үшін  түкке  тұрғысыз»  деп  қабылдау,  басқаларға  қабылдату  Абайды  өзінен 

бұрыңғы  қазақтың  төл  әдебиетінен  оқшаулап,  сол  замандағы  ақын-жырауларға 

қарсы қойды. Сөйтіп, екі аяғы аспаннан салбырап түскен алды-арты тақыр Абайды 

жасап қойдық. Әсілі, өлеңіне артық сөз қоспаған Абайдың: 

Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған, 

Биде тақпақ, мақал бар, байқап қара, - дегеніне үңілмедік. 

Абай  сынын  өзіне  дейінгі  поэзияны  мүлде  жоққа  шығару  деп    түсінбей, 

ақындық  биік  талғам,  талап  қою  тұрғысынан  ұғынсақ  қана  бағытымыз  дұрыс 

болады.  Әрине,  Абай  межені  жоғары  қойды,  сондығымен  қазақ  поэзиясының 

сапасын бір демде биіктетті. Бұл бойға біткен шексіз дарын мен терең білімнің 

бір  араға  тоғысқан,  бір  адамның  басынан  табылған  сирек  құбылыстың 

нәтижесінен  пайда  болды.  Абай  бойындағы  поэзия  ұшқыны  өз  ортасының, 

айналасының жанасуы арқылы ғана ақындық жалынға айнала алды. Көне түркі 

әдебиеті  мен  шығыс  шайырларының  жырларына  Абай  бала  кезінен  қанық. 

Ахмет Риза медресесінде оқығанын еске алыңыз. Абайдың алдындағы ақындар 

легі  аяқ баса  қоймаған орыс,  одан  батыс әдебиетіне  бой  ұруы да жастайынан 

(Семейдегі орыс мектебі, Халиолла арқылы, кейіннен Михаэлис бастаған орыс 

достары арқылы) басталды. Екі жақты меңгерілген білім, сөз жоқ, Абайды өзіне 

дейінгі  әдебиеттен  жаңа  дүние  іздеуге  жетеледі.  Бұл  жолда  Абайға  дәстүрлі 

қазақ өлеңдері әрине аздық етті. Өзінің алдындағы қазақ поэзиясының шоқтығы 

биік  ең  өркештілері  деген  Бұхар,  Шортанбай,  Дулат  жырларынан  толысқан, 

жан-жақты жарақтанған талғамына сай өрнек іздеді. Ол үшін алдыңғы толқынды 

сөгуге  болмас.  Олар  қазақ  поэзиясында  ақындық  міндеттерін  адал  атқарып, 

Абайдай кемел білімді ақынның биікке көтерілуіне алтын баспалдақ бола алды. 

Әкесі Құнанбайдан естіп, өзі көріп, өсиет сөздерін, өлең өрнектерін көңіліне 

тоқыған Абай тұсындағы әрбір сөз зергері – биі, шешені, ақыны мен әншісі Абай 

бойына  ақындықтың,  шешендіктің  дәнін  егіп  кетті.  Абай  солардан  үлгі  алды, 

үйренді,  көбімен  сөз  жарыстыра  жүріп  шыңдалды.  Бұл  тұғыда  зерттеуші 

Б.Сапаралы  былай  дейді:  «Ибраһим  мырза  алты  алаштың  сөзін  салмақтап, 

тілін  түзеді.  Ой-зердесін    жаңаша  қалыптап,  тура  жолға  бағдар  салды.  Сөйте 

тұра:  «Мен  ескінің  арты  едім»,  –  деді.  Ешкім  қалмағандықтан  емес.  Ескімен 

бірге  болсам  исі  түркі  тарихында  атым  өлмейді  сөзім  өшпейді  дегендіктен  де 

емес. Ескінің ортасында туып-өсіп, есіл ескінің көл-көсір қазынасына суарылып, 

ескінің  тілін  ұстартып,  дінін  бекемдеп,  дінін  байытып  ертелі-кеш  еңбектенумен 



 

32 


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет