Лобзин с. А. Электр машиналар



бет104/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

МАГНИТ ӨТКІЗГІШТЕРІ МЕН ТРАНСФОРМАТОРЛАР ОРАМАЛАРЫНЫҢ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫ



Магнит өткізгіштерінің конструкциясы. Магнит өткізгіш (өзек) бастапқы және екінші орамалар арасындағы магниттік байла- нысты жақсартады. Ол трансформатордың магниттік тізбегін құрай- ды, оның бойымен негізгі магнит ағыны тұйықталады.
Орамалар орналасатын магнит өткізгішінің бөліктері өзекшелер деп аталады. Өзекшелерді жалғайтын магнит өткізгішінің бөліктері жармалар деп аталады (жарма жеке саны). Әр түрлі магнит өткіз- гіштері бар трансформатор құрылымының үлгілері 4.1.- суретінде көрсетілген.
Өзек тұрпатты бір фазалы трансформатордың магнит өткізгішін-

122






4.1.-сурет. Трансформаторлардың магнит өткізгіштерінің түрлері:


а — жалпақ тілімшелерден жиналған, магнит өткізгіші бар өзекше тұрпат- ты бір фазалы трансформатор; б — құрыш тұрпатты бір фазалы трансфор- матор; в — таспалы магнит өткізгіші бар бір фазалы трансформатор; г — үш фазалы трансформатор

де жоғарыда және төменде жармалармен жалғанған екі өзекшесі бо- лады (4.1, а - сурет).


Әр өзекшеде ЖК орамасының жартысын және ТК орамасының жартысын орналастырады. Орамалардың осылай орналасуы олар- дың арасындағы магниттік байланысты жақсартады (үлгілерде әр ораманың өз өзекшесінде орналасуын шартты көрсетеді). Орама- лар бір бірінен, сондай-ақ, магнит өткізгіштен қандай да бір оқша- улағыш материалдан жасалған қабатшалармен оқшауланған. Өзек- шеге жақын жерде ТК орамасы орналасқан, себебі, оны магнит өткізгіштен оқшаулау жеңіл болады.
Магнит өткізгішінде айналмалы магнит ағыны кезінде пайда болатын және қызу кезінде көп шығынға әкелетін құйынды токты азайту үшін, магнит өткізгішті жуандығы шамамен 0,5 мм болатын электртехникалық болаттың жеке тілімшелерінен жинайды (яғни, д е с т е л е г е н етіп жасайды). Тілімшелерді бір бірінен оқшалау үшін, оларға лак жағылады.
Біліктер мен жармаларды жеке жинап, содан кейін орамалардың өзекшелеріне орналастырып, одан кейін жоғарғы және төменгі жар-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет