123
4.2.-сурет. Магнит өткізгіштің құрылымы:
а — түйістірме; б — өзекшелер мен жармалар «түптеуге» жиналған; в — магнит өткізгіштің сатылы қимасы
маларды оқшаулаушы қабаттар арқылы жалғағанда, магнит өткіз- гіштің түйістірме құрылымы болу мүмкін (рис. 4.2, а-сурет). Барлық құрылымды тығыздайды және тік түйреуіштермен тартып тастайды. Түйістірме құрылымы, өте үлкен тартпа құрылғылары мен түйісу жерлеріндегі магниттік кедергіні азайту үшін, түйісетін беттерде мехникалық өңдеуді талап етеді.
Өзекшелер мен жармаларда «түптеуге» жиналған кемшіліктер магнит өткізгіште болмайды (4.2, б - сурет). Мұндай магнит өткіз- гіш, алайда, құрастыру қиындығымен ерекшеленеді: орамаларды өзекшелерге орнату үшін жоғары жармалар бөлшектенген болу қа- жет, ал орнатылғаннан кейін, қайта дестелену тиіс.
Көрсетілген құрылым қуатты трансформаторлар үшін аса таны- мал. Жармалар үстінен, екі жағынан жарма арқалықтарды (швеллер- лер) орналастырады, олардың шеттерін өзара біліктердің мөлшер- лерінен асатын, түйреуіштермен тартып тастайды.
Шағын және орта қуатты трансформаторлардың өзекшелері мен жармаларында тік бұрышты көлденең қима бар. Жоғары қуатты трансформаторлар магнит өткізгішінің элементтерін сатылы қылып жасайды (4.2, в - сурет). Сонымен қатар, орамалармен қамтылатын аудандардың магнитті емес аралықтардан кіші болуына талпынады. Бұл тұрғыдан қиманың ең жақсы пішіні — домалақ, бірақ, мұндай магнит өткізгішті жасау үшін тілімшелердің әр түрлі мөлшерлі түр- лері қажет болады.
ЖК және ТК орамалар бөліктерге бөлінбейтін, бір өзекте орна- ласқан және жармамен қамтылған (құрышпен қапталған) құрыш тұрпатты бір фазалы трансформатор 4.1, б - суретте көрсетілген.
124
Құрышталған трансформатордың өзекшені түйрейтін магнит ағыны екі бөлікке тарайды, сондықтан, жарма өзекшеге қарағанда, екі есе кіші қимамен орындалады. Құрышталған трансформаторда өзек- шеге қарағанда, орамаларды суытудың кіші ауданы бар және де ол сыртқы магнитті ағындарды сезгіш (өзекшелі трансформатор орама- сының екінші бөліктерінде болатын сыртқы кедергілердің ЭҚК қара- ма-қарсы белгілері бар және бір бірін алмастырады). Құрышталған трансформаторларда ЖК орамаларды магнит өткізгіштен оқшаулау кезінде қиындықтар туындайды. Құрышталған болып аз қуатты трансформаторлар жасалынады.
Аз қуатты трансформаторлардың магнит өткізгіші (1 кВ.А дейін)
суық иленген электртехникалық болаттың жіңішке таспасынан (4.1, в - сурет) жасалынады. Т а с п а л ы магнит өткізгіштерді кесілетін етіп жасайды. Орамаларды орнатқаннан кейін оларды қысып бірік- тіреді және қамыттармен тартып тастайды. Таспалы магнит өткіз- гіштері өзекшелі, сондай-ақ, құрышталған тұрпатты болады.
Үш фаза лы т ранс фор м а т ор дың құрылымы 4.1, г - су- ретте көрсетілген. Әр білікте жеке фазаның ЖК және ТК орамасы бар. Үш фазалы трансформаторлардың құрылымы туралы толық ақпарат 6.1- бөлімде бар.
Аса қуатты трансформаторлардың магнит өткізгіштерінде тілім- шелер беттеріне параллельді және перпендикулярлы беттерде жел- дету арналарын орнатады, олардан магнит өткізгіштер құрасты- рылған. Желдету арналарын орамаларда орнатады.
Достарыңызбен бөлісу: |