Лобзин с. А. Электр машиналар



бет147/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

172


тардың шартты оң бағыттары емес, олардың кезең жартысы ішіндегі нағыз бағыттарының көрсетілгеніне назар аударайық.
Екі орамалы трансформатормен салыстырғанда, автотрансфор- матор артықшылықтарының бірі болып мыстың аз шығындалуы табылады. Негізінде, екі орамалы трансформатордағы w1 айналым саны бар, бастапқы орама сымының қимасы I1 тогына, ал w2 ай- налым саны бар екінші айналым сымының қимасы I2 тогына мақ- сатталу керек, сонда, автотрансформаторда I2 ең үлкен ток есебінен, ораманың қандай да бір сымын таңдау қажеттілігі болмайды. Авто- трансформатор орамасының айналым саны (w1 w2) I1 тогына, ал w2
айналым саны—I12 айырымдық тогына мақсатталу керек.
Автотрансформаторға қажетті болаттың шығыны (магнит өткіз- гішінің қимасы) екі орамалы трансформаторға қарағанда, аз болады. Мұның себебі – қуат трансфоматордың бастапқы тізбегінен екін- шісіне орама бөліктерін электрлік байланыстыру арқылы жартылай электрлік жолмен беріледі.
Екінші тізбектің толық қуаты S2 = U2I2. Бұл өрнекті (7.1) теңдігі- нен туындайтын I2 = I1 + I12 теңдігін есепке ала отырып, қайта жа- зайық:
S2 = U2I1 + U2I12 = S + S2эм,
бұл жердегі S— толық қуаттың электрлік бөлігі, S2эм — магнит ағыны анықтайтын, демек, қажетті қима мен магнит өткізгішінің массасын анықтайтын электрмагнит бөлігі.
Екі орамалы трансформатормен салыстырғандағы, автотранс- форматордың басқа да артықшылықтары келесідей: энергияны аз шығындайды, сондықтан ПӘК аса жоғары; жүктемені өзгерткен кез- дегі екінші тізбек кернеуінің аз өзгеруі.
Автотрансформаторлар трансформациялаудың шағын коэффи- циенттері кезінде (k = 1...2) пайдаланылады, себебі, бұл жағдайда, оның артықшылықтары көп мөлшерде байқалады.
Автотрансформатордың кемшіліктері болып ЖК тізбегі керне- уінің ТК тізбегіне түсу мүмкіндігі табылады, бұл қысқа тұйықталу тогының үлкен еселігін анықтайды.
Екі орамалы трансформаторлар сияқты, автотрансформаторлар да желіге қандай қысқыштардың және қандай жүктемеге қосылға- нына байланысты, төмендетуші және көтеруші бола алады.
7.1, б суретінде үш фазалы автотрансформатордың сұлбасы көр- сетілген, ал 7.1, в суретінде — автотрансформатор сұлбасы бойынша екі орамалы трансформаторды қосу тәсілдері көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет