Синхрондыгенераторлардыңжалпыерекшеліктері. Айныма- лы токтың көздері болып табылатын синхронды генераторлар әлем- де айнымалы токтың маңызды артықшылықтары түрінде электр энергиясының басым бөлігін құрайды. Біріншіден, айнымалы ток аз шығындармен де жеңіл тасымалданады – үлкен арақашықтыққа электр энергиясын беруге қажетті жоғары қысымға, сондай-ақ электр энергия қабылдағыштарын қуат беруға қажетті төмен қысымға түзіледі. Екіншіден, айнымалы токтың генераторлары тұрақты ток- тың генераторларына қарағанда өте қарапайым қондырғы, жұмыста сенімді және пайдалануға қарапайым болып келеді. Аталған ар- тықшылықтар, әсіресе үш фазалы синхронды генераторларды қол- данған кезде байқалады. Тұрақты ток қажет етілген жағдайда (оның ішінде, электрохимиялық өндіріс, көлік және байланыс) оны ең ал- дымен, айнымалы токты түзету көмегімен алады.
Қазіргі уақытта электр энергиясының тұрақты ток түріндегі та- ралуы көп орын алғанын айта кетуге болады. Тұрақты токтың жет- кізілуі кезінде, айнымалы ток берілгенде орын алатын кабельдердің оқшауланудың ескірудің кейбір механизмдері болмайды; қуатты ағын реверсінің мүмкіндігі және үлкен қуаттардың ауысуы болады; тұрақты токтың электр тарату жүйесінің (ЭТЖ / ЛЭП) аз шығын- дарымен де тұрақты жұмыс істейді; электростанция жұмыстары- ның синхрондануына қажеттілік туындайды. Алайда, бұл жағдай- да, желінің бір ұшында болатын кейін тұрақты кернеуге ауысатын тұрақты емес, айнымалы кернеу өндіріледі және тасымалданады, ал соңында қайтадан басқа айнымалы кернеу түзіледі.
Үш фазалы синхронды генераторлардың атқаратын құрылымда- ры әр түрлі. Құрылымның нақты түрі көп жағдайда бастапқы қозғал- тқыштың қасиетіне тәуелді, ол генератор толқындарының айна- луына алып келеді (оның ішінде, оның айналуының жиіліктеріне).