даныла бастады.
Осылайша, тұрақты және айнымалы ток машиналары біртіндеп өздерінің жеке текшелерін алды; әр машина түрлерін белгілі бір са- лада қолдану абзал.
Айнымалы ток машиналарының ең маңызды қолдануы, бұл үш фазалы синхронды генераторлармен электр қуатын өндіру: жылу және атомды электр станцияларында турбогенераторлармен және су электр станцияларында гидрогенераторлармен. Салыстырмалы қа- рапайым конструкциясы бар синхронды генераторлар, айтарлықтай жоғары кернеуде үлкен ток алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі генераторлар, щеткасыз қоздыру жүйесімен және авто- матты электронды реттеумен жасалынады. Бірнеше метрлі генера- торлардың көлемдерінде, олардың маңызды бөліктері миллиметрге дейінгі дәлдікпен жасалынады. Ресейде, электр станцияларында орнатылған генераторлардың жалпы қуаты үнемі өседі, бұл электр қуатын тұтыну өсіміне сәйкес келеді.
Мысалы, 1998 жылы ресейлік электр станцияларының белгілен- ген қуаты 198 млн. КВт, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 232 млн. КВт- қа дейін өседі деп болжануда, оның 25 млн кВт атом электр станция- ларында (АЭС) турбогенераторлармен, шашамен 157 млн кВт жылу электр станцияларындағы (ЖЭС / ТЭС) турбогенераторлармен, ал 50 млн кВт гидроэлектр станциялардың (ГЭС) және гидроаккуму- ляторлық электр станциялардың (ГАЭС) гидрогенераторларымен өндіріледі. Өз ресурсын тауысқан жабдықтарды ауыстырып, электр станцияларында жаңа өндіруші қуаттарды іске қосу 1999 жылдан 2010 жылға дейінгі мерзімде шамамен 50 млн кВт құрайды деп жоспарланған.
Сайып келгенде, соңғы уақытта Ресей электр станцияларында, олардың ішінде «Мосэнерго» ААҚ / ОАО (ашық акционерлік қоғам) станцияларында кең қолданылатын асинхрондалған синхронды ма- шиналарға назар аударуымыз керек. Осындай машиналардың дамуы XX-ғасырдың 60-шы жылдары басталды. Техникалық ғылымдар докторы, шахмат бойынша әлем чемпионы Ботвинник Михаил Мо- исеевич олардың дамуына елеулі үлес қосты. Асинхрондалған ма- шиналар немесе қосарлы қуат беру машиналардың, әртүрлі жиілікте кернеуі берілген статор мен ротордың бөлек қуат беру көздері бар. Осы машиналарды синхронды емес жұмыс режимдеріне қолдануға рұқсат берілген. Әдеттегі синхронды машиналармен салыстырғанда, синхронизмнен шығып қалудан тұрақтылығы, соның ішінде реактив