Кернеуді арттыру үшін, қуатты күшейтетін трансформаторлар қолданылады. Әдетте, жүздеген вольт кернеуді қажет ететін электр қуат тұтынушыларына, қуатты азайтатын трансформаторлар жақын жерге орнатылады.
Арнайы қызмет трансформаторларына арнайы қуатты (түзеткіш, дәнекерлеу, пештік, радиотрансформаторлар) өлшейтін және сынақ трансформаторлары, фазалардың санын түрлендіруге арналған трансформаторлар, ЭҚК қисық сызығының пішіндері, жиіліктер және т.б. жатады.
Айналмалыэлектрмашиналартарихынанақпарат. Ағылшын физигі және химигі Майкл Фарадей 1821 жылы, өткізгіш арқылы өтіп жатқан электр тогының сол өткізгішті магнит айналасында ай- налдыра алатын және өткізгіш айналасындағы магнитті айналды- ра алатын мүмкіндігі бар екенін анықтады. Мысалы, М. Фарадей тәжірибесі электр қозғалтқышының қағидалық құру мүмкіндігінің көрнекі мысалы болды. М. Фарадей 1831 жылы электр машиналар мен трансформаторлардың қызметтер кағидалары негізделген, элек- трмагниттік индукция құбылысын ашып, «магнетизмнің электр қуа- тына айналу» мүмкіндігін көрсетті.
Ресейлік физик Эмилий Христианович Ленц, 1832 жылы, оған электр машинаның генераторлық және қозғалту режимінің қайтым- дылық қағидасын тұжырымдауға мүмкіндік берген, ЭҚК индукция- сы мен индукциялық ток бағытын анықтады.
Сол жылы, анонимді өнертапқыш алғашқы бір фазалы синхрон- ды көп полюсті генератор жасады.
Американдық физик Джозеф Генри, 1834 жылы «Магниттік тар- тылыс пен серпіннен туындайтын теңселме қозғалысы туралы» мақаласын жариялады, онда ол өзі құрған электр қозғалтқышын сипаттады. Осы құрылғыда, алғаш рет үздіксіз қозғалысты (осы жағдайда, тербелмелі) алу үшін, әр аттас өрістердің тартылысы және аттас магниттік өрістердің серпінісін қолдануға әрекет жасалды.
Сол жылы, ресейлік физик Борис Семенович Якоби зәкірдің ай- налмалы қозғалысымен бірінші тұрақты ток қозғалтқышын жасап, сипаттады. Қозғалтқыш гальваникалық батареялардың элементтері- нен қуат алған. Машинаны қоздыру тұрақты магниттермен жүзеге асырылады.
Э.Х. Ленц, 1838 жылы электр машинаның қайтымдылығын гене- ратор тәртібінде де, қозғалтқыш тәртібінде де іске қосып, тұрақты тогы бар тәжірибе жүзінде іске асырды. Дегенмен, қайтымдылық