9.1.
|
АСИНХРОНДЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШТЫҢ ЖҰМЫС ҚАҒИДАСЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
|
Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс қағидасы. 8.1-бөлімде қара- стырылған шарғылар жүйесінің ішіне осьте айнала алатын, сымның тікбұрышты қысқа тұйықталған айналымын орналастырайық (9.1 сурет). Қозғалмайтын шарғылар мен осьте қозғалатын айналымнан тұратын конструкция асинхронды қозғалтқыштың үлгісі болып та- былады. Бұл үлгідегі шарғылар жүйесі статордың үш фазалы ора- масы болып, ал қысқа тұйықталған айналым – ротордың айналымы болып табылады. Бұл үлгідегі ротор тек қана орамадан тұрады. Үш фазалы жүйенің шарғылары бойынша ток жүрген кезде, келесі құ- былыстар пайда болады.
Статордың айналмалы магнит өрісі пайда болады (8.1 – бөлімді қараңыз). Статор магнит өрісінің бір жұп полюсы ғана болған жағдайда, п1 өрісінің айналмалы жиілігі (8.2) формуласымен анықта- лады. 8.1-бөлімде табылған өрістің айналмалы бағыты 9.1-суретте көрсетілген.
Айналмалы өрістің күш сызықтары қысқа тұйықталған айна- лымның оң және сол жақтарын кесіп өтеді, және бұл жақтарда ЭҚК ықпалдандырылады (көрсетілген жақтар белсенді болып табылады). Бағытты ЭҚК оң қол ережесі бойынша анықтаймыз (1.1 – бөлімді қараңыз). Бұл ереже магнит өрісінде қозғалатын өткізгішке қатысты
9.1.-сурет. Асинхронды қозғалтқыштың жұ- мыс қағидасын түсіндіретін сұлба.
197
қолданылатынын байқаймыз. Қарастырылып жатқан жағдайда, өріс қозғалыста, ал ротордың өткізгіштері статорға қарғанда қозғалыссыз жағдайда болады. Қозғалыстың салыстырмалы болатынын назарға ала отырып, оң қолдың үлкен саусағын өрістің айналмалы бағытын- да емес, керісінше, қарама қарсы бағытында, яғни, статор өрісіне қа- тысты айналым жағының қозғалу бағытында орналастырамыз. Со- нымен бірге, магнит өрісінің сызықтары оң қолдың алақанына кіріп тұруы керек. Сонда үлкен саусаққа перпендикулярлы орналасқан төрт саусақ ЭҚК бағытын көрсетеді: айналымның оң жағында ЭҚК бізге бағытталған, ал сол жағында кері бағытталған (бұл бағыттар 9.1 су- ретінде көрсетілген). ЭҚК мәні (1.1) формуласымен анықталады.
Қысқа тұйықталған айналымда ЭҚК әрекет етуімен ЭҚК бағы- тында ток жүреді.
Айналымның жақтарында ағатын токқа статордың магнит өрісі тарабынан РЭМның электрмагниттік иінкүші әрекет етеді (Ампер күші), оның мәні (1.2) формуласымен анықталады. Электрмагнитті иінкүшінің бағытын сол қол ережесі бойынша табады және де бұл бағыт статор өрісінің айналмалы бағытымен үйлеседі. Қысқа тұйықталған айналымға әрекет ететін айналдыру кезі күштер жұбының кезі болып табылады: ол белсенді жақтар арасындағы қашықтыққа, оның бір бел- сенді жағына әрекет ететін электрмагнит иінкүшінің көбейтіндісіне тең. п2 асинхронды қозғалтқыш роторының айналмалы жиілігі әрқа- шан п1 статорының магнит өрісінің айналмалы жиілігінен кіші болатыны маңызды дерек болып табылады. Шынымен, п2 және п1 жиіліктері тең болған кезде, статордың магнит өрісі ротор орамала- рының өткізгіштерін кесіп өтпейді, яғни, айналмалы кезінің пайда болу себебі жойылады. п2 және п1 мәндерінің теңсіздігі осы тұрпат- ты қозғалтқыштың атауымен негізделген: «асинхронды» сөзіндегі
грек тілінен алынған «а» қосымшасы теріс болып табылады.
Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде, статордың магнит өрісі ротор орамаларының өткізгіштерін келесі жиілікпен кесіп өтеді
ns = n1 – n2.
(9.1)
ns шамасының статор өрісінің айналмалы жиілігіне қатынасы сы- рғу деп аталады; ол s болып белгіленеді және салыстырмалы бірлік- термен немесе пайыздармен көрсетіледі:
s ns n1 n2 , немесе s n1 n2 100.
(9.2)
n1 n1 n1
Достарыңызбен бөлісу: |