Лобзин с. А. Электр машиналар



бет169/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

199


9.3.-сурет. Асинхронды қозғалтқыштың фазалы роторы.



айна ла тын білікк е қондырылған.
Қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды қозғалтқыштар өз- дерінің қарапайымдылығы мен сенімділігінің арқасында кеңінен қолданысқа енді.
Фазалық ротор. Қуаты жоғары қозғалтқыштарда және де ар- найы жағдайларда фазалық ротор қолданылады. Фазалық роторы бар қозғалтқыштардың қысқа тұйықталған ротордың қозғалтқышта- рымен салыстырғанда, аса жоғары іске қосу және реттейтін қасиет- тері бар (әрі қарай 9.7 және 9.8 – бөлімдерін қараңыз). Фазалық ротор- дың орамасы статор орамасына ұқсас, яғни, үш бөліктен – фазалардан тұрады (8.2 - бөлімді қараңыз). Ротордың орамасын жұлдыз тәрізді етіп байланыстырады: фазалардың шеттерін өзара біріктіреді, ал бас жақтарын білікке қатты бекітілген және біліктен де, сондай-ақ, өза- ра оқшауланған т ү й і с п е л і с а қ и н а л а р ғ а қосады. Түйіспелі сақиналар ротордың орама тізбегінің белсенді кедергісін арттыра- тын (қарсылықты арттыру мағынасын, кейінірек, қозғалтқышты қосу және оның айналмалы жиілігін реттеу сұрақтарын талқылаған кезде ашамыз), үш фазалы қосушы реостаты өздеріне қосу мүмкіндіктерін береді. Фазалық ротор 9.3 - суретте көрсетілген. Алдыңғы бөлігінде түйіспелі сақиналарды көруге болады; алдыңғы және артқы шетжағы бойынша ж елдеткіш күрекшелер орналасқан.
Статор орамасын байланыстыру әдістері. Айнымалы ток пен статор орамаларының үш фазалы машинасының статоры туралы мағлұматтар 8.2 - бөлімде көрсетілген. Асинхронды машинаның статор фазаларын өзара және үш фазалы тормен байланыстыру әді- стерін қарастырайық.
Орамалар фазаларының бас жақтары мен шеттерін машинаның корпусында орналасқан өткізу қорабының қысқышына (9.4-сурет, а) жалғайды. Орама фазаларының бас жақтары жалғанатын қораптың

200


қысқыштары С1, С2, С3 («С» орыс әріпі статор деген мағынаны бе- реді) болып; ал фазалардың шеттері жалғанатын қысқыштар — С4, С5, С6 болып таңбаланады.
Орама фазаларының шеттерін өткізу қорабының қысқышта- рымен жалғайтын сымдар 9.4 - суретінде а нүкте сызықтарымен көрсетілген. Үш фазалы желінің сыртқы сымдары өткізу қораптары- ның С1, С2, С3 қысқыштарына қосылады. Қорап қысқыштарының белгіленуі суретте, орамалар фазаларының бас жағы мен шеттерінде қайта көрсетілген.
Әдетте, асинхронды қозғалтқыштар желіге есеге ерекшеленетін,
әртүрлі екі кернеуге қосу үшін жасалған. Машинаның корпусына бекітіл- ген, зауыттық тақтайшада номиналды кернеу бөлшектеп жазылады, мы- салы, 220/380 В немесе 380/660 В. Желінің желілік кернеуі 660 В бол- сын, ал қозғалтқыштың тақтайшасында номиналды кернеу 380/660 В көрсетілген. Бұл жағдайда, статордың орамасы жұлдыз ретінде жалғану керек; сонда статор орамасының әр фазасына 380 В кернеуі тіркеледі. Желінің желілік кернеуі 380 В болса, онда бұл қозғалтқыштың статор орамасы үшбұрыш ретінде жалғану керек; мұндай байланысу кезінде, желінің желілік кернеуі жүктеме фазасындағы кернеуге тең болады, яғни, бұл жағдайда да, орама фазасындағы кернеу 380 В тең болады.
Статор орамасын жұлдыз немесе үшбұрыш ретінде байланысты- ру үшін өткізу қорабында жалғастырғыштарды орналастырады. 9.4, б - суретінде көрсетілген жалғастырғышты орнату әдісі ораманы жұлдыз ретінде жалғауға мүмкіндік береді, ал 9.4 суретке сәйкес,

9.4.-сурет. Статор орамасы фазаларының жалғануы:


а — орама фазаларының бас жақтары мен шеттерін өткізу қораптарының қысқыштарына жалғау сұлбасы; б — ораманы жұлдыз ретінде жалғау кезін- дегі жалғаушының орналасуы; в, г — ораманы үшбұрыш ретінде жалғау кезіндегі жалғаушылардың орналасуы мен қағидалық сұлбасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет