Лобзин с. А. Электр машиналар



бет40/283
Дата25.11.2023
өлшемі8,41 Mb.
#127171
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   283
Байланысты:
электр машиналары (1)

46


  1. Зәкір орамасында бірінші және екінші түрдегі трансформаци- ялық жалғауларды қандай мақсатен жасайды?

  2. Қарапайым және күрделі толқынды орамалардың қандай ай- рықша ерекшеліктері бар? Осы орамалардың параллель тар- мақтарының саны қалай анықталады

  3. Әртүрлі орамалардың қолдану салалары қандай? Аралас түрде- гі ораманың артықшылығы қандай?

  4. Тұрақты ток машинасында зәкір реакциясының көрінісі қандай болады? Қозғалтқыш пен генератордағы зәкір реакциясының ерекшеліктері қандай?

  5. Тұрақты ток машинасында коммутация деп нені атайды? Баяу коммутацияның себептері мен салдары қандай?

  6. Коммутацияны жақсарту жолдарын атаңыз және сипаттаңыз.

2-ТАрАу

ТҰРАҚТЫ ТОК ГЕНЕРАТОРЛАРЫ



2.1.

ПӘК ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ТОК ГЕНЕРАТОРЫ- НЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ДИАГРАММАСЫ

Тұрақты ток генераторының ПӘК. Электр машиналық (электр механикалық) генератор механикалық энергияны электрикалыққа өзгертеді. Осы өзгеріс үдерісінде энергия жоғалтулары пайда бола- ды, сондықтан, генератор сыртқы тізбекке беретін P2 пайдалы қуа- ты P1 тұтынылатын механикалық қуаттан (білікке арналған қуат) әрқашан аз болады. Барлық қуат шығындарының сомасын ∑Р деп белгілейік. Сонда біз,

деп жаза аламыз.


P1 = P2 + ∑Р
(2.1)

Кез-келген машина немесе механизмнің пайдалы әсер коэффици- енті (ПӘК) пайдалы қуаттың тұтынылатын қуатқа қатынасы болып табылады. Тұрақты ток генераторының пайдалы қуаты генератор- дың қысқыштарында U кернеуінің және жүктемеге берілген I тогы- ның туындысына тең: P2 = UI. Содан, генератордың ПӘК болады:
(2.2)
(2.2) өрнекті басқа түрге айналдырайық, соны алымға қосамыз
және одан ∑Р мәнін шығарамыз:
(2.3)
Сонымен, пайдалынатын қуаттан шығындар үлесін көрсететін генератордың ПӘК-і бірліктің шамасынан аз болады.
10 кВт қуаты бар тұрақты ток машиналарында шамамен 0,85 (85%), ал 1000 кВт қуат шамасындағы машиналарда шамамен 0,95
(95%) ПӘК бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   283




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет