«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен



бет12/50
Дата14.10.2023
өлшемі421,5 Kb.
#113764
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
Байланысты:
ЛОГИКА вариатив (1)

2-ші ойын. Балықты құрастыр.
Мақсаты: алдымен-кейін уақыттың түсініктерін дамыту,оқиғалардың реттілігін анықтау іскерлігін қалыптастыру.
Әрбір жұмыс үстеліне түрлі-түсті қағаздан жасалған балықтың бөлшектері(мысалды қараңыз)беріледі. Балалар юалықты жинап,құрастыру керек. Мұны басқалардан жылдам жасаған бала әрбір бөлшекті көрсете отырып және алдымен-кейін деген сөздерді қолдана отырып,жұмыстың қандай жүргенін айтып береді.
3-ші ойын. Оқиғалардыы рет-ретімен қой.
Мақсаты ертелеу-кештеу уақыттық түсініктерін дамыту,оқиғалдың реттілігін анықтау іскерлігін қалыптастыру.
Әрбір жұмыс үстеліне бір-бірден суреттер жинағын( мысалы гүлдің өсу кезеңдері) береді және оларды ненің ертелеу (ертерек), ал ненің кештеу (кешірек) жүргені түсінікті болатындай етіп қойып шығуды ұсынады. Сосын тапсырма басқалардан бұрын орындап шыққан балаларға суреттер бойынша шағын әңгіме құрастыру ұсынылады.
Сергіту сәті:
ІҮ. Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. «Алдымен» - «кейін» уақыттық түсініктерімен жұмыс.
2-тапсырма. «Ертелеу»-«кештеу» уақыттық түсініктерімен жұмыс.
-Қане, мысалды қарастырайық: әуелі жұмыртқа болды, сосын одан балапан жарып шықты.
Ай далада ақ отау,
Аузы – мұрын жоқ отау. (жұмыртқа)
3-тапсырма. Іс-әрекеттердің реттілігін анықтау.
«Торкөздерге» орындалатын тапсырма. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Ү. Рефлексия.
7 сабақ.
Тақырыбы : Уақытты бағдарлау
Мақсаты: тәулік бөліктері мен апта күндері білімдерін және уақыт аралықтарының реттілігінде бағдарлау іскерлігін анықтау; «уақыт сезімін» дамыту. Күн режимі мен оны сақтау қажеттілігі түсініктерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: доп, адамдардың суреттері, фишкалар.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Негізгі білімді тиянақтау.
Мақсаты: тәулік бөліктері, апта күндері мен олардың реттілігі туралы бұрын меңгерген білімдерді тексеру; ойын дамыту.
-Біз «Болған – болады» деп аталатын бойжазу өткіземіз.
Тәрбиеші тапсырманы айтып, допты балаға лақтырады. Бала жауап беріп, допты қайта лақтырады.
-Таң болған, .... (күн) болады.
-Күн болған, ...(кеш) болды.
-Кеш болған, ...(кеш)болды.
-Түн болған, ...(кеш)болды.
Балаларды мақтап қояды және барлық апта күндерінің аттарын қайталап шығуды ұсынады. Бойжазудан кейін сабақтың тақырыбын айту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет