«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен



бет4/50
Дата14.10.2023
өлшемі421,5 Kb.
#113764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
ЛОГИКА вариатив (1)

2-ойын «Түсті тап»
Мақсаты: заттардың түсін тауып, тани білу іскерлігін анықтау; түстің заттың пішініне, өлшеміне, неден жасалғанына қатысы болмайтындығы туралы білімдерді қалыптастыру; қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту.
Тәрбиешінің белгі беруімен балалар бөлмеден түсі аталған заттар іздейді және сол затқа қолдарын тигізіп көреді. Керекті затты таба алмаған немесе затты ең соңғы тапқан бала ойыннан шығады.
2-ойын. «Заттарды кім көбірек атай алады?»
Мақсаты: заттарды айтылған белгілері бойынша таңдау іскерлігін бекіту; есте сақтауды дамыт; қоршаған дүние туралы білімді кеңейту.
Балаларды айқын белгілері бар заттарды атауларын сұрайды. (өлшемдері жағынан – жалпақ, жіңішке, биік, төмен; жасалған материалы бойынша – ағаш, шыны металл, резеңке т.б.) әрбір дұрыс жауап үшін фишка береді. Кім фишканы көп жинайды сол жеңімпаз болады.
3-ойын: «Затты тап»
Мақсаты: заттардыңң негзгі белгілерін бөліп көрсету іскерлігін қалыптастыру; есте сақтауды дамыту. Бөлме ішіндегі бір затты оның атын атамастан сипаттайды.
Мысалы: «Сары түсті домалақ зат, онымен ойнауға болады». Бірінші болып жауап берген бала қалған балаларға осыған ұқсас өз тапсырмасын ұсынады. Табуға ұсынылған заттың сипаттамасының толық және түсінікті дәрежеде болуын қадағалайды.
Сергіту сәті.
Ү.Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма: заттардың оларға тән белгілерін анықтау және заттарды түстері бойынша салыстыру.
2 – тапсырма: заттың неге арналғанын және заттың қандай материалдан жасалғанын анықтау.
-Заттарға ортақ нәрсе не?
3-тапсырма. Заттарды кейбір белгісі бойынша ажырату.
-Қайшы мен бұрауыштың қандай ортақ қасиеті бар (металдан жасалған)? Қалам мен щетка ше(түсі)?
«Торкөздерде» орындалатын тапсырма.Ұсақ қол қимылдарын дамыту.
ҮІ.Рефлексия.
2 – сабақ.
Тақырыбы:Бірдей.Әртүрлі.Заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру. Геометриялық фигуралар туралы жалпы түсініктер (шеңбер, сопақша, үшбұрыш,шаршы,тіктөртбұрыш)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет