«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен


ІІІ.Жаңа материалды меңгеру.Ойын іс – әрекеті



бет7/50
Дата14.10.2023
өлшемі421,5 Kb.
#113764
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
ЛОГИКА вариатив (1)

ІІІ.Жаңа материалды меңгеру.Ойын іс – әрекеті.
Заттарды салыстыру бойынша жұмыс жалғасады. Сабақ барысында балалар заттың қандай белгі бойынша өзгергенін анықтауды және заттың өзгергенге дейінгі және өзгергеннен кейінгі белгісіне салыстырмалы талдау жасауды үйренеді.Мысалы «Шаршының түсі өзгереді. Шаршы қызыл еді, енді көк болды». Материалды бекіту үшін тәрбиеші ойын ойнауды ұсынады.
1-ші ойын. «Жүргізушіні тап»
Мақсаты: «Жүргізуші» жағдайының өзгерістеріне тез жауап қату іскерлігін қалыптастыру;байқампаздықты және зейінді дамыиу; қимыл – қозғалыс белсенділігін дамыту;
Ойынға қатысулар шеңберге тұрады.Санамақтың көмегімен «аңшы таңдап алынады, ол бөлмеден уақытша шығып кетеді. Қалған балалардың арасынан «жүрізуші» таңдап алынады. Сосын «аңшы» қайтып оралады да шеңбердің ортасына тұрады, ал «жүргізуші» әртүрлі қимылдар көрсете бастайды. Қалған қатысушылар оның соңынан қайталайды. «Аңшының» міндеті – «жүргізушіні» анықтау.Бұл үшін оған үш рет мүмкіндік береді. Егер таба алса, онда «аңшы» жай қатысушы болады, ал «жүргізуші» «аңшы» болып, бөлмеден шығады.Жаңадан «жүргізуші» таңдайды, сөйтіп ойын жалғасады.
2-ші ойын. «Не өзгерді»
Мақсаты: заттардың белгілері мен орналасуына есте сақтағаны бойынша салыстырмалы талдау жасауды жүзеге асыру іскерлігін қалыптастыру.
Тақстаға жемістер салынған суреттерді қатар іледі. (қызыл алма, көк алмұрт, сары лимон, қызғылт апельсин). Балалар суреттерді 10 секунд уақыт қарайды, сосын көздерін жұмады. Лимон мен апельсин суреттерінің орнын ауыстырады және қызыл алманың суретін ауыстырады.Балалар көздерін ашып не өзгергенің айтып береді.
Сергіту сәті.
ІҮ. Оқу құралдағы жұмыс.
1-тапсырма. Өзгерістердің қанадй белгі бойынша өткенін анықтау.
2-тапсырма.Фигуралардың өлшемі, пішіні, түсі бойынша өзгеруі.
3-тапсырма.Геометриялық фигураларды анықтау.
4-тапсырма. Заттың әртүрлі белгілері бойынша салыстыру.
-Суреттер несімен ұқсас және айырмашылықтары қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет