Ұлттық болмыс – ҚазақЫ Қалып indd



Pdf көрінісі
бет9/18
Дата06.01.2022
өлшемі4,97 Mb.
#14642
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Қонақ деп кімді айтады?

Үйге келген мейманды – қонақ деп атайды. Қазақ халқының әдеп-ғұрпы 

бойынша  үйге  келген  адам  ішке  баса  көктеп  кірмейді,  сырттан  дауыстап, 

үйдегілерге белгі береді. Үйге келген қонақтың міндетті түрде орындайтын 

ең бірінші шарты шаңыраққа сәлем беріп кіру. Түсте келген қонаққа түстік, 

кешке келген қонаққа қонақасы беріледі. Қонақтар жасының үлкендігі мен 

мәртебесіне сәйкес төрден есікке қарай орналасады. Үй иесі болмаса келген 

қонақ ұсынылған астан дәм татқан соң басқа, үй иесі бар отбасына барып 

түнейді. Қонақты үй иесінің өзі есікті ашып қарсы алады. Олар кетерде үй 

иесі есікті ашып, шығарып салса, бұл қонақтарды қуғандай болып саналады.

Қонақ болу үшін таныс болу шарт емес. Ерте заманнан-ақ қазақ даласын-

да әрбір жолаушы кезіккен қазақ үйінен қонақасын – «бөлінбеген еншім» деп 

талап етуге ерікті болған. Халық аңызында бұл дәстүр Алаша ханның аты-

мен тығыз байланысты: Алаша хан өзінің барлық мал-мүлкін тең етіп төртке 

бөледі де үш бөлігін үш баласы – Ұлы, Орта, Кіші жүзге еншілікке береді, 

төртінші бөлікті қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуіне ортақ меншік ретінде 

қалдырады. Қонақтардың қазақ үйінен қонақасын – «бөлінбеген еншім» деп 

талап етуге құқылы екендігінің сыры осында жатса керек.




16

Қонақтың түрлері

Арнайы қонақ. Ол – әдейі шақырылған ағайын-туыс, дос-жаран, көрші-

қолан, құда-құдағи, сыйлы, құрметті кісілер.

Құдайы қонақ. Бұлар – шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп, 

сапарында көлігі болдырып немесе жолдан адасып, шаршап, тынығу үшін 

қонған тосын, бөгде қонақ.

Қыдырма қонақ. Үйден-үйді, ауылдан-ауылды кезіп, ерігіп желіккен, үл-

кенге сәлемшіл, кішіге баташыл, әжені аялап, жеңгені паналап, ағаға жол, 

ініге жел бергіш, «кіріп-шық» кезбе қонақтарды осылай атайды.

Қылқыма қонақ. Ол – ауыл ішіндегі, үй аралығындағы түтіні түзу шық-

қан үйді торып, құлқынын тойдыру үшін қолына тигенін, аузына түскенін 

қылқытып жалмай беретін, ашқарақ, ар мен ұятты белге буған, тойымсыз, 

елеусіз қонақ.

Құтты қонақ. Қазақ халқында «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» де-

ген нақыл бар. Бұл – мейман келген кезінде түскен отбасында бір жақсылық, 

қуаныш болатын қонақ.

Ерулікті қонақ. Қоныста отырған ауыл үстіне көшіп келген отбасын құр-

меттеп, ерулік асқа шақырылған қонақты осылай атайды.



Қонаққа шақыру, қонақ болу.

Қонақжайлылық,  қонаққа  шақыру  –  өзіңдегі  несібе,  ризықпен  бөлісу, 

қолыңнан  келген  құрметті,  бақытты  қайтарымсыз  сыйлау.  Бұл  іс  екі  жақ-

тың арасындағы татулықты нығайтады. Пейілі ақ әрі кең адамдардан ғана 

қонақжайлылықты күтуге болады. Қазақ «Қонақпенен бірге құт келеді» деп 

ойлаған, соған сенген халық. Біздің ата-бабаларымыз, әке-шешелеріміз қо-

наққа шақыруды да, оларды күтуді де, өздері қонаққа баруды да әрі жақсы 

көрген, әрі қызық, қуаныш санаған. Баяғыда бабаларымыз бір ауылға, бір 

үйге барғанында, қонақ күтетін отауға түспей тұрып, сыртқа қару-жарағын 

қалдырып, үй ішіне қамшысын ұстаған қалпы кіретін болған. Қонақтың үйге 

қамшысын ұстап кіруінің себебі: қамшы тұрған жерде жын-шайтан болмай-

ды. Және қонақ таңдап қонған, оны қарсы алуға талас та туған. Қазақ қонақ 

құдайдан деп есептегендіктен, ақ батасын алып қалуды ырымдағаны мәлім. 

Өйткені, шынайы ықыласпен, үлкен ризашылық сезіммен берілген бата, ізгі 

тілектер періштелердің құлағына шалынады, қаласа, Алла Тағаланың риза-

шылығына бөленеді.

Қонақтың орыны – қашанда үйдің төрі. Қонақтар үйге сәлем беріп (ша-

ңыраққа сәлем беріп) кіргеннен кейін, қамшысы мен сырт киімін кереге ба-

сына іліп, аяқ киімін оң жақ босағаға шешіп, төрдегі жаюлы тұрған сыр-

мақ үстіндегі көрпеге барып отыруға тиіс. Өзін таныстыруға асықпайды, үй 

ішіндегілер де оның аты-жөнін, жұмысын тергеп сұрамауға тиісті. Өйткені 

ол – көргенсіздік болып саналады. Келген қонақ аты-жөнін айтқанымен, жұ-

мысын айтқысы келмесе, оны ешкім де жазғырмауға міндетті. Осы қонақ-

тың үстіне сырттан тағы да қонақтар келіп қалса, жасы кішісі жасы үлкенге 




17



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет