Ұлттық болмыс – ҚазақЫ Қалып indd



Pdf көрінісі
бет5/18
Дата06.01.2022
өлшемі4,97 Mb.
#14642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ұлттық болмыс

2) Сыйластық әдебі

«Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баули-

ды. Үлкенге сәлем беру, орын беру, жол беру, кимелеп баса – көктеп өтпеу, 

үлкен  кісінің  алдынан  кесіп  өтпеу,  үйіне  келген  кісінің  атын  байлап,  есік 

ашып, төрге шығарып, жақсы қабақпен аттандырып салу, мейманға, жолдас-

жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейтін, адамнан 

адам іштей әмән дәметіп тұратын табиғи құлық – мінездер. Бұл мінездерді 

қорлау  –  алдымен  өзін-өзі  қорлау,  сыйлау  –  алдымен  өзін-өзі  сыйлау»,  – 

дейді классик жазушы Ғабиден Мұстафин.

Ата салтында жасы үлкенді сыйлаудың орны бөлек. Қазақтың қазақты-

ғын танытатын да, оның адамгершілік шоқтығын өзгелерден биік көрсететін 

де осы салтымыз. Ой жүгіртіп, байыптап қарар болсақ, оның түп негізінде 

үлкен мән-мағына жатқан тәрізді. Бұл салттың шығу тарихында халық дана-

лығы, терең ой-өлшемі жатыр. Таразылап қарасақ, жасы үлкеннің көргені де, 

тұрмыстан түйгені де көп, тәжірибесі де мол, тыңдай білген құлаққа құйып 

алар ақылы да жеткілікті, сондықтан ондай сый-құрметке бөленуі де заң-

ды. Өзінен жасы үлкенді сыйлауда адамгершіліктің, инабаттылықтың негізгі 

өзегі жатса керек. Осындай сыйластық салты, үлкенді құрметтеу қаймағы 

бұзылмай сақталған жерде имансыздыққа, теріс қылықтарға орын жоқ. 

Қазақ халқы үлкен кісілерге, ардақ тұтар жандар мен сыйластығы жа-

расқан ортада «Сіз» деген сыпайы сөзден жаңылған емес [4].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет