Ұлттық болмыс – ҚазақЫ Қалып indd



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата06.01.2022
өлшемі4,97 Mb.
#14642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ұлттық болмыс

ISBN 978-601-7507-05-3   

 

 



УДК 373

ББК 74.200.5




3

КІРІСПЕ

Тәрбие – жеке адамның тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру үшін мақ-

сатты түрде жүргізілетін қоғамдық өмірдегі ең басты әрекет.

Әлемнің  екінші  ұстазы  атанған  әл-Фараби:  «тәрбиесіз  берілген  білім 

адамзаттың қас жауына айналады» деп, тәрбие ісінің дүниетаныммен, білім 

берумен, ағарту ісімен тығыз байланысты екендігін атап көрсеткен.

Тәрбие жеке тұлғаның дүниетанымын, оның адамдық бейнесі мен бол-

мысын,  ақыл-ойын,  көркемдік  талғамын,  мінез-құлық  қасиеттерін  қалып-

тастырады. Бір сөзбен айтқанда, тәрбие – жеке тұлғаның рухани дамуының 

негізгі факторы.

Әрбір  ұлттың  тәрбиелік  үрдістеріндегі  ерекше  әсері  тиетін,  тәрбиелік 

қағидаларын  айқындайтын  құбылыс  –  сол  ұлттың  өзіндік  ерекшеліктері 

болып табылады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері: имандылық, қо-

нақжайлылық, ақындық, шешендік, әдептілік, кішіпейілділік, мейірімділік 

– ұлттық тәрбиенің алтын өзекті арқауы болып табылады.

Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру жауапты сала екендігі 

бәрімізге белгілі. М. Әуезовтің пікіріне сүйенсек, «Адам баласының жаман 

құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білдіретіндігі-

нен… Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап оқы-

та отырып, тәрбиелеу қажет».

Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Еліміз егемендік алып, ішкі-

сыртқы саясатын өзі шешуге қол жеткізген қазіргі таңдағы басты міндет – 

әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жо-

ғары тәрбиелі ұрпақты өсіру. «Мұндай балалар мектеп бітіргеннен кейін қай 

жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды, қайда 

болса да, тіршілігінде қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып 

қалады» (М. Дулатов).

Елбасының «Қазақстан – 2030» бағдарламасы да, «Жаңа әлемдегі жаңа 

Қазақстан» Жолдауы да еліміздің болашағын ойлайтын жастарды тәрбие-

леуді міндет етіп жүктейді. Ұлттық рухы қуатты ел – ұлы күш. Тек оны жас 

ұрпақтың бойына дарыта білсек, әрқашанда әлемдегі бәсекеге қабілетті елу 

елдің алдыңғы қатарынан орын алып, тереземіз тең, еңсеміз биікте тұраты-

ны хақ.

Бүгінде қазақ қоғамы жаһандану үрдісінің ықпалынан тасада қалмайты-

ны хақ. Сондықтан, ұрпақтар сабақтастығын, болашақты жалғайтын кейінгі 

толқынның  бойында  төлтума  бітімімізді,  ұлттық  болмысымызды,  ұлттық 

ойлау  машығымызды,  ұлттық  кейпімізді  сақтап  қалу  міндеті  тұр.  Ересек 

өмірге қадам басқан әрбір жас жеткіншектің ежелден ата-бабамыздан мұ-

раға қалған ақыл-кеңестерден, өмірлік тәжірибелерден сусындағаны ләзім 

екені даусыз. Бұл бағытта жастарға оң мен солды нұсқап, дұрыс пен бұрыс-

ты сілтейтін ұстаздарға, ата-аналарға жүктелетін жүк салмақты.



4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет