МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ
ТӘРБИЕЛЕУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ҰСЫНЫМДАР
1. Жастардың бойына ұлттық болмыс қасиеттерін сіңіруге бағытталған арнайы
кештер ұйымдастыру;
2. Білім ордаларында театр үйірмелерін ұйымдастыру және ұлттық классикалық
қойылымдарды ұсыну;
3. Шешендік өнер үйірмелерін ашып, оқушылар арасында ұлттық болмыс тақы-
рыбында пікірсайыстар ұйымдастыру;
4. Сыныптан тыс жұмыстарда ұлттық салт-дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға қатыс-
ты тақырыптарда түсірілген фильмдерді ата-аналармен бірге тамашалау.
36
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
Атақты шешен Сократ ғылыми трактат жазып қалдырмаған. Оның фи-
лософиялық ой-тұжырымдары Аристотель мен Платон еңбектерінде көрініс
тапқан.
Сократ хакім даналық меруерттерін көшеде, алаңда жиын топқа сөйлеп,
айтып отырған. Ойы нық, ұтымды, тілі тамылжыған жүйелі, біздей қадала-
тын улы кекесінмен ерекшеленген. Сократтың тұжырымдауынша, филосо-
фия ғылымы – адамдардың өз болмысын жан-жақты қырларымен, қасиет-
терімен танып білуге үйретеді.
Сократтың тәсілі – асқан шеберлікпен табылған сұрақ-жауап арқылы қи-
сынды әңгіме-дүкен құру, сөйтіп, күрделі, ғибратты ойлар өрбіту.
***
Софистер шешендік өнерді меңгеру үшін мынадай амал-тәсілдерге иек
арту керектігін түсіндіреді. Олар: 1) сөз аса ұзақ та, тым келте де болмау
керек; 2) шендестіру мен сөз соңдарының дыбыстас үйлесуі; 3) ойдың ық-
шамдығы; 4) сөйлеу ырғағы; 5) шешендік лексика.
***
Қонақжайлылығымен тәнті еткен қазақ халқы осы қонаққа қатысты, қо-
нақты күтудің сауабына қатысты көптеген ырым, наным-сенімдерді ұстан-
ғанын төменде берілген ырымдардан байқауға болады:
* Қонақ болып барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, «қызда
қырық көліктік бақыт бар». Төрде отырса ол бақыттың жұғыны қыз отырған
төрде қалады. «Қызда қырық қырсық та бар». Босағада отырса, сол қырсық
сол үйде қалады. «Қызда оттай ыстық мейір бар». Төрде отырса, сол мейір
сол үйге бағышталады. «Қызда мұздай суық ызғар да бар». Есік жақта отыр-
са, сол ызғар сол үйді шалады. «Қызда қырық періште бар». Төрде отырса,
сол періштелер сол үйге қонады. «Қызда қырық сайтан да бар». Есік жақта
отырса, сайтандар сол үйде қалады.
* Жолаушылап келе жатқан адам бір үйге сусын ішуге түспек болса, сол
үйдің есігіне тура беттеп келіп аттан түспейді. Оң жағынан түседі, әрі үйді
айналмайды. Себебі, жау үйінің жай-күйіне қарамайды, өлімнің суық хаба-
рын естірткелі келген адам да күй таңдамай үйге кіреді. Сондықтан, жолау-
шының жүрісі жаман ырымға ұқсамасын дегені. Дос, туыстар оң жол, оң
тілеумен оң жақтан келіп, оң аяқпен үйге кіреді.
* Қыдырып, қонаққа келген жас баланы үйден құр қол шығармайды.
Өйткені, сәбидің меселі қайтпасын, көңілі қалмасын, жүрегі суымасын,
келер бақытының беті қайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын деп
ырымдаған. Егер, сәби суық рай көріп, кейіген кейіппен шығып кетсе, бұл
шаңырақтан бақ, төрден бақыт, дәннен ырыс кетеді деп ырымдалады.
37
* Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Оның ішінде ақ сақалды
қариялардың да отыруы мүмкін. Малды, қолға түскен тұтқынды ғана сау-
сақты шошайтып санайды.
* Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мереке-мейрамда сыйлы қонаққа
көк қасқа тай, ақ сары бас қой, атан түйе, дөнен өгіз сойылады. Сонда бар-
лық тілек қабыл болып, зор бақыт қонады деп сеніп, ырымдалады.
* Қазақ үйіне қонған қонақты ырымдайды. Қонақ қонған түні мал төл-
десе, құйрық асып, қонақты сыйлайды. Әрі киіт кигізіп, «Ақ жолтай қонақ»
деп шығарып салады.
* Дастархан оң бетімен жайылады. Дастархан қос қабатталған болса, қо-
нақ келгенде оның тұйық жағын қонаққа қаратып, оң бетін келтіріп жаяды.
Мұны «дастархан оң болмай, ісіңде жол болмайды» деп ырымдайды. Дас-
тархан – береке-бірліктің, тірліктің бейнесі ретінде қастерленеді.
* Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда есікті
үй иесі ашпайды, қонақтың өзі ашып шығады. Қонақ үйге келгенде құт бірге
кіреді деп жориды. Қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісі-
мен ілесіп кетеді деп ырымдалады.
* Қонақтың пышағы немесе бәкісі дастарханмен бірге жиналып кетсе,
қайтарып берілмейді. Қонақ ет турағанда пышағын өзі сүртіп қынына салып
алуы керек. Егер дастарханмен бірге жиналып кетсе, қонақ үндемейді, пы-
шағын сұрамайды. Сұраса «Қырық пышақ боп өштеседі» деп жориды.
* Ұзақ жолдың азабын тартып келген жолаушыны жаңа босанған әйелдің
үстіне кіргізбейді. Ол өте жақын туыс болса ғана біраз демалғаннан кейін
беті-қолын жуып, сыртқы киімдерін шешіп, жеңілденгеннен соң барып кі-
руге тиіс. Өйткені, жол азабын тартқан адамның түсі сұсты, қабағы қатыңқы
болады. Өмір есігін жаңа ашып, көзі мөлдіреп жатқан сәби мен сүйек-сүйегі
босап, әлсіреп жатқан ана шошып қалмасын, секемденбесін, сырттан кірген
қонаққа ілесіп келіп, жын жабыспасын деп ырымдаған.
* Қазақта кетік, жырық ыдыспен қонаққа ас бермейді. Себебі, ыдыстың
кетігінен сайтан қосарлана ас ішеді, қонақ қорланады, қонақтың жебеуші
иесі шамданып, кәрін төгеді деп ырымдайды.
38
ҚОРЫТЫНДЫ
Саналы азамат, ұлттық тұлға болып қалыптасуда жан тәрбиесі мен тән
тәрбиесі маңызды орын алады. Жеке тұлға тәрбиесіндегі негізгі факторлар
– отбасы мен білім ордасындағы оқу-тәрбие жұмысы, сондықтан оның про-
цестерін қазақтың ұлттық санасын қалыптастыру негізінде ұйымдастыру-
дың мәні өте зор.
Қазақ халқының сандаған ғасырлардан жинақталып, ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып келе жатқан тәрбиелік ой-парасат мұрасы өте мол. Өйткені, тәр-
бие – өмірдің өзекті мәселесі. Бүгінгі ұрпақ бұрынғылардың салған ізімен
жүріп, ақыл-кеңесіне құлақ асса, өнегесін ойына дарытса, саналы, адам-
гершілігі зор азамат болып ержетіп, өмірден өз орнын табары хақ.
Қысқаша айтқанда, ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ
маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас
бөлігі. Мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркен-
деуіне үлес қоса алатын, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды
өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Әдістемелік құрал иллюстрациялармен безендірілді (материалдар ашық
қолжетімді интернет дереккөздерінен алынды).
|