II тарау.
«ҚЫРЫҚТЫҢ БІРІ ҚЫДЫР»
Табиғатынан өнерпаз, шешен, меймандос мейірлі қазақ халқы қонақ
күту әдебіне үлкен мән берген.
Дархан даланы мекендеген халықтың қонақжайлылығы ұлттық тұрмыс-
қа (көшпелі тұрмыс) байланысты. «Құдайы қонақ» болып келген кісі ұл-
тына, жынысына, тегіне, жасына қарамай, ауылдағы кез келген үйге қонақ
болған. Қонақ күту, оны шығарып салу рәсімдері (мал сою, сыбаға тарту,
ат мінгізіп, шапан жабу) әрбір отбасының жағдайына қарай мүмкіндігінше
толық орындалатын болған [6]. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген
еншім бар» деп, ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ болған. Оның үстіне
қазақта «Қырықтың бірі – Қыдыр», «Қонақты қусаң – құт, ырыс қашады»,
«Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сондықтан, халқы-
мыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген.
Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі
кіріп, есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені. Ал
қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып
шығатын болған. Бұл дегеніміз, кетіп бара жатқан қонақтың тағы айналып
келер жолын жаппау болып есептеледі.
Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы
тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ас дайын болғанға дейін қонақтар-
дың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын
жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме-дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті
келсе ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың
көңілін көтереді. Үй иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қыз-
мет көрсетеді.
14
Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі. Сондықтан, қонақ күту кезін-
де әр адам дастарқан басында қалай өзін ұстау керектігін білуі керек. Ға-
сырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан, дастарқан басында
әркімнің өзін дұрыс ұстай білу ережесінің қажеттілігі сонда – оның негізін-
де, адамдардың қысылмай, өзара көңілді отыруында, тазалық, сыпайылық
талаптарын үйлесімді дұрыс сақтаудың да маңызы зор. Мысалы, үй иесі дас-
тарқан басына отырмас бұрын қонақтарды бір-бірімен таныстырады, оның
тәртібі: жасы кішілерді үлкендерге, ер кісілерді әйелдерге таныстырады. Ер
кісілер алдымен әйелдерге орын босатып, сонан соң ғана өздері отырады.
Дастарқан басында отырғанда қатты сөйлеудің, қатты күлудің қажеті
жоқ, амандасу үшін дастархан үстінен қол созу да дұрыс емес.
Кеңпейіл қазақ халқының ата-бабасынан қан арқылы ұрпағына беріліп,
бар ұлттың ерекше сый-құрметіне бөленіп келе жатқан ізгі дәстүрі, асыл
қасиеті – қонақжайлылық. «Құдайым, би қылмасаң да би түсетін үй қыл»,
– деп бабаларымыздың Жаратқан Иемізге жалбарынуы, сірә, сол себепті
де шығар. Және де, халқымыздың қонақжайлылықты қатты қастерлегені
соншалықты, ауылға келген бейтаныс қонақтар кез келген үйге түспей, дас-
тарханы мол, пейілі кең, үйі таза, көргенді ұл-қызы бар үйлерге ғана қонақ
болған. Оған үй иесі қатты қуанып, ақ батасын берген. Әйтеуір, қазақ халқы-
ның салт-дәстүрінде қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу – үлкен айып
болып саналады.
Адамдардың арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрмет пен
қамқорлықты білдіретін, үй иесінің адамгершілігін, имандылығын айқын-
дайтын ұлттық салт-дәстүрімізде қонақжайлылықтың негізгі белгілері бар.
Олар: адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөлмей, құрметпен қарсы алып, дос-
тық ықылас көрсету, адал ас-дәмін ұсыну.
Қазақ халқының қонақжайлылық қасиеті мен дәстүрі қай заманда да
шетелдік саяхатшылар мен ғалымдарды қатты таң қалдырғаны тарихта жа-
15
зылып қалған ақиқат. Этнографтардың, көнекөз қариялардың айтуынша,
дәстүрлі қазақ қоғамында әкенің балаға қалдыратын мұрасының белгілі бір
бөлігі міндетті түрде қонаққа тиесілі «енші». Қасиетті қазақ даласындағы
кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, шөлін қандырып,
тынығып алуына құдайы қонақ ретінде қақысы бар. Ал, әрбір үй қонақты
ақ пейілімен қарсы алып, сыйлап, құрметтеп шығарып салуға тиісті. Бұл
– қазақ даласында ежелден келе жатқан моральдық-этикалық қалып, қазақ
тұрмысының айнымас шарты.
Достарыңызбен бөлісу: |