9
Имандылық негіздері – әдептілік, инабаттылық, қайырымдылық,
мейірімділік, ізеттілік барлығы да жеке адамның санасында тәрбие арқылы
қалыптасады.
«Иман» сөзі араб тілінде «сенім» деген ұғымды білдіреді. Иманды-
лық – Алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбардың Алланың елшісі
екендігіне сеніп, Алла жолын, пайғамбар ұсынған парыздарды мүлтіксіз
орындау, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқару, адамдықты
асқан кісілікпен ақтаудың көрінісі.
Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды екен» деп құрметтейді.
Ал ар-ұяты жоғары адамның биязы, парасатты келетіндігін ескере отырып,
«иманжүзді кісі» деп сый-құрмет көрсетеді.
Қазақ халқының ата дәстүрінде имандылық тек діндік сенім емес, ол әрі
ұлттық саналық салтқа, ұлттық ерекшелікке айналған психологиялық құбы-
лыс.
Жас ұрпақты имандылыққа баулу үшін олардың ар-ұятын оятып, намы-
сын қайрап, мейірімділік, қайырымдылық, ілтипаттылық, кішіпейілділік,
көпшілдік, қамқорлық, адалдық, ізеттілік секілді адамгершілік қасиеттерді
бойына сіңіру әрбір ата-ананың, тәрбиеші-ұстаздардың ұлттық парызы [5].
Мұсылманшылық немен болады?
Қазақ ұғымында мұсылманшылық – адамшылық ұғымымен тең дереже-
де қабылданады. Ал мұсылманшылық ұғымы имандылық ұғымымен тығыз
байланысты. Жоғарыда айтылғандай мұсылманшылық 5 парызды орындау-
мен болады. Бұл имандылықтың сыртқы жағы. Кімде кім мұсылманшылық-
тың сыртқы жағында қалып қойса, яғни тек тілмен айтып, бірақ жүрегімен
бекітпесе, ондай мұсылманшылықтан пайда жоқ екен. Сондықтан мұсыл-
маншылықтың ішкі иіріміне сүңгіген, оны терең түсінген ғұламалар, атап
айқанда Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бұл туралы былай дейді: «Бұл мұсыл-
маншылық деген немен болады: уағдаға опалы болуменен, пайда мен залал
таласып келгенде, залалға өзі шыдап қалып, пайданы басқаға қиюменен бо-
лады.
Асылы адамзат: Адам ата, Хауа анадан өрбіген жан бәрі бір кісінің тұқы-
мы екендігін білісіп, бір-біріне жаны ашып, артығы болса, ауысып, қажеті
болса, берісіп, кем-кетігін көрісіп, ысхауатылығы , омырауаттылығы болу-
менен болады. Бұлардың бір де бірі жоқ, құр намаз оқып, ораза тұтқанмен,
домалақ-домалақ тасты жіпке тізіп алып санауменен мұсылманшылық та-
былмайды» [26, 47].
Инабаттылық – әдептілік, тәрбиелілік, мәдениеттілік ұғымдарымен
жақын мағынада қолданылатын, кісілік қасиеттер. Инабаттылық көбінесе,
адамның мінез-құлық ерекшеліктерімен айқындалады. Оның басты көрініс-
теріне: адамгершілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, жауапкершілік,
тәртіптілік, қанағатшылық, биязылық, ілтипаттылық, ізеттілік, сабырлы-
лық, әділдік, шыншылдық т.б. жатады. Инабаттылықтың негізгі шарттары-
10
ның бірі – ар-ұятқа кір келтірмеу. Халық «жарлы болсаң да, арлы бол» дейді.
Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, инабатты келеді.
Инабаттылық – әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қа-
рапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, ұқыптылық, жауап-
кершілік.
Қазақта «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «Ұлық болсаң, кішік бол»
деген мақал бар. Инабатты, биязы мінезді, қатардағы қарапайым, қамқоршы
адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Сөзі дөрекі, мінезі шайпау,
менмен, мақтаншақ, керенау кесір мінезбен халық аянбай күреседі. «Көзі
соқырдан қорықпа, көңілі соқырдан қорық», «Өзін-өзі мақтаған өліммен
тең» деп мақалдап, кесірлінің кемшілігін кесіп айтып, ел оны жөнге салып
отырған.
Халық сыпайы адамның мәдениеттілікті сақтай білетінін жастарға
үлгі тұтады. Сыпайы болу дегеніміз – әдеп сақтау, әдептілік үлгісін, мәде-
ниеттілікті көрсету. «Болған жігіт болдым демес, болдым десе – болғаны
емес» деп, халық кейде сыпайылықтың жөні осы екен деп, оны теріс түсініп,
басқадан өзін артық көретін, сыпайылық пен кербездікті артықшылық са-
найтын санасыздықты қатты сынайды.
Халық педагогикасындағы инабаттылық, тәрбие дәстүрлері бірқатар
ғалымдар еңбектерінде орын алды. Түркімен ғалымы К. Пирлиев ұлт тәр-
биесінің негізгі өзегі инабаттылықтан бастау алу керек екенін қадап айта-
ды. Қазақстандық ғалым К. Оразбекова инабаттылық иірімі жеке тұлға тәр-
биесінің қайнар бастауы болуы керек екеніне назар аударады.
Инабаттылық қасиетінің ұрпақ бойында қалыптасуы индивидтің өзі
қоршаған ортасындағы түрлі қарым-қатынастардың ықпалына байланысты
деуімізге негіз бар. Себебі, әр халықтың өсіп келе жатқан ұрпағына ең алды-
мен қоятын үлкен талабы – оның шынайы адам болып қалыптасуы дегенге
саяды.
Инабаттылық ұғымы кең. Инабаттылық қағидасы халықтың салт-дәс-
түрлерінен бастау алады. Оның астары адамгершілік, парасат, салауатты-
11
лық, имандылық қасиеттермен ұштасып жатыр. Осыған орай, халық педа-
гогикасында инабаттылық қағидасы тек шектеулі қоғам талабы ғана болып
қалмай, жас ұрпақтың өзі қоршаған айналасындағы түрлі құбылыстарға ба-
рынша бейімделуіне ерекше жағдай туғызатын құбылыс болып табылады.
Инабаттылықтың тәлімді түрі – тіл алғыштық. Ата салтын ардақтап, үл-
кенді сыйлай білетін, ананың ақ сүтін ақтайтын ұрпақ елгезек, тіл алғыш
болады. «Тілазардың түбі – азар» деп, халық тіл алмайтын қырсықты жек
көреді.
Инабаттылықтың бір негізі – ұқыптылық. Халық ұрпағын ұқыптылық-
қа бесіктен бастап тәрбиелеген. Баланың уақытында тамақтануы, тазалығы,
дұрыс киінуі, ұйқысы ұқыптылықпен қадағаланбаса, оның өсуіне ұқыпсыз-
дық зиян келтіреді.
«Қайраты бар кісінің, берекесі бар ісінің» деп, халық ұқыпты еңбек ет-
кен адамның үнемі табысқа жетіп отыратынын уағыздайды. «Олақтан салақ
жаман» деп, ұқыпсыздық, салақтықтың жаман екенін қисынды түйіндейді.
Ұқыптылыққа үйрету рәсімдерін ата-ана, отбасындағы үлкен адамдар кіші-
лердің бір-бірінің ісін бақылау, көмектесу арқылы іске асырады.
Достарыңызбен бөлісу: