«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» Бірлестік жетекшісі: А. Т. Мурзагельдина Армысыздар, құрметті оқушылар, ардақты ұстаздар! Бүгінгі «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»



бет3/7
Дата18.04.2023
өлшемі1,48 Mb.
#84044
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»

«Киелі сандар»

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Киелі сандар сырын ашу, сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып оқушылардың білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.
Тәрбиелік: Оқушыларға өз елін қастерлеуге, Н.Ә. Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы «7» санын қастерлеп көрсеткенін айта отырып, халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, кестелер


Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, кластер құру..
1.Ой шақыру.
Балалар , « Жеті» дегенде сендерге қандай ой келеді?
( « Ой шақыру)

Жеті
2. Ал , енді , Қадыр ағамыздың « Жеті» өлеңіне көңіл бөлейік.


Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып шығуы.
« Жеті» өлеңі
« Жеті» .
Киелі сан жеті деген,
Байланысты жетіменен.
Көп ұғымы халқымыздың,
Белгісіндей салтымыздың.
Жеті қабат көк жер үсті
Жеті қабат жер асты.
Жеті Жарғы- заң жеті,
Қазынамыз бар жеті.
Жеті атамыз- жеті жұрт,
Ағайынды жеті құт.
Өлеңнің түсінігін айту;
Ақын өзінің өлеңінде жеті санының неге қымбат екеніне тоқталады. Жеті саны қазақта киелі сан. Оны мына өлең сөздерінен де көруге болады. Жеті жасқа келген бала күрт өседі, яғни есейеді. Аптамыз жеті күннен, қайтыс болған адамның жеті күн садақасын береді. Мұсылмандар балаларына жеті атасын жаттатады. Аспанымызда жеті жұлдыз қордаланып орналасқан жеті қарақшы бар.
Өлеңді оқушылар мәнерлеп оқиды.
3. Сұрақ-жауап.
6.« Жеті жарғы» заңы.
Жарғы: Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.
Жарғы: Түркі халқының мүддесін сатып, еліне опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын.
Жарғы: Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын.
Жарғы: Өзге әйелімен зинақорлық жасаған ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын.
Жарғы: Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын.
Жарғы: Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:
А) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді.
Ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет