«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» Бірлестік жетекшісі: А. Т. Мурзагельдина Армысыздар, құрметті оқушылар, ардақты ұстаздар! Бүгінгі «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»



бет6/7
Дата18.04.2023
өлшемі1,48 Mb.
#84044
1   2   3   4   5   6   7
«Оқушылар сарайы» КММ
«Тігін және сурет өнері» үйірмесінің
«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» - «Киелі сандар»
атты тәрбие сағатымыздың


Анықтамасы
2021 жылы 7 қаңтар күні «Тігін және сурет өнері» үйірмесінің «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» соның ішінде «Киелі сандар» атты тәрбие сағатты өтті.
Тәрбие сағатымыздың мақсаты: Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 30 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу.
Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы. салт-дәстүр ырым-тиымдар секілді қағидалар мен ұстанымдар мағынаға толы үлкен өнеге. Біздің дана абыздарымыз күнделікті қолданып жүрген сандардың өзін қасиетке балап, әрқайсының мән-мағынасын ашып кеткен. Осы орайда оқушылар
Ұлтымыздан, ата-бабамыздан бізге не қалған? Ата –бабамыз қандай сандарды киелі санаған туралы ақпарат беріліп, білген ой-түйіндерін саралады
Оқушылар шеңбер айналып тұрып, киелі ағаш үйде жасырылған 3,5,7 сандарын таңдады.
Үш көз Үш арсыз Бес қару Бес ақыл, бес дұшпан
Жеті жетекші Жеті ата Жеті қазына
Абай бабамыздың өлеңін Қуанышбай Балым оқыды.
Ер балалар жеті атасын еске түсіріп айтты.

Тәрбие сағатымызда осыншама халық мұрасының ішінен адам тіршілігіне байланысты көне және бүгінгі күннің салт - дәстүрлерінің негіздер ғана айттық.


Салт - дәстүр, әдет - ғұрып халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениеттің арқауы. Ғасырдың ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып келе жатқан ата дәстүрінің желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалы, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс.
«Оқушылар сарайының» КММ директоры: Қ.Т.Тилешевке және оқу-тәрбие ісінің орынбасары: Қобландина.Г.Н қатысып, «өте жақсы» деген бағамен бағаланды.
Бірлестік жетекшісі: А.Т.Мурзагельдина

«Оқушылар сарайы» КММ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет