«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» Бірлестік жетекшісі: А. Т. Мурзагельдина Армысыздар, құрметті оқушылар, ардақты ұстаздар! Бүгінгі «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»


«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»



бет7/7
Дата18.04.2023
өлшемі1,48 Mb.
#84044
1   2   3   4   5   6   7
«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»
«Киелі сандар»


«Тігін және сурет өнері»
үйірме жетекшісі:
А.Т.Мурзагельдина

«Оқушылар сарайы» КММ
«Алтын оймақ» үйірмесінің
«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» - «Тиым сөздер»
атты тәрбие сағатымыздың


Анықтамасы
2021 жылы 7 қаңтар күні «Алтын оймақ» үйірмесінің «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» соның ішінде «Тиым сөздер» атты тәрбие сағатты өтті.
Тәрбие сағатымыздың мақсаты: Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 30 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу.
Ұрпағын жаман әдеттен жиоендіріп, жақсылыққа жетелеп. өсиет сөздерін күнделікті бойына ұялатып отырған. «Осылай жасама, жаман сөз айтпа, дұрыс емес», т.б сөздердің жауабы «жаман болады» дегенмен аяқталып отырған.
Ырым-тыйым сөздердің түсініктемесіне көңіл қойсақ:
- Балаға ми жеуге болмайды – мидай былжыр, ынжық болып өседі деп тыйым салған.
- Жас балаға бұғана ұстатпаған – бойы өспей қалады деп.
- Қойды аттама – ол киелі мал. Меккеге барған деп атауға тыйым салған.
- Ыдыстағы суға ауызынды салма – ол ыдыстағы су арам болады дейді.
- Малдың желінген басын түнде лақтырма – малдың ырысы кетеді деп ырымдайды.
Тәрбие сағатымызда осыншама халық мұрасының ішінен адам тіршілігіне байланысты көне және бүгінгі күннің салт - дәстүрлерінің негіздер ғана айттық.
Салт - дәстүр, әдет - ғұрып халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениеттің арқауы. Ғасырдың ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып келе жатқан ата дәстүрінің желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалы, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс.
«Оқушылар сарайының» КММ директоры: Қ.Т.Тилешевке және оқу-тәрбие ісінің орынбасары: Қобландина.Г.Н қатысып, «өте жақсы» деген бағамен бағаланды.
Бірлестік жетекшісі: А.Т.Мурзагельдина








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет