«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» Бірлестік жетекшісі: А. Т. Мурзагельдина Армысыздар, құрметті оқушылар, ардақты ұстаздар! Бүгінгі «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»



бет2/7
Дата18.04.2023
өлшемі1,48 Mb.
#84044
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы»

Бес ақыл, бес дұшпан
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге қашық бол,
Адам болам десеңіз…
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз
Талап,еңбек,терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз.
Жеті жетекші:
Адамның басшысы-ақыл
Жетекшісі- талап
Жолаушысы-ой
Жолдасы-кәсіп
Қорғаны-сабыр
Қорғаушысы-мінез
Сынаушысы-халық
Жеті ата:
1.Нұрғазы 2.Атабай 3.Өмірбай 4.Қарабала 5.Тышқан 6.Бабатай 7.Байтемір
Жеті қазына:
Ер жігіт
Сұлу әйел
Ақыл, білім.
Жүйрік ат
Қыран бүркіт
Берен мылтық
Құмай тазы(ит)

-Рахмет сіздерге, бізге көптеген мағлұматтар бердіңіздер. Бүгінгі сабақта алған білімдеріңіз үлкен өмір жолында пайдаға асуын тілеймін.


Қазақ халқының салт - дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер, тұрмыс салт - дәстүрлері, әлеуметтік - мәдени салт - дәстүрлері болып үш топқа бөлінеді. Бала тәрбиесіне байланысты әдеп - ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім - тәрбиелік дәстүрлерден (шілдехана, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тіл дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той т. б.) бастап, қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы - жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн - жоралғылар кіреді.


Іңгалап сәби дүниеге келген сәттен бастап, орындалатын жоралғылардың бірі, бесікке салу дәстүрі. Сол дәстүрді бүгінгі шараға қатысушыларға мән мағынасын аша отырып, орындау үлгісін көрсету үшін, келесі кезекті «Әсем моншақтар» үйірмесінің жетекшісі Жантілеуова Нүргүл апайға ұсынамыз. «Бесікке салу рәсімі»
Сәбиді бесікке салу рәсімін орындап көрсеткені үшін Нүргүл апайға алғысымызды білдіреміз.

Біздің дана халқымыз жас жеткіншек өсіп, жетіліп келе жатқан шақта, үлкен өмірге физикалық тұрғыда дайындау үшін әр түрлі ұлттық спорттық ойындарды ер балаларға үнемі ойнатып, шынықтырып отырған. Сондай керемет тағы да бір ойынның үлгісін көрсету үшін «Асыл мұра» үйірмесінің жетекшісі Туретаев Асыланды шақырамыз. «Ләңкі» ойыны.


Ұлтымыз ер балаларды физикалық тұрғыда шынықтырған болса, ардақты әз аналарымыз қыз балалардың тәрбиесіне мән беріп, тұрмыстық өмірге ерте жастан дайындаған, атап айта кететін болсақ: кесте тігу, ұршық иіру, көрпе тігу, әр түрлі мәзірдегі тағамдар дайындау секілді құндылықтарды қыз баланың санасына сіңірген. Осы орайда қыз балаларға ұршық иірудің әдіс-тәсілін меңгерту үшін сабағымыздың келесі бөлігін «Шебер» қолөнер жетекшісі ардақты әже Каналина Бағдагүл апайымызды шақырамыз. «Ұршық иіру»
Ұлт болашағы бүгінгі ұрпақ деп санаған халқымыз баланы тұрмыстық өмірге дайындауммен қатар рухани тұрғыда да жетілдіре білген. Әр шаңырақта өсіп келе жатқан бала есейіп азамат, азаматша болу шағында теріс қылықтар мен жаман әдеттерге әуестеніп кетпес үшін сан түрлі тиым сөздер арқылы кішкентайынан санасына рухани құндылықты сіңіре білген.
Сабағымызды әрмен қарай «Алтын оймақ» үйірмесінің жетекшісі Убаева Лаура апайымыз жалғастыра отырып, бабаларымыздан қалған өнегеге толы тиым сөздердің мән-мағынасын ашады. «Тиым сөздер!»

Бүгінгі жас ұрпақтың санасына өнегеге толы мәнді сөздердің мағынасын терең түсіндіргені үшін Убаева Лаура апайға шексіз алғыс айтамыз.


Өздерің жаңа көріп отырғандай тиым сөздермен қатар біздің ұлтымызда бұрынғы күні қолданып, қазіргі таңда ұмытылып бара жатқан көне сөздерде жетерлік. Сондай сөздердің бір сыпырасын бүгінгі ұрпақтың есіне салу үшін ортаға үйірме жетекшісі Қоңыратбаева Гүлмира апайымызды шақырамыз. «Ұмытылған көне ырымдар»


Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал мұндай мәселелерді зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін қауым елге жеткізетін негізгі құрал – бұқаралық ақпарат құралдары екені даусыз. Коптлеуова Венера


Міне, балалар біз тәрбие алатын ұлтымыздың ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрі,ырым, тиым сөздері өте көп. Олардың барлығын бір тәрбие сағатында айтып бітіру мүмкін емес. Әлі де оқып білмегенімізді толықтырамыз! ХХІ ғасыр азаматының бойында өркениетті өмірге талпынатын, ата-баба дәстүрін жалғастыратын, кіндік қамы тамған туған жерін, асқақтаған көк тулы Отанын сүйетін, үлкен-кішіге мейірімді, ізетті, текті, дені сау азамат және азаматша болып өсулеріне тілектеспін!


Тәрбие сағатымызда осыншама халық мұрасының ішінен адам тіршілігіне байланысты көне және бүгінгі күннің салт - дәстүрлерінің негіздер ғана айттық.
Салт - дәстүр, әдет - ғұрып халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениеттің арқауы. Ғасырдың ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып келе жатқан ата дәстүрінің желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалы, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс.
Дәстүр, салт қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына қарай байып, мазмұны тереңдеп отырады. Сондықтан бұған осы тұрғыдан қараған дұрыс. Әркім керектісін, көңіліне ұнағанын, көкейіне қонғанын қабылдап, іс жүзінде қолданса, оны ұлтымыздың озық салт - дәстүрлерімен байланыстырып, байытып мазмұндандыра түссе, нұр үстіне - нұр.












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет