М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет12/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
жарымыз, ай нұры”, “Тұр аяқшы бер қымыз”, “Анық ерге жолдас бол ” және
тағы да басқа өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Шығыс шайырларының сара
жолын негізге алып, солардың дәстүрін берік ұстанған ғұлама ақын, олардың
арақ, шарап сипатында қолданған сөздеріне тура түсініктеме беріп отырады.
“Кел даяшы қымыз құй” атты өлеңінде кездесетін “арақ” деген сөзді
қымыз деп алғанын, “арақ” (қымыз) дегені – ақыл, ғылым; хақиқатта “жар” –
дос дегені, Алла тағала һәм табиғаттың көркемдігі деп өзгертіп жазғаны
жайында түсініктеме ретінде ескертіп отырады [88, 149 б.].
Шығыс классикалық поэзиясының қыры мен сырын еркін игеріп,
қазақтың қара өлеңінің қасиетін жетік меңгерген, Абайды үлгі тұтқан Шәкәрім
Құдайбердіұлы араб әдебиетіндегі қос тармақты шумақта қолданылатын
мәснәуи үлгісінің өлең құрылысына сәйкес өлеңдер жазды. Оның “Насихат”
деген өлеңі арабтың классикалық поэзия жанрына еліктеп жазылған.
Сен ғылымға бо лсаң ынтық бұл сөзімді әбден ұқ
Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер.
Білген ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт,
Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер [91, 87 б.].
Шәкәрім араб әдебиетімен таныс болып қана қоймай, оның идеялық -
көркемдік 
жағынан
озық
үлгілерін
қабылдағандығы 
шығармашылық
тәжірибесінен танылады. Философ-ақын шығармашылығының негізі қазақ
халқын надандықтан құтқарып, имандылыққа, өнер білімге тарту еді. Оның
шығармашылық қызметі тек ақындықпен, аудармашылықпен ғана шектелмейді.
Шәкәрімнің әдебиет саласында ғана емес, тарих, философия тәрізді ғылымның
басқа арнала рында да құнды төлтума еңбектері жеткілікті. Ақынның, әсіресе,
шығыстық тақырыптағы мұралары Кеңес
дәуірінде
зерттелмей, архивте
ғылыми 
жұртшылыққа 
белгісіз 
күйінде
жатты.
Құдайдың
бірлігіне,
пайғамбардың хақтығына кеңестік кезеңнің өзінде күмән келтірмеге н Шәкәрім
Құдайбердіұлы араб әдебиеті мен ислам дінін өзі толғаған өлеңдерінің негізгі
арқауы, желісі етіп алған деп санаймыз.
Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиеті тарихында көшбасшы жазушылығымен
қатар ұлттық әдебиеттің мәртебесін биіктетіп, абыройын асқақтатқ ан дарынды
зерттеуші. Оның табиғат сыйлаған жазушылық қасиеті мен суреткерлік


49
сымбаты уақыт өткен сайын зорайып, ғылым саласында қалдырған ересен
еңбегінің маңызы артып, мәні мен мағынасы тереңдей түседі.
Жазушы шығармаларының жетпістен астам тілде жарық к өріп, сол
елдердің рухани қазынасынан бой көрсетуі ұлттық әдебиетіміздің көкжиегін
кеңейтіп, әлемдік деңгейге көтерген классик қаламгерлеріміздің бірегейі
екендігін көрсетеді. Ғұлама жазушының қаламынан туған “Абай жолы” роман -
эпопеясы – әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған асыл қазына. Жазушыны
осындай биік деңгейге көтерген оның шығармашылық өнері. Ол өз
туындылары арқылы қазақ халқының тыныс тіршілігін, тарихын, салт -дәстүрін,
әдет-ғұрпын, дүниетанымын терең де көркем бейнелеп, шетел жұртшылығына
таныта білген.
М.Әуезовті әлем әдебиетімен байланыста қарастырар болсақ, оның Шығыс
пен Батыстың
мәдениетін,
әдебиетін жетік білгенін көреміз. Шетел
классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлттық оқырман қауымға
мән-мазмұнын дәлме -дәл жеткізген. Әуезо вті алғаш Шығыс әдебиеті әлемімен
таныстырған Абай ілімі, Абай танымы еді. Жас кезінен Абай дәстүрін үлгі ете
отырып, әлемдік деңгейдегі әйгілі Шығыс классиктері Фирдо уси, Сағди,
Низами, Омар Хайам және басқа да атақты шайырлардың поэзиялық
туындыларын танып-біліп, Мұхаммед пайғамбардың өмірі туралы деректерге
қанығып, араб әдебиетінің асыл қазыналары саналатын “Мың бір түн”, “Ләйлі -
Мәжнүн” тәрізді көркем шығармалармен сусындады. Кейінірек Ресейде,
Өзбекстанда оқыған кезінде Шығыс әдебиеті мен мәдениетіне б арынша ден
қойып, 
терең
тануға
ұмтылғаны 
кемеңгер
қаламгердің
барлық
шығармаларының өн бойынан, зерттеу еңбектерінен анық көрініп тұрады.
Тамыры терең қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті, дәстүрі мен
дүниетанымы Шығыс елдерінің, соның ішінде араб жұртын ың рухани
мәдениетімен өзара байланыста сабақтасып жатқандығы тарихтан белгілі.
Қазақ пен араб халықтарының өмір сүру дәстүрі, тіршілігі мен табиғаты және
көркем әдебиетінің қалыптасуы көшпенділік дүниетаным негізінде өріліп, әрі
бір-бірімен тамырласа, тармақтаса отырып өзіндік сипатқа ие болды. Осындай
жақындық ел мен елдің мәдени байланыс жасауына игі әсер ін тигізіп, қазақта
М.Әуезов,
Ғ.Мүсірепов, арабта Таһа Хусейн, Нагиб Махфуз сынды
тұлғалардың біртума дарын, үлкен талант иесі болып қалыптасуына өз үле сін
қосты.
Шығыс мәдениеті мен әдебиеті – қазақ халқының рухани дүниесіне нәр
беруші таусылмас қазына. Қай заманда болсын араб -парсы елдері әдеби
мұраларының ұлттық әдебиетімізге тигізген ықпалы болды, қазірде де рухани
әсерін сақтады. Қазақ ауыз әдебиеті
үлгілерінде, жыраулар поэзиясында,
сондай-ақ, Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп шығармаларында да
Шығыстың әдеби жауһарларымен жібек жіптей нәзік тінмен тығыз өр ілген
сабақтастықтың жатқандығы
байқа лады. Мәселен араб халқының “Ләйлі -
Мәжнүн”, 
“Жүсіп -Зылиха”, 
“Сәйфулмәлік”сияқты 
көптеген
қисса,
дастандарындағы махаббат мәселесі қазақ арасында ерте кезден белгілі болған.


50
М.Әуезов Абай өмірі мен дүниетанымын, жалпы болмысын зерделеу
барысында, оның өлеңдеріндегі Шығыстың, соның ішінде араб әдеби үлгілерін
көп кездестіріп, оларға талдау жасаған. Абайдың алғашқы өлеңін Шығыс
классиктеріне арнап шығарғанын, 1902 жылы жазған “Алланың өзі де рас, сөзі
де рас” өлеңі ақынның шығыстық тақырыптағы соңғы шығармаларының бірі
екенін атап көрсетеді [92, 59 б.]. Абайдың “Хор болды жаным”, “Тағдырдан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет