диуана мен Ибраһим”, “Өліп тірілген Шаһзада”, “Әбушақыма”, “Шаһарбан
мен Хұсай ын” және т.б. шығармалары қазақ әдебиетіндегі діни қиссалардағы
ортақ сарын: Аллаға сыйыну, күнәдан тазару, халифалар мен олардың ұлдары
жайындағы дастандармен үндесетінін байқауға болады. Ақын көбінесе Аллаға
сыйынуды жырлай отырып, өзі өмір сүрген қоғамд ағы келеңсіздікті тұспалмен,
астармен шебер тілмен көркем жеткізеді.
Қазақтың
кемеңгер
ақын ы,
ойшыл,
исламтанушы
Шәкәрім
Құдайбердіұлының шығармашылығын, рухани дүниесін зерделегенде, оның
араб әлеміне қатысты әдеби мұралары ерекше орын алатыны айқын көрінеді.
Шәкәрімнің негізгі мұраты мен өмірлік тұғырнамасын анықтайтын оның
философиялық көзқарасының негізі Ислам дінімен астасып жататыны да анық.
Сондықтан да Шәкәрім өз заманында “ғариф” атанған адам. “Ғариф”
сөзінің арабша мағынасы – білгір, гностик, ғылыми дүниетанушылық жолды
ұстанушы.
Шәкәрім тек Абайдың талантты шәкірттерінің бірі ғана емес, Абай
мектебінің негізгі теоретигі де. Мұны Тұрағұл Құнанбайұлының “Әкем Абай
туралы” атты естелігінен де көруге болады: “Мен әкемнің аузынан шыққан
сөзді пайғамбардың аузынан естігендей сеніп, адам болады екенмін деп, сол
жылы бастығымыз Шәкәрім қажы болып, хақиқаты олай емес, былай болады”
деп таласып жататын санды шәкірттің қатарында болдым [86, 15 б.].
Шәкәрімнің Абаймен рухани үндестігі тек туыстық жағына н ғана емес,
қазақ халқының сол замандағы хал -жағдайы, дүниетаным жүйесі, заман талабы,
ел болашағына деген көзқарастарының жақындығымен де байланысты еді.
Абайдың ақындық және ойшылдық дәстүрін үлгі тұтқан Шәкәрім жас
кезінен-ақ араб әдебиетіндегі рубаи,
бәйіт, ғазал жанрларының нәрінен
сусындап, оларды өз туындыларына арқау еткен.
Айталық, “Жасымнан жетік білдім түрік тілін” деп аталатын өлеңінде
ойшыл ақын былай деп жазады:
Оятқан мені ерте – Шығыс жыры
Айнадай айқын болды әлем сыры [87, 143 б.].
Осындай өлең жолдары арқылы өзінің төл әдебиетінен басқа ең алғашқы
өнеге мектебі санағаны классикалық араб, парсы поэзиясы екенін ашық жазады.
Тамырлас, туысқан халықтарға түгел ортақ түркі әдебиетін де терең таныған
ақынның айрықша қадір тұтқан шайыр лары Хафиз, Сағди, Физули, Низамилер
екені тағы күмәнсіз. Мұнан Шәкәрімнің Абай сусындаған Шығыстың
41
классикалық үлгілері “Мың бір түн”, “Ләйлі -Мәжнүн” тәрізді кәусар бұлақтан
нәр алғанын көреміз.
Шәкәрім шығармаларының негізгі лейтмотиві қазақ халқына им андылық
жолын таныту деп түсінсек, түптеп келгенде, мұның өзі Құран кәрім мен
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың қасиетті хадистерінің негізінде жасалғанын
ешкім де жоққа шығара алмайды. Демек, біз данышпан ақынның ақиқат
жолындағы таным-түсініктерінің негізін де жатқан ортақ тағылымды екі әдебиет
арасындағы сабақтастық, байланыс деп түсінеміз.
Автор “Айқап” журналының 1912 жылғы № 5 санының 96 -бетінде
“Білімділерге бес сауал тастайды”. Оның жалпы мазмұны мынадай:
- Алланың адамды жаратқандағы мақсұды не?
- Адамға тіршіліктің ең керегі не үшін?
- Адамға өлген соң мейлі не жөнімен болсын, рахат -бейнет (сауап-азап) бар
ма?
- Ең жақсы адам не қылған кісі?
- Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып
бара жатыр ма?
Қай түрлі жауап берсеңіз де дәлеліңіз не деп дүнияуи сұрақ қояды. Бұл
сұрақ тек сол замандағы адамдарға арналған десек, қателескен болар едік. Қай
кезде де ойланатын пенденің санасына қамалар ой осы болар. Өмірдің бастапқы
шешімін табуға қойылған мұндай сұрақтың жауабы да оңай емес. Сол кездег і
“Ғалия”, “Уазифа” секілді ірі медреселерде тәлім алған, қаншама қазақ пен
татар зиялы қауым өкілдерінің ортасында жүріп, Шәкәрімнің осындай сауал
тастауының өзін кемеңгерлік деп тануға болады.
Шәкәрімнің рухани өрісінің кеңеюі тек қана оның араб, па рсы, орыс
тіліндегі мәдени мұраларды аударумен шектеледі деп түсінуге болмайды.
Ақынның ой -өрісі мен дүниетаным деңгейінің биіктеп, көкжиегінің кеңеюіне
араб мәдениетінің терең салған ізі бар деп есептеу қажет. Бұл туралы ақынның
“Иманым” атты өлеңдер жинағының соң жағында жазған түсініктеме сөзінде
шығыстанушы Абдулғалым Маралбек былай деп жазады: “Шәкәрім – Шығыс
шайырлары желісін үзбей келген ізгілік ілімінің, Ислам дінінің ішкі
мазмұнының мәнін бізге жеткізуші ұстаз. Әр сөзі Құран аяттарымен астасып
жататын ақын жырларындағы кәміл махаббат үнін есту үшін қадірлі оқырман
қауымның дін тарихы мен Ислам даналығынан, пайғамбар хадистерінен
Ибраһим Әдһам, Зун Нун Мисри, Баязит Бестами, Омар Хайям, Фарид ад -Дин
Аттар, Джалал ад-Дин Руми, Әмір Хұсрау Деһлеуи, Му слихуддин Сағди, Қожа
Ахмет Иассауи, Шамсуддин Хафиз, Низами Ганджауи, Әлішер Науаи сынды
әулие ақындардың сырға толы жырларымен таныстығы болуға керек
[88, 311
б.]
.
Шынында да солай. Шәкәрім өлеңдерінің кез келгенін талдай отырып,
осыған көз жеткізуге бол ар еді. Айталық,
Шын асықтың әрбірі,
42
Өліп топырақ болды да,
Жаралыстың тағдыры
Жаратты мен орнына.
Бәрінің нұры қосылған
Мол керемет менде бар
Жалғыз жарға шоқынған
Қайда мендей пенде бар.
Менің жарым қыз емес,
Хақиқаттың шын нұры.
Оны сезер сіз емес,
Көзге таса бұл сыры. – [87, 238 б.]
деп жазады.
Байқап отырғанымыздай, ақын жүрегінің ұмтылғаны – Хақ тағала. Алланы
сүю арқылы ақынның рухы кемелдікке жеткен. Өз өлеңдері мен “Үш анығына”
арқау болған кемел адам бейнес інде ақынның өзі тұрады деп айтсақ
қателеспейтін шығармыз.
Тәңірі жолы – ақ жүрек,
Сайтан деген – қиянат.
Ақ жүректі ертерек
Ескер-дағы, қыл әдет, – [87, 264 б.]
деп келетін өлеңінің де қазақ жұртына айтары мен берері мол.
Шәкәрім нің өз білігін кеңейту мақсатында Түркияның Ыстамбул шаһарына
барып, біраз уақыт Ыстамбул кітапханасында білім деңгейін көтеру үшін
ізденгені туралы пікір бар. Одан араб жеріне, қасиетті Мекке мен Мединеге
барып, мұсылманшылық парызын өтеп қажы атанады. Бұл сапарын да тек
Ислам дінінің алтын қазығы саналатын қасиетті жерден хақ діннің қыры мен
сырын зердесіне тоқып, Құранды араб тілінде оқып, ондағы жазылған сөздердің
мәні мен мағынасын сол тілде түсінуге ниет етеді. Ақын араб тілін меңгергені
туралы “Мұтылғанның өмі рі” дастанында былай дейді:
Араб-парсы оқымай,
Орысшаны тоқымай,
Бұтасыз біткен шоқыдай,
Ғылымнан едім жалаңаш [87, 337 б.].
Яғни, ақын араб, парсы, орыс тілдер ін меңгерген уақыты мен білмеген
кезін осылайша салыстыра отырып, баяндаса, өзінің бұрын тек аударма ғана
оқып келгенін былайша жазады:
Түрікше ғана білуші ем
Сонымды қару қылушы ем.
43
Перевод оқып жүруші ем,
Орысша араб аралас. – [87, 338 б.].
Шәкәрім өз халқын имандылық жолға түсіріп, түзетуге дін жолын
таңдайды. Данышпан ақынн ың мұндай ниетке келгенін мына өлең жолдарынан
көруге болады:
Ақырет деген немене,
Шыққан жан қайта келе ме,
Кіре ме осы денеге,
Дәлелі қайсы сенгенде.
Осы оймен Мекке барамын,
Әр түрлі кітап аламын.
Ақылға сыймас жалғанын ,
Алмадым сынай келгенде [87, 229 б.].
Ақынның “Жылым – қой, жұлдызым – июль” атты өлеңінде Араб Үндістан
жерлерінен алған білімінің молдығын айта отырып, оның ақын өмірінің
маңызды қазынасына айналғаны туралы былай деп жазады:
Солармен кірісіп сөзге,
Жоға рғы ой -мақсатым өзге.
Түсіп сәуле соқыр көзге.
Ауыр тұман ашылуы ай...
Сол ойды бес жыл жаздым.
Арыдым, шаршадым, аздым.
Инемен көп құдық қаздым.
Ойым, сырым, жайым солай [87, 194 б.].
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің араб әдебие тімен байланысы
нақты әдеби құбылыс. Бұл уақытқа дейінгі қазақ -араб әдеби байланысының
ара-жігін айыру қиындық туғызады. Себебі, арабтан келген әдеби дүниелер
қазақтың байырғы құндылықтарымен әбден сіңісіп кеткен. Ал, жоғарыда
аталған кезеңдегі шығармалард ың кімдікі, қашан жазылғандығы, қайдан
келгендігі белгілі. Олардың көпшілігі баспа бетінде жарық көрген.
Шәкәрім Шығыс классиктерінің біразының шығармаларын қазақ тіліне
аударған. Ақынның бұл саладағы ең көлемді мұрасы арабтың орта ғасырдағы
әдеби жәуһар ының бірі – “Ләйлі-Мәжнүн” поэмасы. Автор бұл туындыны
Физули Бағдади нұсқасының желісінде жазып шыққан. Жырдың басында
Шәкәрім Физулидің аудармасы туралы және оның тілінің шырайлылығы мен
көркемдігі жайында толық жазады. Шығарманы аударма деп қарау жаңсақ тық
болар еді. Себебі, сол кездері қазақ әдебиетінде қалыптасқан шығыстық
44
жырлардың желісін ғана алып, оны әрбір ақынның өзінше жырлайтын дәстүрі –
нәзирашылдықтың заңды жалғасы деп ұғуға болады.
Қазақ
әдебиетіндегі нәзира немесе нәзирагөйлік дәстүрі жайы нда
Әуезовтен бастап, көптеген көрнекті әдебиеттанушы ғалымдар қалам тартқаны
белгілі. Олар зерттеу жұмыстарының желісіне жалпы Шығы с әдебиетін арқау
етсе, біз араб әдебиетінің негізінде қалыптасқан нәзирагөйлік дәстүрдің
Шәкәрім Құдайбердіұл ының шығарм аларындағы көрінісін қарастырамыз .
“Назира” сөзі – араб тілінен аударғанда ұқсастық, көшірме, үлгі, мысал
деген мағынаны береді. Белгілі шығыстанушы
ғалым
Ө.Күмісбаев
“Әдебиеттану терминдер сөздігінде” бұл сөздің осындай мағыналарын бере
отырып, Назира сөзі мұсылмандық Шығыс поэзиясында орта ғасырларда
қалыптасқан әдеби үрдіс деп ғылыми анықтама береді [72, 242 б.].
Нәзирашылдық дәстүрдің негізінде арабтан келген туындыларды екі топқа
бөліп қарастыруға болады. Бірі, Ислам діні мен оның қағидаларын уағызда йтын,
діни нанымдарды насихаттайтын: “ Сал-сал”, “Зарқұм”, “Жұм-жұма” сияқты
діни қиссалар болса, екіншісі, араб халқының аңыз әңгімелері мен жырлары
мен ертегілері саналатын: “Сәйфүлмәлік”, “Бозжігіт”, “Шаһмаран”, “Мың
Достарыңызбен бөлісу: |