М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет13/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
келген зұлым”, “Бүгілді белім”, “Тағдыр етсе Алла, не көрмейді панда...”
сияқты көптеген өлеңдері мен қара сөздерінде араб әдебиетінің әсері сезіліп,
арабтық мотивтер анық көрініс беріп тұрады. Мәселен, ғалым ақынның “Хор
болды жаным” атты өлеңі араб сопыларының сарынында жазылғанын айтады.
Өлең арабтың “аруз”, дұрысы “ғаруд” (метрика), “уәзн” (өлең өлшемі) үлгісіне,
ал ритмі “бәйт” (бейт) түрінде құрылғанын саралайды [92, 67 б.].
Мұхтар Әуезов талдап көрсеткендей, шынында да Абай өлеңдерінде
шығыстық үлгідегі сарындар кездеседі. Мысалы, “Көзімнің қарасы” атты
өлеңіндегі:
Қара көз, имек қас,
Қараса жан тоймас.
Аузың бал, қызыл гүл
Ақ тісің кір шалмас,
Сондай-ақ,
Сенсің – жан ләззаты,
Сенсің – тән шәрбәті.
Артықша жаратқан,
Алланың рахматы, –
деген жолдарды талдар болсақ, қыз келбетінің суреті араб әдебиетіндегі
көркемдік дәстүрге тән бағытпен өрнектелгенін көреміз. Ғалым Абай өлеңін
саралап талдай келе, араб лирика жанрының шоқтығы биі к мұрасы саналатын
“Ләйлі-Мәжнүннен” алынған сарын деп танып, бұл өлең жолдары махаббат
тақырыбына арналғанымен, қазақтық немесе еуропалық үлгідегі өлең емес, таза
арабтық қалыптағы туынды деп шамалайды [92, 60 б.].
М.Әуезовтің пайымдауынша, Абай гуманизмінің бастауында шығыстық
классикалық дәстүр жатыр [3, 64 б.]. Бұл дәстүр тек Абай шығармашылығына
ғана емес, сондай-ақ, бүкіл қазақ әдебиетінің тарихи дамуына тән десек
қателеспеген болар едік.
Жазушының әлем әдебиетімен байланысы және оның алатын орны
жайында көптеген еңбектер жазыл ып, ғалымдардың зерттеу нысаны болғаны
белгілі. Осы орайда Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің Шығ ыс әлеміне қатысын
терең зерделеу барысында классикалық араб әдебиетімен байланысын айналып
өту мүмкін емес.
1973 жылы Азия мен Африка ақын-жазушыларының кезекті бесінші
конференциясын Алматыда өткізуде үлкен рөл атқарған көрнекті ғалым,


51
жазушы Ә.Әлімжанов Мұхтар Әуезовтің 1950 -жылдардан бастап азаттыққа
ұмтылған Азия, Африка елдерінің ақын -жазушыларымен достық қарым-
қатынасты өркендетуге күш салғанын және шетел қала мгерлерінің Абай мен
М.Әуезов шығармаларын өз елдерінде аударып басып шығарғандарын атап
өтеді [93, 3 б.].
Мұхтар Әуезовтің өзінің де драмалық шығармаларында арабтық сарындар
мен мотивтерге жақындау сюжеттер кездеседі. Айталық, қаламгердің “Еңлік -
Кебек”, “Қарагөз”, “Кім кінәлі” атты алғашқы туындыларында қазақ халқының
Ләйлілері мен Мәжнүндерінің трагедиялық тағдыры баяндалады. Жазушы бұл
еңбектерінде сүйгендеріне қосыла алмаған жастардың тағдырын оқиға желісіне
арқау етеді. Әрине, Еңлік пен Кебек, Ісл әм мен Ғазиза тағдыры қазақ
топырағына тән, қазақы салт -дәстүр негізінде өріледі. Ұлттық дүниетаным мен
рух айқын көрініс береді. Десек те, олардың тағдыр -талайының қасіретпен
аяқталуы араб дәстүрінде қалыптасқан көркемдік шешімге жақын келеді
және
қаламгердің араб поэзиясына еліктегені байқалады . Аталған туындыларда араб
халқының әдеби үлгілеріне тән айшықтар мол кездеседі. Автордың бұл
шығармаларынан шығыстық аңыздар мен жырлардың өзіндік әсерін де
аңғаруға болады. Әуезов ежелден келе жатқан Шығыстың клас сикалық
жырларының
желісін 
пайдалану
үрдісін
ХХ
ғасыр
әдебиетінде гі
жалғастырушылардың бірі ретінде осы дәстүрлі сарынды өзінің алғашқы
шығармаларында қолданады.
Қазақ -араб әдеби байланыстарын зерттеуші ғалымдардың бірі, көрнекті
ғалым С.Талжанов қазақ әд еби шығармаларындағы шығыстық сарындар
жайында айта келіп: “Мұхтар Әуезовтің “Қаракөз” атты пьесасында (алғашқы
вариантында) “Ләйлі-Мәжнүннің” ізі айқын көрінеді. Өйткені Ләйлі мен
Мәжнүн де немере туыс болатын, бірақ осылардың бәрі де сарындас
болғанымен көшірме емес” – деп ой толғайды [94, 51 б.].
М.Әуезовтің “Қарагөз” пьесасындағы Қарагөз бен Сырымның жеті атаға
жетпеген аталас туыстығы, Наршаның байлығына сенген шал емес, с ұлу қызға
жар боларлық жігіт екендігі және құдай қосқан қосағының өзін сүймеуі
себепті
құсадан өлуі, сондай-ақ, Қарагөздің жындануы мен С ырымның қабір басына
барып, 
зиярат 
жасауы 
секілді 
оқиға 
көріністерінің 
“Ләйлі -Мәжнүн”
қиссасындағы эпизодтармен тамырластығы айқын байқалады. Мысалы, Лә йлі
мен Мәжнүннің кейбір деректер бойынша бір -біріне немере-туыс болып келуі,
Қайыстың (Мәжнүннің) жындануы, сондай -ақ, Ләйлінің ибн Саламға ұзатылуы
және қыз жүрегінен орын таба алмаған күйеу жігіттің ауруға шалдығып, қайтыс
болуы және тағы да басқа шығыс әдебиетіне тән элементтерді келтіруге болады.
Осы жерде және бір тоқтала кетер жайт, ол Ләйлі мен Мәжнүннің туыстық
қатынасы жайында.
Орыстың белгілі шығыстану шы ғалымы Е.Э.Бертэльс Шығыс шайырлары
туралы зерттеу еңбегінде екі ғашықтың айналасындағы біраз тартысты
мәселелердің жігін ашуға тырысады. Мәселен, “Ләйлі -Мәжнүн” жырының
Низами нұсқасын зерделей отырып, “ Мәжнүн мен Ләйлі бала кездерінде бірге


52
бота баққан. Мәжнүн сұлу, ақылды, шешен
әрі сол кездегі атақты
шайырлардың көптеген өлеңдерін жатқа білген. Ләйлімен үнемі бірге жүріп,
қарым-қатынаста болған бала, оған ғашық болады. Бірақ сүйгеніне қолы
жетпеген жігіт елден безіп кетеді” [95, 243 б.]. Сонымен қатар, орта ғасырдағы
араб зерттеушісі ибн Қалбидің сөзіне қарағанда, Ләйлі мен Мәжнүн өмірде
мүлде болмаған. Мәжнүн туралы әңгіме мен оның ө леңдерін Умауи
тайпасының бір бозбаласы шығарған. Ол өз әкесінің ағасының қызына ғашық
болады. Екеуінің қарым-қатынасы
әшкереленбеу мақсатында,
Мәжнүн
оқиғасын ойлап тапқан деген құнды деректі де тілге тиек етеді. Зерттеуші
ғалым екі ғашықтың екі тайпадан екендігін, он жасқа келгенде мектепке бірге
барып, сонда бір-біріне ынтық болғандығына да назар аудартады .
Шәкәрім Құдайбердіұлының назирашылдық дәстүр негізінде жазған
туындысында Ләйлі мен Мәжнүннің тағдыры – Алланың жазмышы. Олар
туылған сәттен кейін қ ырық күн өткеннен соң -ақ, бірін-бірі көрмесе жылап,
жұбанбайтын болған. Оларды он жасқа келген соң, ата -аналары бір мектепке
береді [87, 351 б.]. Осы деректердің бә рін тұжырымдай келе, орта ғасырда
арабтар тайпа-тайпа болып, өз бетінше бөлек өмір сүргенді ктен, ол кезде әр
түрлі тайпалар малдарын бірге қосып бағу деген болмаған. Тіпті бір тайпаның
ішіндегі жақын туыс емес адамдардың өзі малдарын бөлек баққан. Осы себепті,
Мәжнүн мен Ләйлінің бір -бірімен туыс болғандығы көңілге қонымды деп
ойлаймыз. Сөзімізді
нақтылай түсу үшін көрнекті арабтанушы ғалым
И.М.Фильштинскийдің “Араб әдебиетінің тарихы” атты монографиялық
еңбегіндегі мынадай деректерді келтіргенді жөн санадық: “.... Бірде кешкісін
Қайыстың үйіне қонақтар келеді. Үйде май таусылып қалған себепті,
әкесі
Қайысты Ләйлінің үйіне май сұрата жібереді. Ләйлінің әкесі Қайысқа май
құйып бер, – деп қызына тапсырады. Май құйып беру сәтінде
олардың
арсындағы сүйіспеншілік сезімнің күштілігі айқын көрінеді. Олар тіпті
құмырадағы майдың ернеуінен а сып төгілгенін де байқамаған” [96, 241 б.].
Араб әдебиетін жетік білген М.Әуезов “Қарагөзді ң” кейбір трагедиялық
сипат беретін тұстарын араб әдебиетіндегі қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүрге
сәйкестендіріп жазуы ықтимал. Қазақ салтын да жеті атаға жетпей қыз алыспау
шарты қазіргі күнде де өз қалпын сақтаған. Жөргөгінен бастап осындай
тәрбиеде өскен қыз -жігіттерде кереғар түсінік қалыптаспауы тиіс. Демек,
Сырым мен Қарагөз де бір Өсерден тараған жақын туыс болғандықтан,
араларында сүйіспеншілік сезімі туындамайтындығы анық. Шығармада алғаш
рет бір-біріне деген махаббат сезімі Қарагөздің далада адасып кетіп, оны
Сырымның өлім халінде жатқан жерінен та уып алу сәтінен басталады.
Жазушының “Кім кінәлі” әңгімесінде сүймеген күйеуі Жақышқа көнбегені
үшін таяқ жеп, дертке шалдығып, қайтыс болған Ғазиза мен осы ауылға құда -
жегжат болып келетін Ісләм арасындағы сүйіспеншілікте де белгілі дәрежеде
шығыстық дәстүрдің ізі бар. М.Әуезов туындыларындағы Еңлік пен Кебек,
Қарагөз бен Сырым, Ғазиза мен Ісләм – бәрі де Ләйлі мен Мәжнүн типтес
образдар. Сонымен қатар автор олардың сүйіспеншіліктерінің еш уақытта


53
әлсіремейтіндігін көрсетеді. Әйтсе де, Әуезовтің ерекшелігі сол, ол өлгеннің
артынан өлмек жоқ деген аталы сөзді негізге алады. Шығарма желісі бойынша
сүйгендерінің өлімі қаншалықты ауыр тисе де Сырым мен Ісләм өздерін өлімге
итермелемейді. Ал, шығыстық араб жырларында, негізінен, сүйгенінен айрылса
бітті, қалған тіршілікті тәрк етеді.
Шығыстық
араб
әдебиетіндегі
кейбір детальдарды
М.Әуезов
өз
шығармаларында сәтті қолдан ған сияқты. Мәсе лен, “Абай” трагедиясында
Ажардың Қанікейге айтқан “Махаббатым үшін, Айдар үшін, мен неге болса да
бекінгем” немесе Абайдың Айдар мен Ажардың сүйіспеншілігіне кедергі
жасаушыларға айтқан “Махаббат жалын болса, Қанікейлердің үгіт сөзі жел ғой.
Жел жалынды өшірем деп үрлер-ақ, бірақ өшіре алмай, өсіре түсетінін қайдан
білсін” деген сөздері шығыстық жырлардағы ғашықтардың мөлдір махаббатын
еске түсіргендей. Оның бұл тақырыптағы шығармалары көркемдік жағынан
болсын, мазмұны бойынша болсын, жазушының қаламгерлік
шеберлігін
танытатын еңбектер. А раб әдебиетіндегі ғаш ықтық қисса -дастандардың ішінен
кейбір көркем детальдарды өзінше шеберлікпен жаңаша қолдану, Әуезовті
арабтың классикалық поэзиясымен жақындастыра түседі. Әсіресе, автордың
оқиғаны баяндауы, кейіпкерле рінің бойында кездесетін қасиеттерді суреттеу
мәнері, сондай -ақ, шығарманың басталуы мен аяқталуы да ұлы жазушының
шығыстық жауһарлармен кеңінен таныс болғандығын
және ондағы образ
жасаудың үздік сипатын үлкен шеберлікпен пайдалана білгенін дәлелдей түседі .
Мұхта р Омарханұлы Әуезов өз өмірінің соңғы он жылдығында Азия және
Африка елдері жазушыларының ынтымақтастығы қозғалысына белсенді түрде
ат салысқан. Тәуелсіз даму жолына түскен ос ы құрлықтардағы елдердің
мәдениеті мен әдебиетімен белсене танысып, ол ардың әдебиетінің көркемдік
жағынан дамуына әсер еткен жазушы. Сонымен бірге өз халқының танымдық
тәжірибесін, рухани көркемдік дәреже-деңгейін
танытуға асығады.
Бұл
жайында Н.Тихоновтың “Оның үлкен жүрегі әлемдегі, әсіресе шығыста болып
жатқан оқиғаларға немқұрайлы қарай алмаушы еді. Егер өркениетке ұмтылған
және жаңа оянған Азия халқының өмірін сезінбесе Мұхтар ұлы Абай туралы
эпопеяның авторы бола алмас еді”, – деп тебірене жазуында үлкен мән бар
сияқты [97, 15 б.].
Араб әдебиеті мен Қазақстан, Орта Азия әдебиеттерінің бір -бірімен
ықпалдасуында 
маңызды 
рөл 
атқарған 
Азия 
мен 
Африка 
ақын -
жазушыларының 1958
жылы Ташкентте өткен тұңғыш конференциясы
М.Әуезовтің баяндамасымен ашылуы да тегін емес. Ол өзінің кіріспе сөзінде
жиынның мәні мен маңызын ашып көрсет еді. “Әдеби Бандунг” атанған осы
конференция қарсаңында Қазақстанда Азия мен Африка ақын -жазушыларының
көптеген өлеңдері мен әңгімелері қазақ тіліне (орыс тілі арқылы) аударылып,
кітап болып басылып шықты. Солардың бірі “Азия, Африка ақындары” атты
жинақ [98]. Бұл жинаққа аталған құрлықтағы елдерден Біріккен Араб
Республикасы (Египет пен Сирия), Ирак, Алжир, Морокко, Тунис және т.б.
елдердің қаламгерлерінің шығармалары енген. Осы орайда, Әуезовтің Азия,


54
Африка ақындары жинағындағы алғы сөзінен мына дәйексөз ді келтіргенді жөн
көрдік: “Бұл жинақ біздің оқушылардың қалың көпшілігіне тосын, тың жинақ.
Мұнда аты аталатын ақындардың көптен көбін біздің оқушы жете білмейді.
Себебі бұл ақындар біздің Одақтағы туысқан елдердің жазушылары емес,
дүниежүзілік Еуропалық әдебиеттерде аттары, шығармалары көбірек аталып,
молырақ мәлім болатын жазушылар да бұл жинақта аса көп емес. Солай бола
тұрса да, біздің оқушы барынша бейіл бұрып, көңіл -ойын аудара, ынтыға
танысарлық жырлар, шығармалар осы жинақ ішіне молынан кірген дей аламыз”
[98, 5 б.].
М.Әуезовтің
араб әдебиетінің көрнекті өкілдерімен достық қарым -
қатынасы да белгілі бір дәрежеде әдеби байланыстың өркендеуіне жол ашты.
Мәселен, белгілі арабтанушы ғалым Ә.Дербіс әлиевтің “Шыңырау бұлақтар”
атты зерттеу еңбегінде М.Әуезовтің Египет Араб Республикасының көрнекті
ақындарының бірі Абд ар -Рахман Әл-Хамисимен таныстығы атап өтіледі [40,
233 б.]. Ғалым өзінің “Қазақ әдебиеті” газетіне берген сұхбатында “Әуезов
келешек үшін қызмет еткен адам” деген үлкен ойлы тұжырым білдіреді. Әл-
Хамиси М.Әуезовтің классикалық шығармаларымен жақсы таныс болған. Ұ лы
жазушыға арна лған ақынның “Жарық жұлдыз” атты өлеңі көп жайттан хабар
берері күмәнсіз:
Қараймын мынау қарағай, қайың талдарға, –
Алтын жапырақ алақандарын жайғанда.
Бәрі де бүгін сен жайлы сөйлеп тұрғандай ,
Тұла бойлары сырыңа тұнып қалған ба!
Ән болып шырқап, көтерілгенсің аспанға,
Айналғансың Алтаудай заңғар асқарға.
Дауысың сонда саңқылдап жеткен бізге де,
Памирдің қарлы қарт шыңдарынан асқанда ...
Суреттеп бердің,
Сергелдең заман өткелін
Жоқшылық пенен қанаудың үні өткенін.
Советтер елі қамқорлығындағы қазақтар
Аңсап күткен арманына бүгін жеткенін...
Мұхтар тірі!
Ол – жүректер төрінде.
Ол – шаттыққа шомылғандар өңінде.
Кіршік шалмай, кірбің тұрмай жайнайды ол.
Өзі туып өскен қазақ елінде [40, 234 б.].
Профессор Ә.Дербіс әлиев М.Әуезовтің араб елдерімен мәдени, әдеби
қатынастарды дамытудағы рөлі жайында жаза келіп, Иорданияның “Ас-Садақа”


55
журналының Иордания ғалымы Һишам Рафғ ат Һашимнің “Әуезов басқа қазақ
қаламгерлерінен оқ бойы озық тұр деген” сөзін ерекше атап өтеді [99]. Мұның
өзі де М.Әуезовтің қазақ -араб әдеби байланысын өркендетуге қосқан зор үлесі
деп білеміз.
Әлем әдебиетінде өзіндік орны мен қолтаңбасы бар М.Әуез ов пен араб
әдебиетінің арасындағы байланыстың тамыры тереңде деп санаймыз. Кешегі
кеңес заманында араб әдебиеті десе апиын саналған діни әдебиет түсінілген
тұста араб әдебиеті мен қазақ әдебиетінің арасындағы сабақтастық туралы көп
пікір айтыла қойған жо қ. Керісінше көп зерттеулерде қазақ әдебиетіндегі
көркемдік дәстүрді батыстық әдебиетпен байланыстыру
басым болды. Ал
жалпы қазақ әдебиетінің дәстүрлі көркемдік сипатында араб әдебиеті мен
мәдениетінің ықпалы, әсері мол болғандығы туралы деректер көп -ақ. Қазіргі
егемен ел болып, тәуелсіздігімізді алған тұста , дініміз бен ділімізді түгелдеп, өз
болмысымызды, дәстүрімізді саясаттың
салқынынсыз жаңаша зерделей
бастаған 
кезде,
қазақ-араб
әдебиеттерінің
тарихи 
сабақтастығын ,
ықпалдастығын тереңірек зерттеу қажет тігі күн тәртібіне қайта қойылып,
зерттеудің өзектілігін туғызды.
Абай мен Шәкәрім сусындаған Шығыстың
көркем әдебиеті М.Әуезовтің
өз шығармаларына да әсер еткен, кей дәстүрлі көркемдік үлгілер негіз болған
деген ой түйеміз. Тереңірек үңілген зерттеуш іге жазушы туындыларының
машриқ әдебиетімен байланысты қырларын дәлелдейтін жақтары жеткілікті.
Тегінде, қазіргі қазақ әдебиеті үшін қайталанбас үлгі саналатын Мұхтар
Әуезов шығармаларында шығыст ық сарын айқын аңғарылады. Ұлы Абайдай
заманынан асып туған тұлға туралы эпопея жазған кемеңгер жазушының өзі де
адамзаттық мәдениеттен қанып сусындағандықтан да, шығыстық көркемдікті
пайдаланбауы мүмкін де емес еді.
М.Әуезовтің
көркем шығармаларында,
әдеби зерттеу еңбектерінде
шығыстық мотивтердің болуының өзінді к ішкі заңдылықтары бар екені дау
туғызбаса керек. Бұл шығыстық сарындар т ек суреттеу деңгейімен ғана емес,
дүниетаным деңгейімен де тығыз байланысты. Біздің пайымдауымызша,
Әуезовтің шығармаларындағы халықтық дүниетаным көздері не шығыстық араб
дүниетанымы, араб әдебиеті мен мәдениетінің әсері үлкен болған . Жалпы
шығыстық менталитет пен Ислам діні көркем шығармалардың жазылу үрдісіне,
образдар жасауға, адамдардың бір -бірімен қарым-қатынасын бейнелеуде ортақ
ізденістерге, ортақ тұжырымдар жасауға, көркем бе йнелердің шығыстық
типтік көрінісін кестелеуге алып келетіні даусыз. Көркем шығарманың негізгі
ұлы мақсаты Адам тәрбиелеу десек, “атаның ұлы болмай, адамның ұлы бол”
деген Абайлық мұраттан үлгі -өнеге алған М.Әуезовтың Шығыс шайырлары
жүрген ізбен, кісілік пен кішілікті, имандылық пен махаббатты дәріптеуінің өзі
үлкен ғибрат. Салғастырмалы әдебиет жайын теориялық тұрғыдан терең
зерттеген ғалым М.Х.Маданова өзінің “Актуальные вопросы литературной
компаративистики” деп аталатын зерттеу еңбегінде былай деп жаза ды:
“Көрнекті де ірі әдеби дарындардың шығ армашылығының генезисі белгілі бір


56
ұлт әдебиеті көсемінің қандай да бір маңызды шығармашылық мәселені шешу
кезінде басқа ұлт әдебиетіндегі мәнді құбылыстарға назар аударуын және оның
өз туған әдебиеті үшін де көрнекті орын алуын қамт иды” [51, 63 б.].
М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Талжанов, С.Ғылмани және т.б. тұлғалардан
кейін қазақ -араб әдеби байланыстарының кең өріс алуына белгілі арабтанушы-
ғалым
Ә.Дербісәлі
үлкен
үлес
қосып 
келе 
жатыр. 
Оның
бүкіл
шығармашылығына араб әдебиеті мен Ислам діні арқау болды десек асыра
айтқандық болмас.Себебі профессор Ә.Дербісәлі қазақ -араб мәдени, әдеби
қатынастарын зерттеу барысында екі халықтың мәдени сабақтастығына алғаш
сүрлеу салған Әбу Насыр Әл -Фараби, Әл-Жауһари Әл -Фараби секілді
жиырмаға жуық Фарабтан шыққан ғұламалар мен басқа да қазақ жерінен
шыққан, әлемге танымал даналардың әдеби мұраларын араб елдерінен тауып,
жариялауда үлкен еңбек сіңірді. Сонымен қатар автордың қаламынан туған
“Араб әдебиеті”, “Морокконың араб тілді әдебие ті”, “Шыңырау бұлақтар”,
“Қазақ даласының жұлдыздары”, « Ислам және заман» және т.б. ғылыми
еңбектерінде таза араб әдебиеті мен қазақ әдебиетінің байланысы мәселесі
жайында толымды талдаулар мен тұшымды тұжырымдар жасайды.
Автордың “Араб әдебиеті” атты еңб егі жалпы араб әдебиетінің орта
ғасырлық классикалық дәуіріндегі дамуынан сыр шертеді. Араб әдебиетінің
әрбір кезеңіндегі даму ерекшеліктерін жанрлық,
тақырыптық
жалпы
типологиялық тұрғыдан саралай отырып, “Мың бір түн” жинағының түзілу
тарихы жайында мынадай тұжырым жасайды: “Араб мәдениетінің айрықша
дамыған тұсы ҮІІІ -ХІ ғасырлар. Нақ осы дәуірлерде ежелгі бәдәуи поэзиясында
махаббат, ойын-сауық, көңіл көтеру мен шарапты жырлау жалғастырыла берсе,
ал прозада түрлі халық тұрмысынан алынған анекдоттар кең ж айылды. Сондай-
ақ, “Мың бір түн” секілді парсы, үнді, грек ертегілерінің сюжеттерінен алынып,
өңделіп, толықтырылған даңқты жинақ құрастырылған [ 39, 82 б.]. Арабтанушы
ғалымның
араб
әдебиетін зерттеп,
қазақ
оқырмандарына таныстыру
мақсатында жасаған осы ғ ылыми еңбегінің маңызы зор. Оның қазіргі уақытқа
дейін қазақ тілінде жарық көрген бірден -бір араб әдебиеті тарихынан сыр
шертетін ғылыми зерттеу еңбек екені осының айғағы.
Ә.Дербісәлінің қаламынан туған құнды еңбектерінің бірі – “Морокконың
араб тілді әдебиеті” атты зерттеу еңбегі. Автор бұл еңбегінде мағрибтік араб
әдебиетінің Х ғасырдан бастап, қазіргі уақытқа дейінгі тарихи даму сатысын
зерделей отырып,
әдеби және фольклорлық шығармаларға салыстырмалы
талдаулар жасайды. Мағриб әдебиетінің тақырыптық, ж анрлық ерекшеліктеріне
тоқтала келе, жергілдікті халықтың ауыз әдебиеті үлгілеріндегі ертегілерінің,
аңыз-әңгімелерінің,
мақал -мәтелдерінің 
өзіндік 
дүниетанымдық
ерекшеліктеріне байланысты толымды тұжырымдар жасайды. Морокко
әдебиетін терең зерттеу жасаған ғалым бұл ел әдебиетін басқа араб елдері
әдебиетінен даралайтын жанрлық ерекшелігі – ғылыми прозасы деп салмақты
пікір айтады [100, 11 б.]. Жалпы Мағриб елдері әдебиетіндегі проза жанрын
басқа 
араб 
елдері 
прозалық
шығармаларымен 
салыстыра 
саралаған


57
шығыстанушы ғалымдардың ғылыми тұжырымдарымен сәйкес келуінің өзі
қазақ ғалымының үлкен біліктілігін көрсетеді.
Сонымен қатар профессор Ә.Дербісәлі қазақ -араб әдеби байланыстары
мәселесіне де қалам тартқан. Кеңес заманында ғалымдар назарынан тыс қалған
осы әдеби дәстүрді өркендету мақсатында екі халықтың қаламгерлері
арасындағы орнаған достық қарым -қатынастар жайында да қалам тартқан.
Мәселен, қазақтың ұлы жазушысы М.Әуезовтің араб әдебиетінің көрнекті
өкілдерімен достық қарым-қатынаста болғаны жайында құнды мә ліметтер
келтіре отырып, оның Египет Араб Республикасының көрнекті ақындарының
бірі Абд ар-Рахман Әл-Хамисимен таныстығын атап өтеді [4 0, 233 б.]. Осы араб
ақынының 1977 жылы “Қазақ әдебиеті” газетіне берген сұхбатында “Әуезов
келешек үшін қызмет еткен ада м” деген ұлы жазушыға берген бағасын сабақтай
келе М.Әуезовтің классикалық шығармаларымен жақсы таныс болғандығы
жайында мағлұматты Ә.Дербісәлі орынды атап өткен. Аталған еңбегінде ұлы
жазушыға арналған араб ақынының “Жарық жұлдыз” атты өлеңінің толық
мәтінін де келтіріп, осы жайттардың қазақ -араб әдеби байланыстарын дамытуда
үлкен орны бар екеніне назар аударады. Әл-Хамиси М.Әуезов әруағына
бағышталып жазылған өлеңінде Алматының әсем табиғатын суреттей отырып,
.....Мұхтар тірі!
Ол – жүректер төрінде.
Ол – шаттыққа шомылғандар өңінде.
Кіршік шалмай, кірбің тұрмай жайнайды ол.
Өзі туып өскен қазақ елінде, -
деп қазақ әдебиетінде “Абай жолындай” керемет көркем туындыны дүниеге
әкелген жазушының халықтың жүрегінде мәңгі сақталатынын осынау ө лең
жолдарында айшықтайды [4 0, 234 б.]. Берілген үзіндіні саралай қарасақ, қазақ -
араб ақын-жазушыларының, ғалымдарының тығыз қарым -қатынаста болғанын
көреміз. Әдеби байланыс мәселесін тереңірек зерделей отырып, профессор
Ә.Дербісәлі М.Әуезовтің
араб елдері мен мәдени,
әдеби
қатынастарды
дамытудағы рөліне тоқталады және Иорданияның “Ас -Садақа” журналында
басылған Иордания ғалымы Һишам Рафғат Һашимнің “Әуезов басқа қазақ
қаламгерлерінен оқ бойы озық тұр деген” сөзін ерекше атап өтеді
[98].
Жоғарыда берілген дә йектемелерден қазақ қаламгерілерінің қазақ -араб әдеби
байланысын өркендету жолында үлкен еңбек сіңіргені
ғалымның зерттеу
еңбектеріне арқау болғанын көреміз. Сондай -ақ, “Шыңырау бұлақтар“ атты
еңбегінде Абай өлеңдері мен М.Әуезовтің “Абай жолы” романым ен араб
оқырмандарының таныстығы жайында нақты деректер келтіреді [4 0, 177-179
бб.].
ХХ
ғасырдың
екінші 
жартысында 
Азия 
мен 
Африка 
ақын -
жазушыларының ынтымақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылған
келелі жиындар қарсаңында қазақ және араб халықтары қ аламгерлерінің


58
көптеген туындылары екі тілге де аударылды. Мәселен, Абайдың таңдамалы
өлеңдер жинағымен бірге М.Әуезовтің
З.Шашкиннің, Ә.Әлімжановтің,
Т.Ахтановтың, С.Мұратбековтің, О.Бөкеевтің, Ә.Нүрпейісовтің, Ә.Кекілбаевтің
шығармалары араб тіліне аудар ылды. Осы кезеңде Ә.Дербісәлі араб тілінен
қазақ тіліне бірталай аудармалар жасаған. Ол ұлттық шығармаларымыздың
қазақ тілінен араб тіліне тікелей аударылуына алғаш жол салған белгілі
шығыстанушы ғалым Ә.Дербісәлі деп жорамалдаймыз. Бұған дәлел ретінде
ғалым “Абай және араб оқырмандары” атты зерттеу мақаласында Абайдың
біраз өлеңдерін араб тіліне аударғанын баяндайды [4 0, 185-б.]. Сонымен бірге
ғалымның аудармашылық қыры 1973 жылы Алматыда өткен Азия, Африка
ақын-жазушыларының
конференциясы
қарсаңында
қазақ -араб
әдеби
байланыстары мен оны дамыту жайында мерзімді баспасөз беттерінде көптеген
мақалалар жарияланып, белгілі араб ақын, жазушыларының өлеңдері мен
әңгімелері қазақ тіліне көптеп аударыла бастауының екінші үлкен толқыны
басталғанда байқалады. Бұл кез де де аудармалар негізінен түпнұсқадан емес,
орыс 
тіліндегі 
аударма 
нұсқалары 
арқылы 
жасалды. 
Тәржімаланған
шығармалардың ішінде Ә.Дербісәлінің Марокко ақынының өлеңінен жасаған
аудармасы ғана таза араб тілінен аударылды.
Қазақ әдебиетінде өзіндік орны мен қолтаңбасы бар Ә.Дербісәлі кешегі
кеңес заманында араб әдебиеті десе апиын саналған діни әдебиет түсінілген
тұста араб әдебиеті мен қазақ әдебиетінің арасындағы сабақтастыққа дәнекер
болып, келешек арабтанушы ғалымдар үшін маңызды әдеби бағытқа жол ашты .
Қазіргі егемен ел болып, тәуелсіздігімізді алған тұста, дініміз бен ділімізді
түгелдеп, өз болмысымызды, дәстүрімізді саясаттың салқынынсыз жаңаша
зерделей бастаған кезде, қазақ -араб әдебиеттерінің тарихи сабақтастығын,
ықпалдастығын тереңірек зерттеу қа жеттігі күн тәртібіне қойылған кезде
ғалымның зерттеу еңбектерінің алар орны ерекше.
Жалпы қазақ-араб әдеби байланыстарының қайнар көзі орта ғасырдан
бастау алады деуге болады. Қарастырылып отырған ХХ ғасырдағы қазақ -араб
әдеби байланыстарын анықтау барысында Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей,
Бұқар, Шал секілді жыраулардың жырларына, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев,
М.Көпеев, 
Ш.Құдайбердіұлы, 
А.Сабалұлы, 
М.Әуезов,
Ә.Дербісәлі
шығармалары
мен зерттеу еңбектеріне
мәтіндік талдау жасап, ондағы
классикалық араб әдебиетіне тән негізгі сарындарды, көшпелі сюжеттер мен
нәзирашылдық дәстүрдің барлығы н айқында уға тырыстық . Қазақ ақын -
жазушылары шығармаларына тән басты ерекшелік ретінде, олардың араб
әдебиетіндегі сюжетті дәл сол қалпында емес, өз халқының таным -түсінігі мен
дүниетанымына орайластырып жырлауы екені, көркемдік шешімін өзінше
толғайтынын байқадық .
Шығыстық сюжеттер ретінде танылып жүрген көшпелі мотивтердің ішінен
тек арабтың классикалық әдебиетіне ғана тән көркем сюжеттер мен
сарындарды жеке бөліп, олардың қазақ әдебиетіндегі көрініс тері мен ықпалы
айқын
көрініс 
береді .
Қазақ 
әдебиетінің
көркем 
сөз 
шеберлерінің


59
шығармаларына енген араб әдебиетінің көркемдік үлгілері мәтіндік талдау
арқылы нақтылы мысалдармен дәлелден іп, қаз ақ әдебиеті нің тарихы үшін
қайталанбас үлгі саналатын қазақ қаламгерлерінің шығармаларында шығыстық
сарындардың айқын аңғарыла тыны нақтылы деректермен түсіндірілді . Бұл
шығыстық
сарындар тек суреттеу деңгейімен
ғана емес, дүниетаным
деңгейімен де тығыз байланысты.
Жоғарыда аталған қазақ
ақын -жазушыларының шығармашылықтарын
араб әдебиетімен байланыстыратын негізгі әдеби жәдігерлер Құран хикаялары
мен “Мың бір түн”,
“Ләйлі-Мәжнүн” , “Жүсіп-Зылиха” және т.б. араб
әдебиетіндегі классикалық үлгілер деп білеміз. Ортақ образдар мен ортақ
сарындар және ортақ тақырыптар қазақ және араб әдебиеті байланыс тарының
негізгі бір бөлігін құрайды.
Қазақ ақын -жазушыларының
шығармашылығындағы шығыстық, соның
ішінде араб
әдебиетінің
ықпалы мен сөз саптау мәнерінің
арабтық
ерекшеліктерін 
Шығыстың
рухани 
нәрін ен сусындап
өскенінен 
деп
тұжырымдауға болады.


60


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет