М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет20/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
treatise16241

фиһи дилағ, фә ра’а зиллиһи фи -л-ма’и, фә ’әһуа иләйһи ли йа’хузаһу, уа тәрәкә
ма кәнә мағаһу фә зәһәбә, уа ләм йазал әлләзи тамиға ф иһи. Фә һибту ән -нускә
һибәтән шәдидәтән [119, 35 б.].
Осы шағын мысал С.Дөнентаевтың поэтикалық өңдеуінде былай өріледі:
Көпірге түсті бір ит сүйек тістеп,
Ойы бар көпірменен дария кешпек.
Көрінді су бетінде бұған бір ит,
Бұнда да бір сүйе к бар басқа түстеп.
Судағы ит бұл бейбақтың көлеңкесі,
Білерлік көлеңкені болмады есі.
Толымды көрінген соң анау сүйек,
Ол иттен тартып алмақ бар дәмесі.
Сол оймен атты суға айбаттанып,
Бар күшін жинап бойға қайраттанып.
Түскен соң жойқын суға бұл батырдың,
Ісінің не болғаны айдан жарық. .. [125, 61 б.]
Берілген 
мысалда 
ашкөздіктің, 
қанағатсыздықтың
адамды 
орға
жығатындығы тарт ымды сипатталған. Сонымен қатар ақынның “көлеңке”


78
сүйекті иттің көзіне толымды етіп көрсетуі, сол үшін бар күшін бойына жинап
атылуы сияқты түпнұсқада жоқ сөз тіркестері арқылы қосқан автордың бейнелі
суреттеулері қанағатсыздық , ашкөздік сияқты қасиеттерді күлкіге айналдырып
тұр. Сатирик ақынның мұндай сөз қолданыстары өлеңді әрлендіріп, көркемдеп,
ажарын аша түсетіні хақ. С. Дөнентаев түпнұсқадағы судан өтетін итті көпір
арқылы өткізіп, көпірдің үстінен суға атылдырады. Осындай өзгешеліктерді
таразылай келіп, ақын бұл мысалды аудармаған, ел аузынан естіген немесе
медреседе оқыған әдеби шығармадан тек сюжетін а лып, Ыбырай, Абай салған
назирагөйлік дәстүрді жалғастырған деп тұжырымдаймыз.
С.Дөнентаевтың “Екі теке”
деген өлеңі де “Калила мен Димна”
кітабындағы екі таутеке жайындағы әңгімеге ұқсайды.
Десек те, Сәбит
шығармасындағы оқиғаның желісі мүлде басқаша өр іледі. Мәселен, аталған
әңгіме мысал “Калила мен Димна” кітабында “Фә хараджа фи талабиһи нах уа
мәдинати мин
әл-мадә’ини. Фә марра фи тариқиһи
ғәла
уағиләйни
йәтәнатихани. Уа қад салат дима’уһума, уа джа’а сәғлаб фә джәғәлә йалағу
фи-д-дима’и. Фә бәйнәм а һуә йалағу из илтақи а ғәләйһи уа һуа ғ афилун фә
қәталаһу” [119, 59 б.].
Осы берілген үзінді мысалды қазақ тіліне аударып, салыстырып қарайық.
“Қалалардың біріне қарай киімдерін іздеп келе жатып, жол үстінде сүзісіп,
мүйіздерінен қан ағып тұрған , екі таутекеге кездеседі. Олардың арасына бір
түлкі кіріп, екеуінің бастарынан аққан қанды жалап, бейғам тұрғанда, екі
таутеке екі жақтан сүзісіп қалғанда, орталарында тұрған түлкі мүйіздердің
арасына дәл келіп өліп қалады ” [С.М.].
Ал Дөнентаевтың жазған нұсқасында бұл оқиға былай суреттеледі:
Екі теке келіп түсті көпірге,
Біреуі – әрі, бірі бері өтуге,
Көпірдің дәл ортасында килігіп,
Біріне-бірі бақырды кейін кетуге.
Шайқасып басын, бірінің тілін бірі алмай,
Сүзісбекке кірісті қарап тұра алмай.
Тар көпірдің секіріссе үстінде,
Бірінен бірі қояр ма, сірә, кек алмай.
Екеуі де суға құлап, тыйыш тапты,
(Жігіттік қып, көпірді тезден босатты)
Ерегістің нәтижесі осы да,
Таласқандар мұнан артық не тапты? [ 125, 62 б.]
Осылайша мәмілеге келе алмаған екі теке ерегісіп, сүзісіп, суға құлап
тыныштық табады. Бірі қара сөзбен, екіншісі өлеңмен жазылған екі мысалды
салыстыра келе, “Калила мен Димнадағы” нұсқадан хабары бар Сәбит өлең


79
өрнегін өзінше тоқып, өзінше кестелейді. Түпнұсқадағы түлкі де, сопы да, екі
таутеке сүзісетін иен дала да ақынның туындысында көрініс таппаған. Автор
оқиға көрінісінің орнына тар көпірдің үстін таңдап алады. Ақынның өлеңін
түпнұсқамен салыстыра зерделей отырып, ондағы шығарманың басталуы мен
баяндалуынан, оқиға кө рінісінің суреттелуінен және өзінің дүниетанымына сай
шешім жасап
қорытындылауынан
“Екі текені”
аударма деп айтуға
келмейтіндігіне 
көз 
жеткіздік.
Автор
менмендіктің,
тәкәппарлықтың
жақсылыққа апармайтынын насихаттайтын осы ғибратты, өнегелі мысалында
оқырман қауымға ой тастауды мақсат ететінін көрсетеді.
С.Дөнентаевтың “Бит пен бүрге” өлеңінің де қайнар көзі “Калила мен
Димна” кітабындағы Димнаның арыстанға айтқан мысалында жатыр.
Одан
“Мың бір түнге” “Тышқан мен бүрге” болып енген. Әңгіме бір жүз қырық
сегізінші түнде айтылады.
Әңгімеде егеуқұйрық тышқан мен бүргенің
арасындағы татулық сөз болып, соның арқасында саудагердің көп алтынын
олжалағаны айтылады [127, 441 б.]. Ал, “Калила мен Димнада” оқиғаның
шиеленісуі арыстанның өгізді жақын дос тұтып, сенім б ілдіруінен басталады.
Аң патшасының өгізге деген мұндай қарым -қатынас Димнаға ұнамайды. Енді
ол арыстанға барып, өгізді жамандап, оған қарсы айдап салу мақсатында осы
әңгімені айтады. Димна айтады: “... Егер өгізді сен бірінші жазаламасаң, ол
саған қастық жасап, бүргені үйіне қондырған бит секілді боласың, – дейді.
Арыстан: “Битке не болыпты? – дейді.
Сонда Димна: “Баяғыда бір атақты бай адамның төсегіне бит түсіпті деседі,
ұйықтап жатқанда байдың қанын сорып, тысырын естіртпей, денесінде ептеп
жорғалап жү реді екен. Бір күні түнде әлгі бай адамның төсегінде битке бүрге
келіп қонақтапты. Ол қатты шаққандықтан бай оянып кетіпті де, төсекті
ақтарыпты. Сонда бүрге секіріп қашып құтылыпты да, битті табан аузында
ұстап алып өлтіріпті. Мен бұл мысалды бұзық адамны ң зұлымдығынан
сақтаудың қиын екенін дәлелдеу үшін айттым. Егер ол өзі істей алмаса, онда
басқа біреу арқылы мақсатын жүзеге асырады ” – дейді [112, 93 б.].
Ақын “Калила мен Димнадағы” осы мысал ды күлкілі әрі ғибратты, әрі
өнегелі өлеңге айналдырып, ондағы кейіпкерлердің характерін жан-жақты
сипаттайды.
Бір байдың жабысып бит төсегінде:
Еркі бар сорып қанын, жесе түнде.
Тұрыпты сол күйменен біраз заман,
Басқа жоқ мұның көңіл есе бінде.
Шаққаны мұның байды оятпайды,
Жүрісі байпаңдаған тым -ақ жайлы.
Бір күні әлдеқандай келіп бүрге,
Қонуға биттен рұқсат ол сұрайды.


80
Құп алды, қабыл етті ол қонақты,
“Қоныңыз төсек жайлы тағам тәтті.
Зәуімен келген сізді сыйлайын” деп,
Бит байғұс борсаңдапты, жорғалапты.
Мәз-мәйрам мына сөзге болды бүрге,
Келді де бит қасына қонды бүрге.
Бай жатты ұйықтайын деп төсегіне,
Бит дағы қонағымен болды бірге.
Секіріп барды бүрге байға таман,
Тұмсықты бара сала ол қадаған.
Бай болды оянды да алас-күлес,
Бүрге иттің тістегені қандай жаман.
Тынышы да, ұйқысы да әбден кеткен,
Шам жағып тұра келді бай төсектен.
Қаратып битті тауып өлтіріпті,
Зым-зия бүрге мейман қашып кеткен ... [125, Б. 93-94].
Осы келтірілген үзінділерді салыстыра келе, бит пен бүргенің арасындағы
диалогтың мысалдың прозалық нұсқасында жоқ екенін, биттің бүрге келгендегі
қонақжайлылығының айтылмай тынын, сондай-ақ, бүргенің мәз -мәйрам болып
қуанғанын, бүрге шаққан сәттегі байдың мазасыз кейпі суреттелмейтінін
байқадық. Мұндай оқиғалы көріністердің өлеңнің сонарынан табылуы н, айтар
ойды оқушының көз алдында бейнелі суретпен берілуін ақынның шеберлігі деп
қарауға болады. Сәбит көңілшек, аңқау бит пен алаяқ бүргенің көркем
бейнеленген образдары арқылы берілген шағын сахналы шығармасымен өзінің
дарынды суреткерлігін көрсетеді.
Сәбит Дөнентаевтың “Түйе, арыстан, қасқыр және түлкі”, “Ауырған
арыстан”, Ерегіс”, “Жан мен тән”, “Тотыға” деген мысалдары да арабтың
классикалық шығармасы саналып жүрген “Калила мен Димна” кітабындағы
мысалдардың желісімен жазылған. Ақынның мысалдарын саралай отырып,
оларды аударма деп айту бір жақтылық болатынын пайымдадық. С.Дөнентаев
мысалдарының
көркемдік 
жағы 
айшықты
құралдармен
өрнектелген,
поэтикалық стилі қалыптасқан , тіл байлығы мол. Оның өлеңдеріне арқау болған
оқиға желісі араб әңгімесі болғанмен аллегориялық
кейіпкерлері қазақ
даласынан алынады. Ақын мысалдарының сюжеттік материалдары көбінесе
өмірде кездесетін нақтылы оқиға лы көріністер, кейіпкерлері халыққа жақсы
таныс тіршілік иелері болып келеді.
С.Дөнентаевтың 
1957
жылы 
шыққан
“Шығармалар”
жинағының
шығарушылар алқасынан деген алғы сөзінен кейін Е.Исма йлов “С.Дөнентаев”
атты зерттеу еңбегін жазады. Сонда ақынның мысал өлеңдері жайында


81
мынадай деректі келтіреді. “Рас, Сәбиттің мысал, аллегория әдісімен мінез -
құлықты түзеу тұрғысынан жазған бірталай өлеңдер і үнді, араб әдебиетіне,
орыс, қытай және Орта Азия хал ықтарына ортақ сюжетке байланысты . “Бит пен
бүрге”, “Көзі тоймайтын ит”, “Екі теке”, “Көк төбетке”, “Ұры мен баласы”,
“Ауырған арыстан”, “Бір көлдегі үш балық”, “Бұлбұл” сияқты әңгімесі жағынан
да, көркемдік шеберлігі жағынан да қызықты жазылған өлеңдері таныс
сюжетпен айтылса да Сәбиттің өзіндік мысалшыл сатиралық
стилін
анықтайды” [125, 24 б.].
С.Дөнентаев мысал өлеңдерінің қай -қайсысында болсын, негізгі идея мен
тағылымды қазақтың тұрмысына, қоғамды қ ойына бейімдеуге ден қояды.
Айталық, ол “Ауырған арыстан” мысалында өсекшіл қасқырдың тірсегін
арыстанның ауруының емі деп , қорқауды аң патшасының қаһарына ұшыратқан
түлкінің қулығын айта келіп:
Қазақта қасқырда көп, түлкі де көп,
Алайда, жіп тақпаймыз ешкімге деп,
Сөз жүртіп, шағыстырған қасекеңдер,
Түлкіге қалып жатыр күлкіде боп . –
деп қорытынды жасайды [125, 60 б.].
С.Дөнентаев мысалдарының көркемдік құрылысы қай-қайсысында болсын,
баяндалатын оқиғалар мен сипатталатын құбылыст ардың орнына, мәні мен
мағынасына қарай түрленіп, жаңғырып отырады.
Ахмет Байтұрсын ұлы шығармашылығы қазақ әдебиетінің деңгейін көтеріп,
оған көркемдік -эстетикалық иі рімдер мен жаңа өрнектер қосты . Қазақ
поэзиясының ғасырлар бойы қалыптасқан бай дәстүрін ен, ауыз әдебиеті
құнарынан еркін, әрі табиғи нәр алған ағартушы ақын Шығыс пен Батыс
әдебиетінен де мол сусындап, өзіндік әдеби әлемін қалыптастырады.
А.Байтұрсын ұлы шығармаларының жалпы қазақ поэзиясына, оның ішінде
ХХ ғасыр басындағы әдебиетке қосқан ү лесі мен ерекшеліктерінің бірі – кейінгі
уақытта көптеген ғалымдардың
зерттеу нысанына айналған мысал жанры.
Ахмет Байтұрсынұлын араб әдебиетімен байланыстыратын әдебиеттің арналы
саласы да – мысал. Ақынның осы бағытта қалам тартқан шығармаларының
жинағы – “Қырық мысал”. Автордың “Маса” жинағына да мысалдар енген.
Жинақ 1909 жылы жарық көрді. 1913 жылы Орынборда, 1922 жылы Қазанда
қайта басылып шыққан. Ақын қалам тартқан әдебиеттің бұл арналы саласы
қазақ әдебиеті тарихында кең өріс алып, көкжиегін кеңейт кен тұсы да осы
уақыт.
Көрнекті ғалым З.Ахметов: “...Әдебиет теориясының мақсаты нақтылы
көркем шығармаларға толық талдау жасау емес. Оның міндеті – сондай талдау
жасауға негіз боларлық ой-түйіндер, байлам -тұжырымдарды ғылыми жүйеге
салып, айқындап беру”, – деп атап көрсеткендей, ақын мысалдарының


82
генезисін анықтап, араб әдебиетіне қатысты туындыларын зерделеуді мақсат
етеміз [128, 7 б.].
Мысал жанрының тарихы мен оның сюжеті И.А.Крыловтан басталып,
И.А.Крыловпен аяқталмайтыны даусыз . Тамырын Эзоптан, “Панчатантрадан”
алатын оның табиғаты, болмысы, негізінен ұқсас сюжеттерге құрыла отырып,
әр халықтың өзінің дүниетанымына, қаламгерлердің шеберлігіне, рухани
байлығына қарай өзгеше түр , реңк, сипат ала бой түзейді және сол елдің әдеби
қорынан орын алады. Мәселен, В.Г.Белинский И.А.Крылов мысалдарын
саралай келе, оның прозалық, поэзиялық ерекшеліктеріне тоқталып, оның
халықаралық сюжетке құрылған мысалдарының бәрін төл шығармасы деп
танитынын айтады [129, 716 б.]. Сол секілді Абайдан бастап, барлық мысал
жанрына қалам тартқан қазақ мысалшыларының да жазған шығармаларын төл
туынды деп тану керектігін және оларды аударма емес, төл шығарма деп
есептеу лайықты болатынын зерттеуші ғалымдардың бірсыпырасы айтқан
болатын.
А.Байтұрсынұлының
шығармашылығы 
мен
қайратке рлігі жайында
көптеген ғалымдар әр түрлі қырынан ғылыми тұрғыда зерделеп, зерттеу
еңбектері мен мақалаларын жариялады . Ақынның араб тіліндегі “Калила мен
Димна” кітабынан алынған сюжеттердің желісімен жазылған мысалдарын көп
уақыт бойы И.Крыловтан аударылды деген пікірдің үстем болып келгені аян.
А.Байтұрсыновтың мысалдарын саралай келе, оның көптеген мысалдарының
түп-төркіні араб әдебиетіне барып тірелетінін пайымдадық Мұндай құнды
пікірді Абайдың мысал өлеңдерін зерделеген, академик З. Ахметов “Абай
мысалшыл ақын”
атты мақаласында Абайдың мысал
өлеңдері
Крылов
шығармаларынан аударылды саналып жүргенінің жаңсақтығын, шын мәнінде ,
Абай мысалдарының аударма емес, көбіне белгілі бір сюжетке
еркін
баяндалатынын, қазақ өміріне, ұғым түсінігіне, ойла у, сөйлеу ерекшелігіне
жанастырып, өзінше бейнелеуге ұмтылғанын айтады [130]. Осындай ойды ХХ
ғасыр басындағы қазақ зиялыларының көсемдерінің бірі, араб графикасына
негізделген қазақ әліпбиін түзуші А.Байтұрсын ұлының әлем әдебиетіне ортақ
сюжетке жазған туындылары жайында да айтуға болады.
Мәселен, ақынның “Аңдарға келген індет”, “Арыстан, Киік һәм Түлкі”,
“Қартайған арыстан”, “Кісі мен аю”, “Есек пен үкі”, “Емен мен қамыс” және т.б.
мысалдарының түп төркіні “Калила мен Димнаға” барып тіреледі.
Өлең
жолдарының
саны
мен ондағы айтылған жаңа ойлардың арасындағы
айырмашылықтар Байтұрсын ұлы мысалдарын аударма деп айтуға күмән
келтіреді. Сонымен қатар, оның туындыларының түпнұсқадағы мәтінімен
салыстыра сараланып, 2003 жылы жарық көрген бес томдық шығармалар
жинағының І томының алғы сөзінде әдебиетші ғалым А.Ісімақова мәтіндерден
“И.Крыловтан аударылды” деген түсініктеменің кездеспегенін мәлімдейді [131,
14 б.]. Ғалым А.Байтұрсынұлының “Қырық мысал ды” жазуына И.А.Крылов
мысалдарының
ықпалының
болғанын 
жоққа 
шығармайды 
және
екі
мысалшының да ортақ сюжетке жазған мысалдарының көлемі жағынан болсын,


83
көркемдігі мен оқиғаны баяндау шеберлігі
қырынан болсын
үлкен
айырмашылық барын баса айтады [ 50, 139 б.].
Академик Р.Нұрғалиев “Ақ жол” жинағын ың алғы сөзінде Ахмет
Байтұрсынұлы шығармашылығындағы мысалдарды И.Крылов мысалдарының
түпнұсқасымен салыстыра келіп, И.Крыловтың он жолдық “Шымшық пен
Көгершін” мысалы – Ахмет Байтұрсын ұлы аудармасында отыз екі жолдан
тұратын жаңа шығарма, “Өгіз бен Бақа” орысшада – 17, қазақшада – 36 жол,
“Қасқыр мен Тырна” орысшада – 19, қазақшада – 76 жол, “Арыстан, Киік һәм
Түлкі” орысшада – 35, қазақшада – 56 жол, “Қасқыр мен қозы” орысшада – 37,
қазақшада – 68 жол, “Ағаш” орысшада – 31, қазақшада – 56 жол екендігін
талдап көрсетеді [101, 7 б.]. Сондай-ақ, қазақ ақынын дәстүрлі оқиғалар мен
қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа ұлттық төл
туынды жасағанын анықтайды. Біздің пікірімізді А.Байтұрсын ұлы мысалдарын
теориялық тұрғыдан арнайы зерделеген Т.Шаңбаевтың өз зерттеу жұмысы нда
айтқан ғылыми тұжырымдары да нақтылай түседі [132, 34 б.].
Мысалдың өзіне тән принципті ерекшелігіне сүйене отырып, оның
типологиялық ұқсастығын және мысал жанрына тән элементтердің бірінде көп,
бірінде аз болса да кездесіп, өзара сабақтасып дамитынын байқауға болады.
А.Байтұрсын ұлының “Қырық мысалы” өзінің жаңалығымен, қалыптасқан әдеби
дәстүрді 
жалғастырып,
әдеби 
байланысты 
дамытуымен 
және
қазақ
әдебиетіндегі мысал жанрының деңгейінің көтерілуіне зор үлес қосты. Ақын
мысалдарының көлемінің үлкен болу ын, оның шығармашылығының эпостық
сарыны деп тануға болады. Айталық, “Аңдарға келген індеті” – жүз он жеті жол,
“Есек пен үкісі” – алпыс тоғыз жол, “Қасқыр мен тырнасы” – жетпіс алты жол,
“Емен мен қамысы” алпыс сегіз жол, “Қайыршы мен қыдыры” тоқсан алты жол
және т.б. Аталған мысалдар
И.А.Крыловтың,
тіпті Абайдың
жазған
мысалдарынан да көлемі жағынан үлкен. Мұндағы ерекшелік ортақ сюжетті
сақтай отырып, қазақ дүниетанымы мен заман тынысына сай жаңа ойларды
айту деп ойлаймыз.
А.Байтұрсын ұлы “Аңдарға келген індет” атты мысалында оқиға желісін
терең меңгеріп, оны поэмалық деңгейде баяндайды. Мұнда “Калила мен
Димнадағы” әңгімеге арқау болатын аңдардың, жан -жануарлардың достығы
мен аңқау өгіздің құрбанға шалынуы сөз болады.
Алланың рахметі мол, қары қатты,
Қарғады дерт жіберіп хайуанатты.
Қырылып у жегендей түрлі аңдар,
Һәр жерде төбе-төбе болып жатты. –
деп басталған өлеңде ақын хайуандардың шектен тыс зорлық, зомбылықтары
үшін
Алланың қаһарына
ұшырағанын, содан бәрі де тәубеге келіп,
құлықтарының түзелгенін былайша сипаттайды:


84
Жоғалды ойын -күлкі, сауықтары,
Зор болып аурудан қауыптары.
Қасқырлар қойға тимей, ораза ұстап,
Жай жүрді түлкі жемей тауықтарды [131,75 б.].
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнаған соң, аң патшасы
арыстан жар салып, жұртын жиып: “күнәмыз көп болған соң, Құдайдың
қаһарына іліктік, енді бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша кімеің күнәсі көп
болса, сол жұр үшін жанын құрбандыққа жанын қисын”,
– дейді. Сонда
“Калила мен Димнадағы” жарамсақ Димнаның образы н бұл мысал өлеңде түлкі
қайталайды. Түлкінің жағымпаз, екіжүзділігін ақын мына бір өлең шумағында
шынайы сипаттайды:
Сол шақта Түлкі тұрып сөз айтады,
Патшаға жармасақтап тез айтады.
“Мұныңыз күнә түгіл, ұнаған іс,
Қандай жан мұны күнә деп айта ды!
Және де мен айтайын, тақсыр ханым!
Адамның бұзықтығы жұртқа мәлім.
Қалайша айла тауып, жоямын деп,
Дұшпандық ойлайды һәман бізге залым.
Күнә емес, адам жесең, сауап, тақсыр,
Кімде кім оны жесе, сауап тапсын.
“Нақ соны жеген обал” дегендерге
Сіз үшін мен берейін жауап, тақсыр” [131, 76 б.]
Егер “Калила мен Димнада” Димна өгіздің үстінен арыстанға арыз айтып,
оны өлтіртеді. Ал, біз қарастырып отырған мысалда түлкі ад амның үстінен арыз
айтады. Адамға шамасы жетпегендіктен аңқау ө гізді құрбандыққа шалады.
“Калила мен Димнада” арыстан зорлықшыл, адуын, түлкі жағым паз, қу, өгіз
аңқау жануардың бейнесінде суреттеледі. Мұндай мотивті қазақ ертегілерінен
де кездестіруге болады.
Академик С.Қасқабасов тегі жағынан Шығыстың кітаби мисалда рынан
тараған
қазақтың
мысал ертегілері Шығыс тәмсіліне тән тиектелген
(обрамление) композиция бойынша құрылады деп зерделей отырып, түлкі,
қасқыр секілді ертегі кейіпкерлеріне сипаттама жасайды. Түлкі асқан айлакер,
екіжүзді қу, ал қасқыр , жолбарыс ақылсыз, ашқарақ, зорлықшыл , аю аңғал
кейіпте бейнеленеді [104, Б. 194-197].
Сөйте тұра олар үнемі жеңе де бермей ді, түлкі өзінен әлсіз бөдене, әтештен
алданып, айласын асыра алмаса, қасқыр қозы мен лақтан әлсіз болып шығады.


85
Ахмет Байтұрсынұлы мысал өлеңдерін ің негізгі сарынын “Калила мен
Димна” кітабынан алғанмен оны қазақ халқының өмірімен сабақтастыра,
ұштастыра өзгертіп, ұлттық реңк береді. Кейбір мақтаншақтардың әліне,
шамасына қарамай, қолынан келмеске ұмтылып, ісінетін әрекеттерін әдемі
айшықты ойлармен көркем суреттеп, оны қазақтың “ Әлін білмеген әлек”
мақалымен қорытындылайды.
Бұған мысалшы ақынның “Өгіз бен бақа”
туындысы мысал бола алады. Көлден су ішіп тұрған өгіздің үлкендігін көре
алмаған күншіл бақа,
“Боламын мен де сонау Өгіздей”, – деп,
Жел тартып, ісіп, кеуіп, қарнын керді [131, 43 б.].
Сөйтіп, қарнын шамадан тыс кере берген соң, жұқа қарны шыдамай
жарылып, сол арада әлгі бақа өліп қалады.
Әуелде Құдай өлшеп берген дене,
Қаншама зорланғанмен артылмапты.
Нақыл сөз: “Әлін біл мес әлек” деген,
Осындай әуре болған жаннан қапты [131, 44 б.].
Берілген шумақтан ақынның
мақалды орынды қолданғанын көреміз.
Жалпы, А.Байтұрсынұлы қай өлең кестесінде болсын, тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйінін беретін мақал -мәтелдермен көркем өрнект еп отырады.
Мәселен, “Аңдарға келген індет” атты өлеңінің соңғы шумағын :
Тауыса алман дүние кебін айтып, санап,
Әкім аз іс ететін, әділ қарап.
Залымдар айран ішіп, аман кетіп,
Момындар тұтылып жүр түбін жалап. – [131, 78 б.]
деп қорытындылайд ы. Бұл жерде де “Айран ішкен құтылар, шелек жалаған
тұтылар” деген қазақ мақалымен айтар насихатын сәтті түйіндейді. Сондай-ақ,
“Қасқыр мен мысық” мысалын “Не ексең соны орасың”, “Сары шымшықты”
“Ұялған тек тұрмас”, “Қара бұлтын” “Асыл таста, өнер жаста”, “Шымшық пен
көгершін” өлеңін “Жазмыштан озмыш болмас”, “Адамның басы, Алланың
добы” және басқа да туындыларын осылай қорытып, оларды мысалдағы
айтылар дидактикалық ойға қарай бейім деп, аз сөзбен көп мағына беруге
тырысып отырады.
А.Байтұрсынұлының
мысалд арында 
кейіпкерлердің
характерлерінің
ашылуы өте шебер әрі көркем суреттеледі. Оның үлгісін “Емен мен қамыс”
мысалынан көруге болады.
Бір көлдің Емен айтты Қамысына,


86
Сыбайлас көптен бергі танысына.
“Жаратқан мені Құдай сонша артық,
Мықты, – деп, – жер жарылад дабысыма!
Жалғыз -ақ тең көремін Қафтың тауын,
Дүниеде менің қорқар бар ма жауым.
Қасқайып иілмеймін, бүгілмеймін,
Соқса да қандай қатты құйын, дауыл .
Қорғаймын өзім түгіл, аймағымды,
Болса да қандай аптап, қандай жауын.
Мың сан құс келіп қонсын бұтағыма,
Зәредей көрінбейді маған ауыр. ” –
деп емен өзінің мықтылығымен мақтанып
[131, Б. 44-45], асылық жасап,
қамысқа жаны ашығансып , былай дейді:
Егерде жақын жерде болсаң маған,
Ешкімді жолатпас ем, қорғап саған.
Әуелде сені Құдай жаратқанда
Аслан сенің жайыңды ойламаған.
Осылайша мықтысынып, қамқорсыған емен ді қатты соққан дауылдың
екпіні тамырымен қопарып тастайды. Ал, қашаннан желдің әдісін алған қамыс,
жер бауырлап жатып қалады да дауылдан аман қалады. Ақын бұл мысал
өлеңінде күштімін деп асып, тасқандардың бір күні жазым табытынын астарлап,
тұспалмен суреттейді. Белгілі ғалым Т.Қожакеев: мысалдағы ойды бұлай
тұспалдап айту, идеяны аллегориялық
формада беру ашық
сынаудан
қорыққандық емес, ол айтар ойды өткір де әсерлі етіп жеткізіп берудің тиімді
әдісі, – деп анықтама береді [ 107, 16 б.].
А.Байтұр сынұлының “Емен мен қамыс” мысалы өлеңінің қайнар көзі
“Калила мен Димнада” жатқанын
аңғаруға болады .
Кітаптың арабша
нұсқасындағы мысалда аң патшасы арыстан өгіздің қатты өкірген даусынан
қорқып, ордасынан шы қпай жатып алады. Соны сезген Димна арыстанға келіп,
өзінің өгізге барғанын, онымен тең дәрежеде сөйлескенін, өгіздің д енесінің
үлкендігі болмаса, ешқандай
қорқыныш тудыра алмайтынын айтады.
Арыстанның әлі де болса күмәнданып тұрғанын байқаған Димна:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет