47
Айсұлу мен Күнсұлудың жеңгесі Былқылдақты әмеңгерлік жолмен то қалдан
туған ағасы Барғана алады. Жиені Самсының паралап берген мал, асыл шапан,
алтындарына қызыққан Барғана, Айсұлуды соған бермек болады. Нартайлақтан
басқаны сүймейтін ару бұл ұсынысты қабылдамайды. Осыған ерегіскен Барғана
Айсұлуды бұрын атастырып қой ған Балқыбектің Барлы деген боркемік ұлына
зорлықпен ұзатып жібереді.
“Нартайлақ пен Айсұлу” поэмасында ерекше назар аударатын нәрсе –
махаббат пен діннің қатысы туралы мәселе.
Бұл мәселенің
ақын
шығармаларынан үлкен орын алып, өзіндік сипатымен көрінетін діктен, оның
әрбір туындыда жаңа бір қырынан байқалу жайын зерделеудің ғылыми мәні зор.
Бұл турасында ақынның өзі:
Рас, қазақ кыз алмайды жеті атадан,
Мұны айтқан дінсіз кезде өткен адам.
Қосады немерені шериғатта
Ақтығы Нартайлақтың осы арадан.
Айсұлу күйеуіне көнбей кеткен,
Басы бос қыз есепті сол себептен.
Еркімен ер жеткен қыз байға тиер,
Ондайға жарамайды зорлық еткен, –
дейді [87, Б. 329-330].
Шәкәрім түсінігі бойынша бірін -бірі сүйген немере жандарды шариғат
қосады. Күйеуін менсінбеген қыз шариғат жолымен алғанда басы бос адам, оны
зорлықпен қосуға болмайды. Ал, мұндай шариғат жолын қазақ халқының
қабылдамағаны белгілі. Автордың бұл поэманы жазуына арабтың классикалық
әдебиетінің
ықпалы
болғандығын
және
сол
әдебиеттегі
махаббат
дастандарының желісімен жазған деп айтуымызға болады. “Әдебиет
туралы
толғаныстар” атты кітабында Шәкәрім поэмаларына талдау жасаған ғалым
Ә.Дербісәлин, ақынның бұл шығармасын Шығыстың классикалық әдебиеті мен
шығармашылық байланысының
жемісі деп ұққан абзал, – деп Шәкәрім
“Нартайлақ пен Айсұлу” поэмасын нәзира шылдық дәстүрдің негізінде дүниеге
әкелді деген ғылыми болжамымызды нақтылай түседі [15, 252 б.]. Автор
поэмада араб халқының салт -дәстүрін қазақтың ежелден қалыптасқан әдет -
ғұрпымен ұштастырып, негізгі кейіпкерл ерін өз ортасының салтынан аттап өтіп,
махаббат бостандығына ұмтылдырады. Бұл реттегі ерекше атап өтерлік жайт –
Шәкәрімнің психологиялық талдау шеберлігі. Ақын өз поэмаларын қазақтың
дәстүрлі қара өлең үлгісімен өрнектеген. Әдебиеттегі көптеген көркемдік
тәсілдер Шәкәрім поэмаларында мықтап орнығып, өте шебер қолданылған. Бұл
тұрғыдан алғанда, автордың
адам
портретін жасауын, психол огиялық
мінездемелер беруін, диалог, монолог арқылы кейіпкерлерді даралауын,
жағымсыз кейіпкерлерді сипаттауын, шығарманың сюж еттік,
композициялық
желісін өмір шындығына лайықтап, тартымды түрде құра білуін айтуға болады.
48
Шәкәрімнің образ жасаудағы тәжірибесіне шолу жасағанда, оның бұл мәселеге
өзінің идеялық -эстетикалық принцип тұрғысынан келгенін көруге болады.
“Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек” деп ақынның өзі айтпақшы, Шәкәрімнің
әдеби
мұраларының
халыққа
айтар
астарлы
ойына,
философиялық
тұжырымдарына қарап, расында да оның айтар әнінің өзгеше екенін түсінуге
болады.
Шәкәрім Хафиз шығармаларынан да
“Кел аяқшы қымыз құй”, “Ей,
Достарыңызбен бөлісу: