М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет14/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
treatise16241

ІІ Т А Р А У
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ “КАЛИЛА МЕН ДИМНА” КІТАБЫ
Адамзат баласының әлемді тануы оның
жалпы дүниетанымымен,
болмысымен байланысты болса да, географиялық
жағынан
әр түрлі
қашықтықта орналасқан елдердің әдебиетіндегі жақсылық пен жамандық, ақ
пен қара, махаббат пен зұлымдықты бейнелейтін әдеби кейіпкерлер туралы ой -
пікірлердің, таным-түсініктің ұқсастығы мәселесінде халықтар арасындағы
рухани қарым-қатынастардың рөлі ерекше, ықпалы зор. Орта ғасырда қазақ
жеріне ислам дінімен бірге келген араб мәдениеті мен әдебиеті біздің бүгінгі
ұлттық әдебиетіміздің өсіп -өркендеуіне, көркемдік көкжиегінің кеңеюіне ықпал
етіп, дүниеге деген көзқарас пен талғамның жақындығының нәтижесінде қаз ақ
халқына кеңінен танымал болған Лұқпан хәкім, даңқты патша Һарун Рашид,
қайырымды Атымтай жомарт және Әділетті Наушаруан (Ануширван) секілді
көркем бейнелердің сипатын насихаттады.
Қазақ және араб халықтарының өзара рухани байланысының басты себебі
қазақ жеріне ислам дінінің енуімен де байланысты болғанымен, ел арасында
кеңінен тараған әдеби шығармалардың ішінде дінге қатысы жоқ, өзге де көркем
шығармалар молынан кездеседі. Мұның өзі жоғарыда атап өткеніміздей
халықтардың дүниетанымдық ортақтығы, жақсыл ық пен жамандыққа, ақ пен
қараға деген көзқарасының жақындығынан болса керек. Қазақ ақындарының
шығармаларында 
аталған 
дидактикалық
сарындағы 
кейіпкерлердің
әрқайсысының өмірі мен істеген іс -әрекеттері халыққа адамгершілік, ұлағаттық
сияқты үлгі -өнегеге бағытталған жақсы қасиеттерді уағыздауға қызмет
жасайды. Олардың мұндай бағыттағы өлеңдері мысал жанрын қалыптастырды
деп айтуға болады.
Мысал – қоғамдағы келеңсіздікті, теріс мінез бен барлық жаман
қасиеттерді келемеждейтін, ауыз
әдебиеті мен жазба
әдебиет ке ортақ
аллегориялық формадағы әдеби жанр. Мысал – адамгершілік пен этикаға
негізделген,
өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көлемі шағын , сюжетті
шығарма. Бұл жанрдың қалыптасуы, дамуы мен оның жанрлық ерекшеліктері
жайында көптеген ғалымдар ғылыми теори ялық ойларын ортаға салған
болатын. Солардың ішінде қазақ әдебиеттану ғылымының ірі тұлғасы
А.Байтұрсынұлы мысал жанрының генезисіне, теориясына қатысты зерттеуін
былайша негіздейді: “Жер жүзінде жұрттардың тіліндегі шығармалар бір -біріне
ұқсас келеді. Ондай ұқсас болатын себебі, олар шыққан заманда халықтың
бәрінің, бір атаның қолында өскен балалар сияқты, көргені, өнегесі, үлгісі бір
болған. Ол уақытта қай халық болса, табиғат бауырында болып, табиғат
тауқыметінде тұрып, табиғат қабағына қарап өмір шеккен ...”, – деп халықтың
тарихи даму жағдайындағы санасына байланысты ой қорыта отырып, мысал
жанрының генезисі жайында “...алғашқы адамдар басқа мақұлықтардан ұзап
жарымаған. Олар түрлі т абиғат түрлі тәсілмен тіршілік ететіндікте рін көріп,
олар да адамша ойлайды, сөйлеседі, кеңеседі деп білген... Осыдан барып


61
хайуанаттар жайлы ертегілер шыққан ”, – деп ғылыми құнды тұжырым жасайды
[101, 451-452].
Мысал жанрын ауыз әдебиетіне кіргізе отырып, ертегінің бір түрі деп
есептейтін зерттеушілер де бар. Олардың ішінде белгілі фольклорист Ә.Диваев
мысалды ертегінің бір түрі деп қарастырады.
Көрнекті ғалым , академик
М.Әуезов те “Ертегілер” атты еңбегінде “Мысал жанры – ертегінің бір түрі дей
отырып, оларды екіге бөледі: бірі, жануарларды суреттеу арқылы адамдардың
мінез-құлқын
аллегориялық
формада көрсету. Мұнда адамның
жаман
қасиеттері күлкі етіледі, екіншісі, нақты жануарлардың өздері сипатталатынын
айтады [99, 21 б.]. Сонымен бірге орыс әдебиетінде мысал – “басня” өлең емес,
ол өзі бөлекше жанр. Оның жол өлшемдері, өле ңге тән өзгешеліктей боп
шумаққа да бөлін бейді, қара сөзге бейім келетінін сипаттайды [3, 167 б.].
Ал ғалым Ә.Дербісәлин “Дәстүр және жалғастық” атты ғылыми зерттеу
еңбегінде “Мысал жанры – фольклорлық көне формалардың бірі. Бұл жанр
ежелгі грек әдебиетінде, кейінгі замандарда француз, орыс әдебиеттерінде көп
дамығанымен,
өзінің
табиғаты, тағылымдық
сипаты жағынан Шығыс
әдебиетіне мейлінше жақын дей отырып, В.Белинскийдің мына сөзін келтіреді:
“Мысал поэзиялық тегі жағынан аса жасанды түр. Ол әлі сәбилік д әуірден
арылмаған халықта пайда болуы мүмкін. Сол себепті де оның Отаны – Шығыс”
– деп сараптама жасаса [89, 115 б.], академик С.Қирабаев С.Көбеевтің
шығармаларының идеялық, тақырыптық, көркемдік ерекшеліктерін саралай
келе, мысал жанрының ғибраттық -философиялық қырына ден қояды [103, Б.
43-80].
Академик С.Қасқабасов жануарлар жайындағы ертегілердің бір түрі –
мысал ертегілер (апалог). Бұлардың қайнар көздері

“Панчатантра”,
“Хитопедаша”, “Шукасаптати”, сияқты үнді жинақтары мен Орта Азияға әр
түрлі жолмен келген “Калила мен Димна” және “Тотынама” тәрізді кітаптар, –
деп қазақ мысалының этногенезін ашып көрсетеді [104, 196 б.]. Сонымен қатар
“Сегізбай мен Тышқан қыз”, “Көгершіндер туралы ертегі” секілді ертегілердің
сюжеті “Калила мен Димна” кітабында кездесетінін дәлелдейді.
Қазақ халық ауыз әдебиетінде мысал жазған қаламгерлер көптеп саналады,
олардың жазғандарын жинақтаса, том -том кітап болуы да мүмкін. Т.Еңсегенов
мысал жанрын зерделей отырып, қазақ әдебиетінде мысалдарды жинау ХІХ
ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында басталды деп жорамалдауға болады
деген пікір айтады [105, 20 б.]. Бұл кезде мысал жанры басқа сатиралық
жанрларға
қарағанда 
ерекше 
дамып,
өзіндік 
дербес 
жанр 
ретінде
тақырыптарының көкжиегі кеңейіп, идеялық маңыздылы артады. Орыс
мәдениетінің ықпалы күннен -күнге күшейіп келе жатқанын ерте сезінген өткен
ғасырдың басындағы қазақ оқығандарының дені ұлттық рухани мәдениеттің
мұсылмандық Шығыстың жолымен дамығанын қолдағаны белгілі. Осыған орай
ғасыр басында араб, парсы әдебиетінің үлгілерінің негізінде пайда болған қисса,
дастан, мысал жанрлары қалыптаса бастады.


62
Е.А.Костюхин: “Теорияда мысал жанры тек қана әдебиет жанрының бірі
ретінде қаралмайды, сонымен қатар сөз өнеріндегі ойды берудің өзіндік бір
ерекше формасы ретінде қарастырады” [106, 164 б.]. Т.Қожакеев “Сатиралық
жанрлар” атты еңбегінде қазақ мысалының жанрлық ерекшеліктеріне арнайы
тоқталады [107, Б. 12-51]. Б.Өтетілеуовтің өмірі мен шығармашылық мұрасын
зерттеген ғалым Т.Әбдірахманов мысал жанры туралы маңызды ойларын
ортаға салад ы [108].
С.Н.Нұрышев ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі И.Крылов мысалдарының
аудармаларының пайда болуына дейін қазақ әдебиетінде мысалдың тек туу,
басталу формасы болған. Қазақ халқында оған дейін мысал әлі қалыптаспаған,
маңызы күшті болмаған. Оларды ертег і, анекдоттармен шатастырып келген, –
деп болжайды [109, 12 б.]. Т.Еңсегенов Нұрышовтың бұл пікірін жоққа
шығарады. Ол қазақ мысалының пайда болу тарихын көнеден іздеу керектігін
айтып, Дулат Бабатайұлы мен Шернияз Жарылғасұлының шығармаларындағы
мысалдарды алға тартады. Профессор С.Талжанов қазақ мысал жанрының
тарихы мен әлем әдебиетімен байланысын қарастырады және оны ежелгі Рим
ақыны Федрдің мысал таптық қоғамда пайда болады деген тұжырымымен
шектеледі [94, Б. 124-141].
Б.Ысқақов мысал жанрының алғашқы түрлерін халық ауыз әдебиеттерінен,
атап айтқанда ежелгі үнді, көне парсы, ескі араб ауыз әдебиеттерінен
кездестіруге болатынын айта келіп, алғашқы адамдар жануарлар дүниесімен
тығыз байланысты болғандықтан өздерінің өмірі, іс -әрекеті мен мінез
құлықтарын көбінесе хайуанаттардың мінез -құлықтарымен салыстыра әңгіме
етсе, құлдық қоғамда төменгі тап өкілдері өздерінің ой -пікірлерін ашық айта
алмай, көбінесе мысалдап, тұспалдап қана білдірген. Міне, осыдан келіп, мысал
жанры туған деген болжам жасайды [110, 28 б.].
Қазақ
халқында “бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ” дегендей қай
әлеуметтік топтың адамы болсын, айтар ойын ханға да, биге де тура айтқан.
Бұқар жыраудың Абылай ханға “Төле бидің түйесін баққан құл едің” немесе
Марғасқа жыраудың “Қатағанның хан Тұ рсын, Кім арамды ант ұрсын”,
Махамбеттің хан Жәңгірге “Х ан емессің қасқырсың, қас албасты басқырсың”
деуі сияқты ханның өзіне тіке тайсалмай айта білуінен халқымыздың өрлік
мінезін, ерлік салтын аңғарғандай боламыз. Сондай -ақ, қазақ болмысына,
дүниетанымына астарлай сөйлеу , жанамалай айту да тән екені белгілі. Болған
істі, оқиғаны астарлай жеткізу қазақ ұғымына тән құбылыс. Айталық, кісі
өлімін қазақ ешқашан нақты айтпай -ақ, астарлап отырып жеткізеді; үйдегі адам
санын, бала санын сұрамайды, жас сәби туса, оның ұл не қыз бала екенін де
астарлап сұрап біледі. Демек, ойлаудың, танымның бұл түрі қазақ халқының
ұғым-түсінігінде бұрыннан бар дүние.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет