М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет7/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
“Жер мен көк”, “Құдайым жексенбі күн жер жаратты”, “Миғраж”,
“Пайғамбардың дүниеден өтуі” , “Мұхаммед пен Әбужаһил”, “Хаятбақшы”,
“Әдһам диуана және Ибраһим” және т.б. аңыз дастандары, аңыз өлеңдері мен
риуаяттары, насихат өлеңдері мен мысалдары том-том кітапқа сыярлық.
М.Көпеевтің
шығармашылық
мұрасы кеңестік солақай саясаттың
салдарынан дербестік алғанға дейін, зерттеу нысанына алынбай келді дегенмен
де Б.Кенжебаев, Е.Ысмайлов, Ы.Дүйсенбаев, А.Қыраубаева,
Ш.Сәтбаева,
А.Жақсылықов, Ө.Әбдіманов, С.Сүтжанов, Е.Жүсіпов және т.б. әдебиетші
ғалымдар 
ақын 
шығармаларының
маңыздылығы 
мен 
көркемдік
ерекшеліктеріне, шығыстық тамырына терең үңіліп, жан -жақты ғылыми
пікірлер айтып, зерттеу жасады.
Ақын “Жер мен көк” атты қиссасында Алланың тоқсан тоғыз сипатын,
оның жалғыздығын, атасы да , анасы да болмайтынын айта отырып, Алла
дүниені жаратқанда, әуелі Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) нұрын:
Кім білер әуел-ахыр хақтың сырын,
Нәрсе жоқ бір өзінен басқа бұрын.
Ғаламға өзін заһар қылмақ үшін,
Жаратты Мұхамм едтің әуел нұрын [78, 105 б.].
Содан кейінгі Ғаршы мен Күрсіні, сегіз жұмақ пен төрт періштені және жеті
тозақты, жеті қат көк пен жеті қат жерді жаратқанын былайша баяндайды:
Осылай жаратыпты әуел нұрды,
Жаратқан тәннен бұрын ақыл -ойды
Ерітіп жасыл гауһар сонда ағызып,
Ғаршыны жаратпаққа жарлық қылды.
Жебірейіл, Мекайыл мен жаратты екеу,
Исрафил, Ғазірайіл мен қылып төртеу.
Бірін желге, біреуін суға қойып,
Жұмақ сегіз болғанда тамұқ жетеу [78, Б. 108-109].
М.Көпеевтің “Миғраж ” дастанының да түп негізі Ислам дініне, Құран
кәрімге барып тіреледі. Ақынның бұл дастаны Құранның он жетінші Исра
сүресіні ң бірінші аятында сөз болатын миғраж оқиғасының тафсирі іспетті [ 79,
282 б.]. Ондағы: “Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен б астаймын.
Құлын (Мұхаммед с.ғ.с -ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжид
Харамнан біз айналасын мүбарак қылған Месжид Ақсаға апарған Алла, әр түрлі
кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші. (Мұхаммед с.ғ.с. бір түні
Жебірейіл ғ.с. арқылы Бұ раққа мінгізіліп, Месжид Харамнан Месжид Ақсаға
апарылып, ол арадан да көкке шығарылып, бір демде адам баласының өлшеулі
сезімінен тыс дәрежеге ие болып қайтқан “Миғраж” оқиғасы )” деп жазылған


34
бір ғана аятты М.Көпеев жүз жиырма төрт шумақ өлеңмен түсіндір ген.
Бисмилламен басталған дастанда Жәбірейіл періште хақтан келіп:
- Иа, Мұхаммед, Құдайым айтты сәлем!
Жіберді Хилло мен тәж, пырақ саған.
Өзіменен сырласып, мұңдассын деп! – деп,
- Сол достың: “Болсын дейді қонақ маған!” –
деген Алла тағаланың
бұйрығын жеткізеді
[78, 147 б.]. Осыдан кейін
шайтанның Мұхаммедті (с.ғ.с.) азғырған, жолдан тайдырмақ болған әр түрлі
әрекеттерін ақын өте көркем суреттейді. Мысалы,
Алдыма менің келіп пырақ түсті,
– Мінем! – дедім, шегініп, бойын қысты.
Жәбірейіл: – Жай тұр! – деді, тұрды міндім,
Жөнелді алып мені құстай ұшты.
Сол жерге көзі түскен басар аяқ,
Оңымнан дауыс шықты жақын таяп.
Солымнан бір шыңғырған дауыс шықты,
Қайрылмай өтіп кеттім қайрылмай -ақ.
Алдымнан жетіп келді бір келіншек:
– Жібермес едік, – дейді, – сені білсек.
– Шаршайсың, бұл жолменен жүрме! – дейді,
Болмадым, тілін алмай, мен еріншек. –
деп оның сөзін тыңдамай, Жәбірейілге еріп жүре бердім, Бисмилләнің мим
әрпіне жетер жетпес уақытта Ақса мешітіне жетіп келдік дейді [78, 147 б.].
Ақын бұл өлең жолдарында пырақтың жүйріктігін бір сөздің екінші буынын
айтып үлгірмей-ақ, сонша жерге жетіп барғанын адамның ой сезіміне тез әсер
ету үшін әдеби көркемдегіш құралдың әсірелеу түрін өте орынды қолданған.
М.Көпеев Ислам дініне, Мұхаммед (с.ғ .с.) пайғамбарға, Әзірет Әліге және
Ислам парыздары мен шариғат мәселелеріне арналған дастандары мен
өлеңдерінен бөлек шығыстық сюжетке құрылған “Гүлшат-Шеризат” қиссасын
жазады. Ақын бұл қиссаның тілі мен құрылымын түрлендіріп, өзіндік стильмен
жырдың қаз ақша нұсқасын жасайды. Шығармадағы Бағдат, Шынмашын сияқты
қала атаулары өзгертілмей сол қалпында сөз болады. Жырға арыстан асыраған
Шеризаттың Шынмашын елінің патшасының қызы Гүлшатқа ғашық болып,
екеуінің бір-біріне деген сүйіспеншілік сезімдері арқау бо лады. Ақын
Шеризаттың Гүлшатты алғаш көрген сәттегі назарын аударған сұлулық
сипатын былайша суреттейді:
Гүлшат сынды қаракөз,
Қалам қасты, нұрлы жүз.


35
Ақ бетіне пар келмес,
Сарт тоқыған аппақ бөз.
Ұзын бойлы, қыпша бел,
Тал бойында бір мін жоқ.
Шыны айнаның көзіндей,
Түзу ағаш құрған тез.
М.Көпеевтің сұлу қыздың ару келбетін бұлайша бейнелеу стилі қазақ лиро -
эпостық жырларының мәнеріне ұқсайды. Сонымен бірге ғалым А.Қыраубаева:
“Жырды қазақ әдебиетінің дәстүріне жақындататын тағы б ір тұсы – сұлуды
алтайы қызыл түлкіге, жігітті аңшыға, тоят іздеген бүркітке салыстыра айтатын
мынадай жерлері деп атап көрсетеді” [80, 87 б.].
Атқан аңым шарбаққа кетті кіріп,
Кіре алмадым соңынан мен де еріп.
Керек деген нәрсеңді алшы менен,
Қансыраған аңымды алып беріп.
Бұл сөзге Шеризат бала мойын бұрған,
Гүлшатқа ғашық болып көңілі тынған.
Бағбанмен өрге жүріп келе жатты,
Ақсұңқар құтыла ма жайған тордан.
Бұл жырдың араб әдебиетімен сабақтастыратын қыры – Гүлшаттың “Мың
бір түндегі” Шаһризада сияқты Шеризатқа қисса айтып беру мотиві. Қисса
мазмұны бойынша Шеризат пен Гүлшаттың арасындағы махаб баттан, олардың
кездесіп жүргенін естіген патша, Шеріні ұстап әкелу үшін екі дәу бастаған
әскерін жібереді. Батыр Шері олардың бәрін жеңіп, қырғын таптырады.
Батырдың қаһарынан қорыққан патша оның аяғына жығылып , кешірім сұрайды.
Бірақ Шеризат патшаны өлтірмек болғанда, Гүлшат ара түсіп батырдан сауға
сұрайды. Шеризат сонда сұлуға көңілді көтеретін қисса айтып берсең,
кешіремін деп шарт қояды. Гүлшат Мәһи Мәнзал сұлудың басынан кешкен
оқиғаларын әңгімелеп береді. Айтылған қиссадағы ғибратты істер мен өнегелі
өсиеттерді
үлгі ете отырып,
әділдік, мейірімділік пен
адамгершілікті
насихаттайтын дидактикалық ертегі айту мәнеріндегі патша мен Ш аһризаданың
арасындағы диалогтай өрбитінін зерделер болсақ, оның “Мың бір түн”
ертегісінің желісіне ұқсатуға, байланыстыруға болады.
М.Көпеевтің “Мың бір түн” ертегісінің және басқа да аңыз әңгімелерінің
желісімен жазған шығармаларының көпшілігі мысал е ртегіге айналып кеткен.
Олардың көбісін кезінде “Дала уалаятының газетінде”, “Айқап” журналында
жариялап, бастырып шығарады. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің сюжеті қызық,
заманының жағымсыз адамдарын, аңқауларды, арамзаларды , алаяқтарды
әшкерелейтін “Шайтанның саудасы”, “Аңқау адам туралы”, “Ұқпасқа айтқан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет