27
қазақ әдебиеті тарихында “кітаби ақындар” деп аталып жүр”, – деген пікірді
алға тартады [73, 325 б.].
Біздің ойымызша, ұлы Абай негізін қалаған жазба әдебиетті дамытушы
ақындар: Жүсіпбек Шайхысламов, Ақылбек Сабалұлы,
Шәді Жәңгіров, Ораз
молда, Молда Мұса, Мұсабек Байзақов, Ақмолла Мұхамедияров, Мақыш
Қалтаев, Нұржан Наушабаев,
Әріп
Тәңірберге нов,
Әсет Найманбаев,
Тұрмағамбет Ізтілеуов, және т.б. қазақ әдебиетін жанрлық, тақырыптық
тұрғыдан байыта отырып, жәдидшілдік
идеясын уағыздайтын, халықтың
мақсаты мен мүддесін көрсететін шығармаларды дүниеге әкелді. Осы
ақындардың барлығының да шығармала рында халықты ислам діні негізінде
ғылым-білім жинауға, сауат ашып, ақысын бөтенге жегізбеуге шақырады.
Аталған ақындардың ішінен Ә.Тәңірбергеновтің мынадай өлең жолдарын
мысалға келтіруге болады:
«Күннен де білім жарық» деген мақал,
Соқыр кісі болмайды к өздімен тең.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының көштен
қалмауын ойлаған ұлт жанашырлары қазақ балаларының болашағы үшін ескі
түсініктен арылып, халқымыз ұстанған дәстүрлі дін Ислам негізінде ғылым мен
техниканы
үйренуге шақырды . Көздеген мақсатқа жету
үшін
ұлттық
характерімізге негізделген жаңа оқыту әдістерін іздей бастады.
Сондай
бағыттың бірегейі жәдидшілдік еді.
Бұл ақындар дың шығармашылығын саралай отырып, профессор Ө.
Күмісбаев оларды “кітабилық” сатыда қал ып қоймай, өзіндік көр кемдік
ізденістерімен туындыларын жоғары сапаға көтеріле білген және кітаби ақын
деген аясы тарлау терминге тықпалауға болар ма екен деп , бұл ақындардың
өлеңдері мен көркем дастандарын “кітабилық ” деңгейден
анағұрлым жоғары
екенін айтып өтеді [42, 58 б.].
Аталған ақындардың ішінде айрықша танымал болғандары :
Жүсіпбек
Шайхысламов -
“Жүсіп-Зылиха”, “Шәкір-Шәкірат”, “Сал-сал”, “Зарқұм”,
“Мұңлық-Зарлық”, “Дариға қыз”, “Кербаланың шөлінде”; Шәді Жәңгіров -
“
Қисса қырық уәзір”, “Атымтай хикаясы”, “Қамар у-з-заман”, “Назым сияр
Шариф”; “Ғашық уа мағшуқ”, “Орақ -Күлше хикаясы”; Әсет Найманбаев -
Достарыңызбен бөлісу: