М. Б. Салқынбаев қазақ және араб әдебиеті (Типология, генезис және аударма мәселелері) ОҚУ ҚҰралы астана



Pdf көрінісі
бет5/39
Дата17.05.2023
өлшемі1,08 Mb.
#94093
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
“Ағаш ат”, “Үш жетім қыз”; Әріп Тәңірбергенов - “Зияда-Шамұрат”,
“Қожа Ғафан”, “Таһир”; Кете Жүсіп Ешниязов - “Сұрмерген”, “Шаһзада”,
Қарасақал Ерімбет
“Садуақас сақи”, “Атымтай хикаясы”; Ақылбек
Сабалұлы - “Бозжігіт”, “Мағшұқнама”, “Нұрбатыр”, “Қисса Қаһарман” ;
Мұсабек Байзақов - “Ұры мен жолбарыс”, “Опасыз жар”, “Сұлу әйел мен
молда”, Тұрмағамбет Ізтілеуов - “Лұқман хәкім”, “Р ауа Бану”, “Тұтқын қыз”,
“Ата мен бала”, Шораяқтың Омары - “Мағауия”, “Һақ Сүлеймен”, “Әбу
Шаһима” және т.б.


28
Бұл шайырлар мұсылмандық
жолды берік
ұстанып, ислам дінін
насихаттауды 
мақсат 
тұтқандықтан, 
олардың
шығармалары 
кейбір
зерттеушілер тарапынан сынға да ұшырайды. Әйтсе де, бір ескерер лік жайт
зерттеушілердің кеңестік саясат пен коммунистік идеологияның ықпалымен
осылай жазуға мәжбүр болғанын аңғару қиын емес.
Мұсылмандық
Шығыс
әдебиетінің
классикалық 
үлгілерін
қазақ
топырағында өзіндік мәнермен дамытқан ақындардың бұл шоғырын тану,
бағал ау туралы шығыстанушы ғалым Ө.Күмісбаев былайша ой қорытады:
“Қазақтың ауыз әдебиетінде де, кейінгі жазба әдебиетінде де Шығыс
әдебиетінің әсері айқын көрінеді. Сол тұстағы “кітаби ақындар” деп жүрген
ақын-жазушыларымыз осы орайда көп қызмет атқарды. Олар қазақ әдебиетін
азды-көпті еңбектерімен байытып ілгерілетуге ат салысты” [74, 208 б.].
Жоғарыда аталған
ақындардың шығармаларында бір ақын
жырлаған
тақырыпты басқа ақынның қайталап әңгімелеп, тың дастандарды дүниеге әкелу
дәстүрі ежелден келе жатқан өлең шумақтарын пайдалану және олардың
жырларындағы сюжеттік ұқсастықтардың ұшырасатындығын байқауға болады.
Айталық,
Ақылбек 
Сабалұлының 
1911
жылы
жарияланған
“Мағшұқнамасындағы”:
Көргенде дидарыңды іш қайнайды,
Екі алма кеудеңізде қисаймайды.
Бетіне бір жалт етіп қарағанда,
Аласыз қара көзі нұр жайнайды. –
деген өлең жолдарының алғашқы екі жолын Абайдың сөздері екендігін және
“Нұрбатыр”, “Қисса Қаһарман” сияқты жырларында да осындай ұқсастықтарды
байқауға болады.
Осындай ерекшеліктерді басқа да кітаби ақындардың
шығармаларынан кездестіруге болады.
Қазақ әдебиеті мен Шығыс әдебиетінің байланысын зерделей отырып,
көрнекті ғалымдар М.Бөжеев пен З.Ахметов кітаби ақындардың қаламынан
шыққан шығыстық сарындағы қисса -дастандардың мазмұны мен көркемдік
ерекшеліктеріне қарай оларды үш топқа бөледі [75, 540 б.].
Бірінші топқа дінді уағыздап, исламның қағидаларын насихаттайтын “ Сал-
сал”, “Зарқұм”, “Сейітбаттал” сияқты шығармаларды жатқызады. Бұл топқа
енетін шығармаларды кешегі кеңестік кезең саясатының әсеріме н идеялық
құны төмен, кертартпа, діни фанатизмге тән сарындарға толы әрі көркемдік
жағынан солғын туындылар деп сипатталған.
Екінші – көршілес елдер мен басқа Шығыс халықтарының ежелгі аңыз -
әңгімелері: “Шаһмаран”, “Қисса Сейфулмәлік”,
“Абулхарис”, “Шәкір-
Шәкірат”, “Мың бір түн”, “Ләйлі -Мәжнүн”, “Таһир -Зуһра”, “Фархат-
Шырын” сияқты шығармалар. Бұл туындылардың ана тілімізде сөйлеуі қазақ
халқы мен Шығыс елдерінің арасындағы мәдени қарым -қатынастардың
нәтижесі ретінде сипатталып, халықтық негізі бар, елдің талап-тілегінен, арман-


29
мүддесінен туындаған әрі өн бойына ғибратты сөздер мен көркемдік -
эстетикалық жетістіктерді дарыта білген, тарихи мәні зор шығармалар екендігі
көрсетіледі.
Үшінші топқа шығыстық сюжетке құрылғанымен қазақ әдебиетіне сіңісіп,
ұлттық х арактерімізге негізделген төл шығармаға айналған туындыларды
жатқызады. Мұндай сарындағы шығармаларға: “ Мұңлық -Зарлық”, “Бозжігіт
секілді оқиғаны баяндау ерекшелігі өзгерген , қазақ әдебиетінің төлтумасы
болып кеткен жырларды топтайды. Бұлай саралағанда ес керетін бір нәрсе осы
топқа ана жыр, мына топқа мына жыр жатады деп бөлудің қиындығы
да
назардан тыс қалмайды.
Сондай-ақ қазақ даласында кең тараған Шығыстың әдеби нұсқаларын
зерделей отырып, “Діни қиссалар мен аңыздардың ислам дінін халыққа
насихаттау мақсатында дүниеге келенін, ал “Бозжігіт”, “Шәкір -Шәкірат”,
“Ләйлі-Мәжнүн” және т.б. жырлардың елді адамгершілік пен ізгілікке,
қайырымдылық пен сүйіспеншілікке шақыру ниетінен туғанын” айтады .
Сонымен 
бірге, 
шығыстық
дастандарға 
іргелі 
зер ттеу жасаған
әдебиеттанушы Б.Әзібаева да шығыстық дастандардың қалыптасу тарихын
саралай отырып, оларды сюжеттік, жанрлық тұрғыда зерделейді және
Шығыстың романдық дастандарының қазақ әдебиетіне тигізген ықпалының
екіжақтылығына назар аударады [76, 9 б.]. Бірін классикалық дастандардың
ұлттық нұсқаларының жасалуы мен таралуы десе, екіншісін, қазақтың төлтума
дастандарының қалыптасуына негіз болуы, – деп орынды атап көрсетеді.
Шығыстық қисса -дастандарды
әр түрлі белгілеріне
қарап жіктеп,
жүйелеуде белгілі ғалымдар А.Қырауб аева мен Ө.Күмісбаевтың да еңбектерін
ерекше атап өту керек.
Қазақы салт-дәстүрлердің шығыстан енген жырлардың сонарынан көрініс
табуы, олардың түпнұсқадан бірте -бірте алыстап, ұлттық сипат ала бастағаны
деп
ұғуға болады. Мысалы,
Ақылбек Сабалұлы жырлаған
“Бозжігіт”
дастанында кездесетін қазақ салтына тән, “жар-жар” айту үлгісінің көрініс
беруін мына үзіндіден көруге болады:
Әлһамду сүре Құранның
Басында тұр жар-жар!
Пайғамбарлар Алланың
Қасында тұр жар -жар!
Бірі меруерт, бірі маржан,
Тізіліп тұр, жар -жар!
Бірің – хан дүр, бірің – ханша,
Жар болыпсыз жар-жар! [77, 37 б.].
А.Сабалұлы жырлаған қисса, дастандардың ө лең құрылысында да бір
ізділік байқалмайды. Мәселен, сөз болып отырған дастан ның мына үзіндісіндегі
алғашқы шумақта аааб болып шығыстың дәстүрлі ұйқасының негізі сақталса,


30
Сұлу қыз, налыма бекер
Тәңірден рахмет күтер,
Мұратқа бір күн жетер,
Сабыр қылсаң керек -ті! [77, 22 б.]
Түсінде қыз осылай ғайып болды,
Жігіттің көкірегіне қайғы толды.
Бақсы менен балгерден дәрмен таппай,
Боп-боз боп Бозжігіттің жүзі солды [77, 23 б.].
Берілген мысалдағы екінші шумақтан ааба болып, қазақтың дәстүрлі қара
өлең ұйқасына түсіп кет кенін көруге болады . Кейде абаб болып ұйқасып та
кететін тұстары көрініс бере ді. Оны қыздың берген мы на жауап өлеңінен
көруге болады:
Ғапылмысың, жігітім,
Жігіт бүйтіп жатар ма?
Жортуылсыз күні -түн,
Ер олжаға бата ма?
Қазақ дастандарына терең талдау жасаған ғалым Б.Әзібаева қазақ арасында
тараған дастандардың екі формасын ашып көрсете келе, “Бозжігіт”, “Назымбек
пен
Күлше”, “Жаскелең”, “Бозаман” секілді дастандарда шығыстық
дастандардағы образдар жүйесін, сюжеттік құрылымдар мен фабуланы және
мотивтерді пайдалану үрдісі сақталып, қазақ топырағында қайта жырлануы мен
әр түрлі деңгейде өңделуіне қарамастан, бұл шығарма ларды ұлттық нұсқа
ретінде қарастыруға болады деп тұшымды тұжырым жасайды [76, 9 б.].
Мұндай араласып жүретін өлең ұйқастарының қиссаларда мүлде өзгеріп,
тек қара өлең құрлысының негізінде өрілгенін көруге болады. Мұндай ғылыми
тұжырымды белгілі ғалым М. Бөжеев пен академик З.Ахметов те қазақ әдебиеті
мен Шығыс әдебиетінің байланысын зерделей отырып атап өткен болатын [75,
543 б.]. Онда “Жүсіп-Зылиханың” татар әдебиетіндегі нұсқасында алғашқы үш
жолдың


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет