аааб болып, шығыстық қалпын сақтағандығын, ал қазақ
тіліндегі
нұсқасында ааба түріндегі қазақтың қара өлең ұйқасына өзгеруін шығармадағы
шығыстық сарынның бәсеңдеп солғын тартуы деп зерделейді.
Кітаби
ақындардың
жазған
ж ырларында
шығарманы
айшықтап,
көркемдігін әйгілеп тұратын троп түрлерінің көркем қолдан ылғанын зерделей
отырып, олардың ақындық өре лерінің биік екенін көреміз. Айталық,
Нұр жүзіңді жүзіктей,
Боз қыраудай үсітпей,
Зылиха мен Жүсіптей,
Сабыр қылсаң керекті! –
31
деген жыр жолдарында А.Сабалұлы Қарашаштың сұлу келбетін жүзік пен
салыстыра суреттеу арқылы теңеудің тамаша үлгісін көрсет се [77, 22 б.],
Біз дарияның гауһары,
Біз теңіздің жауһары,
Алтын, күміс армандап,
Бізді іздесең табарсың. –
деп келетін қыздың жігітке берген жауабында өзін дария мен теңіз түбінде ғана
болатын, оңайлықпен қолға түспейтін “дарияның гауһары”, “теңіздің жауһары”
сияқты оңайлықпен
қолға түспейтін
інжу-маржанға тікелей балаған
Қарашашты керемет метафорамен сипаттаған [77, 23 б.]. Сондай-ақ,
Сен бір сурет назырсың,
Өлеңімсің – назымсың,
Ойымдағы армансың,
Қыста аңсаған жазымсың. –
деген шумақта да “назырсың”, “назымсың” секілді сөз қолданыстары автордың
ақындық шеберлігін көрсететін метафораның әдемі үлгісі деуге болар еді [75,
24 б.]. Осындай жыр-кестедегі сөзбен салынған әдемі ою -өрнектерді басқа
қисса, дастандардан да көруге болады. Мәселен,
“Таһир-Зуһра” қиссасында
Таһирдің патша жарлығы бойынша елден аластатылған кездегі Зуһраға айтқан
назымын мынадай көркем теңеулер арқылы суреттейді.
Ботасынан айрылған,
Түйедей боздап қалд ың сен.
Көп тобынан айрылған,
Құстай шулап қалдың сен [77, 208 б.].
Сонымен қатар , арабтан енген осынау жыр мен қазақтың төл жыры “Қозы
Көрпеш Баян сұлу” жырын сабақтастыратын ортақ мотивтің болуы да тарихи
тамырластықты дәлелдей түскендей. Мәселе н, “Қозы Көрпеш Баян сұлу”
жырында Қозы мен Баянның арасына Қодар килігіп, олардың өліміне себепші
болады және ғашықтардың арасын ана дүниеде де бөліп тұрайын деген оймен
орталарына тікенек болып өсіп шығыпты деген аңыз ел аузында сақталған. Дәл
осындай сарын “Таһир-Зуһра” қиссасында да кездеседі. Онда Таһир мен
Зуһраның арасына тікенектей қадалған Ғараб атты сұм , қыздың сыртынан тон
пішіп өзіндік санап, екі жастың өліміне себепші болады және олар өлгеннен
кейінде араларын тікенек болып бөліп тұрады. Оны мы на өлең шумақтарынан
көруге болады:
32
Тамам жұрт қайтып кетті жиылысып,
Тағдырға қылар шара бар ма десіп.
Қабірінің үстіне Зуһраның,
Жасарып пайда болды ақ гүл өсіп.
Қызыл гүл шықты үстіне Таһир ердің,
Тілеуін әр пенденің тәңірім бердің.
Екі әсем жапырақ шықты екеуіне,
Қарасаң тамашасын осы жердің.
Құдайым құдіретпен мұндай қылдың,
Тікенек үстіне шыққан Ғараб құлдың.
Екі гүл қосылайын дегенінде,
Түседі арасына екі гүлдің [77, Б. 247-248.].
Шығыстық арабтың әдеби үлгілерінің тақырып тық, идеялық, сарындары
жағынан болсын, оқиғаны суреттеу шеберліктері мен көркемдеуіш құралдарды
қолдану ерекшеліктері болсын қазақ халқының ауыз әдебиеті нұсқаларымен
үйлесіп отыратынын байқауға болады. Бұл жырлардың қазақ әдебиетінде қисса,
дастан жанрларының қалыптасуына, дамуына әсер еткені айқын.
Арабтың “Мың бір түн”, “Ләйлі -Мәжнүн”, “Калила мен Димна” секілді
жәдігерлері мен Ислам дінінің пайда болып, әлемге таралуына байланысты
туған әдеби үлгілерінің қазақ тілінде жасалған нұсқаларынан қазақ әдебиетінің
араб әдебиетімен тарихи байланысы н, ежелден келе жатқан терең тамырлы
қарым-қатынасын көруге болады.
Қазақ жазба әдебиетінің араб әдебиетімен байланысын тереңдеткен,
дамытқан тұлғаның бірі – Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Ақынның араб әдебиетінен
ауысқан көш пелі сюжеттердің желісімен жазған қиссалары мен мысалдары,
өлеңдері мол. М.Ж.Көпеев араб мәдениетімен, әдебиетімен терең танысып,
олардың таңдаулы үлгілерін өз шығармаларына арқау еткен.
Еңбектердің
көркемдік -идеялық ерекшеліктері мен кейіпкерді сомдау мәс елелерінде өзара
сабақтастық айқын байқалады.
М.Көпеев Шығыстың
классикалық әдебиетіне, оның
ішінде араб
әдебиетіне Бұхара, Қоқан, Самарқан, Т ашкентте болған кезінде танысып
қанығады . Сол кездері қазақ дала сында Ислам дінінің кең өріс алуына
байланысты көптеген ақындар мен білім алуға ұмтылған адамдар мектеп -
медреселерде сауаттарын ашып, болашақ дүниетанымдарын қалыптастырды.
Мұндай оқу орындарында оқыған шәкірттер тек Ислам шариғат ынан ғана дәріс
алып қоймай, араб, парсы мәдениетінен, классикалық әдебиет інен рухани нәр
алып, әлем әдебиетімен танысты.
Араб халқының негізгі рухани мұрасы Құран кәрім десек, сол қасиетті
кітаптағы оқиға сюжеттері, оның к ейіпкерлері ақын шығармашылығының
өзегіне айналды. М.Көпеевтің шығыстық әдеби үлгілердің сюжетіне жазған
|